Бекітемін:
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Меңгерушісі: Конысова Н.А
атты ашық тәрбие сағаты
Тәрбиеші: Умбетова Н
«Жас ұлан» мектепалды топ
Талғар, 2023 ж
Тақырыбы: « 9 мамыр жеңіс күні!»
Мақсаты: Балаларға Ұлы Отан соғысының мазмұнын әңгімелеп соғыста ерлік көрсеткен батырлардың ерліктерін, жыл сайын жеңіс күнінің мерейлі мерекесін, Ұлы Отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге батыл да ержүрек болуға үйрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Бүгінгі тәрбие сағатымызда балалар өздерінің өлең жолдарын арнайды.
Кәусар:
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама.
Жеңіс келді әке боп
Елдегі бар балаға
Алихан:
Жеңіс келді ән болып
Келді ауылға сән болып
Жеңіс келді, алақай!
Тоя жейтін нан болып
Әмина:
Әлем бізді ұққан күн
Жауды ініне тыққан күн
Батыр атам алдынан
Әжем күліп шыққан күн
Тәрбиеші: Жеңіс атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.
Ән: «Солдат болам мен ертең»
Тақпақтар:
Мирас: Баламын мен бүгінде
Кіп-кішкентай баламын
Ертең менде өскенде
Ел қорғауға барамын
Жібек: Туған жердің әр тасы
Маған ыстық қашаннан
Бұйраланған аршасы
Қорғайтын –ер боламын!
Алихан: Елін жерін сүйетін
Ертеңі үшін күйетін
Рухы биік ұланбыз
Болашаққа сенетін!
Тәрбиеші: Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді?
-Ә. Молдағұлова. М. Мәметова. Б.Момышұлы, Н. Әбдіров т.б
- Дұрыс айтасыңдар, балалар есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, аналарымызды, тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті. Батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде, ешқашан ұмытпақ емес. Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен қаза тапқан. Кіндік кескен жері, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп жалын кешкен ер –азаматтар әр уақытта естен шықпайды. Бүгін сол жауынгерлер рухына бас иіп, еске алайық. (1 минут үнсіздік)
Тәрбиеші: Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Халқымыздың біртуар ұлы ержүрек қолбасшы, жазушы, батыр, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттері ерлікке толы және патриоттыққа тәрбиелеуде көптеген мақал –мәтелдер қалдырған.
Нұрсултан: Отанда –опасызға орын жоқ
Амира: Ерлік –бірлікте емес жүректе
Әлинұр: Ерлік –тәрбиеден туады
Асима: Үлкенді ізетте
Кішіні күзетте көр
Тәрбиеші: Балалар жер шары балаларының тілегі не?
- Бейбітшілік болсын!
- Соғыс болмасын!
- Достық болсын!
- Адамдар бір –бірімен тату, дос болсын!
- Дұрыс айтасыңдар, балалар барлық жер шарындағы балалардың тілегі осындай екен. Ендеше, балалардың тілегіне би ұсынамыз.
Би: «Катюша» «Вальс»
Тәрбиеші: Отаным еркелеймін енді кімге
Өзіңмен нені болса көрем бірге
Қалайша қабырғама батпас менің
Басына қатер болды төнген күнге – дей отырып келесі өлең жырларына берейін.
Ақерке: Ағалар саптан шықпасын
Аналар қабақ шытпасын
Бақытқа жетіп бар адам
Сәбилер тыныш ұйықтасын
Қазына: Тыныштық! Жаса тыныштық!
Осы сөз бізге тым ыстық
Көркейе берсін еліміз
Көркейе берсін ырыс –құт!
Әлиасқар : Жер бетінде тыныштық
Баянды бақыт адамға
Орнатуға далаға
Сәбилік таза көңілмен
Ант етеміз!
Тәрбиеші: Әрқашан еліміз, тыныш болсын! Күніміз ашық, жарқын, шуақты болсын! –деп «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындаймыз.
