«Бекітемін»
«№7Айгөлек бөбекжай –
балабақшасы» МКҚК
меңгерушісі------------------------------
Конысова Н.А.
Отан қорғаушылар мерекесіне арналған
«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні»
атты тәрбие сағаты
Тәрбиешілер: Бекболова Н.
Толымбекова Д.
«Ақбота» ересек тобы
Талғар қаласы, 2023 ж.
Күні:
Тақырыбы: «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні»
Мақсаты: Балаларға Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Гимн орындалады.
Тәрбиеші: - Кеш жарық, ардақты әріптестер, кішкентай бүлдіршіндер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.
Армысыздар, ардақты азаматтар,
Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін отбасыға!
Құрметті азаматтар, біздің жігіттер! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Қашанда батыр болуларыңызды тілейміз!
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Балаларға суреттер көрсетіледі. Сұрақтар қойылып, жауаптар алынады.
Ән: «Сәлем саған туған ел» әнін қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші:
Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде!
Би: «Ақ көгершін» «Ақбота» тобының қыздары билейді.
Тәрбиеші:
Мектеп – кеме, ес білімнің ескегін,
Әнге толсын, күйге толсын кештерің,
Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас,
Қол соғады барша достарың!
Ән: «Ел қорғауға әзірміз» Хор.
Тәрбиеші:
Қалыбың адамдықтың бір бұзбадың,
Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың.
Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған,
Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың!
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді
Өмір думан, бақ әкелсін мереке!
Балалар суреттерді бойап, түстерді ретімен пайдалана біледі. Берілген тапсырма бойынша ермексаздан әсемдеп ұшақ жасап шығарады.
Тәрбиеші:
Себездеп алтын ара жан-жағыңнан,
Ту тіккен алаулаған арманыңнан.
Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,
Биіктен биіктерге самға, қыран!
-Құрметті балалар, баршаңызды келе жатқан 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында. Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.
Баршаңызға бақыттың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!
Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,
Жолын қуар солардың жастарымыз.
Абзал жанды ақылгөй ағаларға
Ілтипатпен иілген бастарымыз!