Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бекітемін

«№ 7 Айгөлек  бөбекжай -  балабақшасы « МКҚК

                                Менгерушісі: Конысова  Н.А

Ғарыш әлемінде

атты  тәрбие  сағаты

«Аққу» мектепалды  топ

Тәрбиешісі:  Умбетова Б

Талғар, 2023ж.

Тақырыбы:  «Ғарыш  әлемінде»

Максаты: Балаларға Ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту. Сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: белсенді тақта, зымыран суреті,

Әдіс- тәсілдер: жұмбақ шешу, тақпақтар, ойын, сұрақтар.

Шаттық шеңбер:
Сәлем саған жер анам,
Сәлем саған алтын күн.
Сәлеметсіздер ме апайлар,
Сіздерді көргеніме қуанам.

- Осы біздер қандаймыз?                                                                                              

- Талабы биік таудаймыз!                                                                                                                                       

- Біз нені ұнатамыз?                                                                                                 

- Жақсылықты ұнатамыз, Жамандықтан тез қашамыз                                                                 

- Қалай оқимыз?

- Көп оқимыз. Терең оқимыз

- Жанып тұрған шырақпыз. Толқынды су бұлақпыз

- Біз кімбіз?

- Елімізді өркендететін, Қазақ тілін көркемдететін, Бабаларға тағзым ететін, Аналарға бас иетін Елтаңбасымен еңселі, Туымен тұғырлы, Әнұранымен айбатты – Қазақ елінің болашағымыз!

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Кім маған айлардың атын атап береді

-Қазір көктем мезгілінің қай айы?

-Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасыргым келіп тұр.

Жерде болса тұрағым.

Марсқа ұшып тұрамын.( Ғарышкер )

-дұрыс айтасыңдар

Олай болса ,балалар ғарышқа ұшатын адамды кім дейміз?
Балалар ғарышқа не үшін ұшады?
Иә, аспан әлемін, планетаны, жұлдыздарды зерттеу үшін ұшады.
Слайд: аспан әлемі
Ең бірінші болып ғарышқа кім ұшты:
Юри Гагарин (слайд)
Ал қазақ жерлерінен кімдер ұшты?
Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев (слайд).
Ал балалар ғарышқа не арқылы ұшады?
Зымыран қалай ұшады? (слайд )
Балалар сендер қалай ойлайсыңдар ғарышкер ғарышта жүргенде зымыран ішінен шығады ма?
Иә шығады, өйткені олар жұмыстарын жасайды, зерттейді, әр түрлі планетанызерттеп ашық аспанда жүреді.
Слайд ғарыштағы сурет.
Бірақ балалар аспанда ауа жоқ, өте ыстық, ал ғарышкерлерге скафандр деген киім көмектеседі, арнайы ауасы бар, ыстықтан қорғайтын киім.
Балалар ғарышкерлер ғарышта ұзақ жүреді, ал олар қалай тамақтанады, не жейді, от жағып пісіре ме?
Жоқ оларға әдейі арналған зымыранмен тамақ әкелінеді, тамақ оларға жабық түрде, езілген түрде, тіс пастасының қорабы сияқты қорапта беріледі, шай, суда солай әкелінеді, соны сығып жейді. Балалар сендер ғарышкер болғыларың келеме?
Тәрбиеші :.
Білесіңдер ме, ғарышкер болу үшін ең алдымен шынығу керек дейді, енді бәріміз орнымыздан тұрып жаттығу жасап алайық.

Сергіту   сәті :
Әуен арқылы жаттығу жасату.

Ал, екіншіден өте білімді болу керек екен, мен сендердің білімдеріңді тексеремін, ол үшін мынадай ойын ойнаймыз.
Ойын: «Зымыранды құрастыр»
Мына жерде бөліктер бар оны құрастырып шығару үшін бірнеше сұрақтарға жауап беруіміз керек, әр бөліктің артында сұрақтар берілген.

1. Зымыран сөзін буынға бөл.
2 Апта күндерін ата.
3. Бір жылда неше ай бар?

Мінекей зымыран құрастырдық, зымыран дайын, денеміз шынықты, білімімізді тексердік, ал енді ғарышқа ұшамыз, дайынбыз ба?
Ендеше скафандрды үстімізге киейік, зымыранға отырайық (қолмен қозғалыс көрсетеді), балалар жоғарыға ұшу үшін сиқырлы сөз айту керек көзді жұмып.
Бір, екі, үш
Ғарышқа тез ұш.
Слайд аспан әлемі.
Көзімізді ашайық, мінекей балалар біз аспандамыз, енді ән шырқайық.
Ән: «Мен ғарышкер боламын»
Балалар қараңдаршы жұлдыздар қандай көп, әр түрлі планеталар бар, білесіңдер ме аспаннан жерге қарағанда жеріміз доп сияқты дөңгелек, біз сол дөңгелек жерде тұрамыз.
Енді балалар жерге оралайық, ол үшін сиқырлы сөзімізді айтып, көзді жұму керек.
Міне біз жердеміз, осылай ғарышқа ұшады екен.

Сұрақ –жауап арқылы  қортындылау
Балалар сендерге көп рахмет, барлығыңда өте жақсы қатыстыңдар, рақмет

Балаларды  марапаттау.