Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Бекітемін»

                                                                         «№7Айгөлек бөбекжай –

балабақшасы» МКҚК

                                                                    меңгерушісі------------------------------

Конысова Н.А.

1 мамыр мерекесіне арнлаған

 «1 Мамыр - ынтымақ, бірлік күні»

атты тәрбие сағаты

                                                             Тәрбиешілер:  Бекболова Н.

                                                                                 Толымбекова Д.

                                                                    «Ақбота» ересек тобы

Талғар қаласы, 2023ж.

Күні:
Тақырыбы: «1 Мамыр - ынтымақ, бірлік күні»
Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты  халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ұрандар, қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық костюмдер.

Гимн орындалады.

Тәрбиеші:
Бірлік пен ынтымағы халықтың -
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн! -  дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «1 Мамыр - ынтымақ, бірлік күні» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Мирас:
Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы.
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды.
Жайдары жаз түрге еніп,
Жадыратты жанымды.
Жер-дүние тербеліп,
Дала, қала құлпырды.

Айдай:
Болсын жер мен су да ортақ.
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.

Заңғар:
Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәрімізде баламыз.
Біз Отанда тұрамыз,
Біз мектепке барамыз.

Айару:.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин,
Терезесі тең жатыр.

Алинұр:
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен-бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.

Айзере М:
Достығымыз жарасқан,
Ақпыз, қара, сарымыз.
Қара жер мен көк аспан,
Ортақ дала тауымыз.

Айтөре:
Ортақ жұтар ауамыз,
Ортақ жарық күніміз.
Достық туған анамыз,
Жердің қызы, ұлымыз.

Хормен:
Отан ортақ,
Жер ортақ,
Еңбекпен қостық тағдырды.

Тәрбиеші:
Отаным ордасы ғой игіліктің,
Көңіліне күн орнатқан күлкі жұрттың.
Шаңырағы кң биіктен Отанымның,
Баянды бағы өрлеген әрбір ұлттың! - демекші біздің Республикамызда әр ұлттың өкілдері тұрады. Суреттер көрсетіледі. Сұрақ-жауап алынады.

Би: Орыс биі

Тәрбиеші:
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауыласып жетерміз,
Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз, - дегендей  елімізде бейбітшілік, тыныштық болып, еліміздің егемендігі ұзағынан болсын деп тілейміз.

Ән: «Атамекен»

Тәрбиеші:
Мамыр қандай, шіркін-ай, мамыр қандай!
Айнала жасыл кілем жамылған жай.
Алатауым басына ақ шәлі орап,
Мойнына гүлден алқа тағылғандай.
Мамыр қандай, шіркін-ай құлпырады.
Күй толқын көңіліне жыр тұнады.
Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр,
Секілді адамзаттың ынтымағы.

Би:  «Ақ көгершіндер» Қыздар билейді.

Балалар шығармашылық орталыққа келіп, берілген тапсырмаларды орындайды.
Тапсырма: Қағаздан жасалған ақ көгершіндерді биікке шарға байлап ұшыру. Барлық қатысушылар бірге шығып, қолдан жасаған көгершіндерін ұшырады.

Тәрбиеші: -Осымен мерекелік тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, әр түрлі шарларды алып көңілдері көтеріледі.

Соңында әуе шарларын ұшырады.