Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бекітемін

«№7 Айгөлек  бөбекжай – балабақшасы» МКҚК

менгерушісі  Конысова Н.А

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойы

мен  тіл мерекесіне арналған «Ана тілі-ұлт  болашағы» атты  ертенгілік

«Жас ұлан « мектепалды  топ

Тәрбиеші:  Умбетова  Н.Б

Талғар, 2022ж

«Ана тілі-ұлт  болашағы» Мақсаты: Балалардың өз еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтап, тіліміздің қадір - қасиетін бойларына өнер арқылы сіңіре білуге үйрету. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат бере отырып, ақын өмірін балаларға үлгі етіп,өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Сәламатсіздер ме, Құрметті  ұстаздар, балалар!

 Бүгінгі « Ана тілі  ұлт болашағы.» атты ертеңгілігімзге  қош келдіңіздер!

Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

 Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет.

Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет.

 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. Қазақ тілін оқыту методикасы  мен  қазақ тілінде дыбыс  негізінде сауаттандыру  әдісінің негізгі іргетасын  қалаушы ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері   Ахмет  Байтұрсынұлының да 150 жылдық   мерей тойы  құтты болсын !

Балалар : Гимн

Тәрбиеші:
Ана тілім - дана тілім, айбарлым,

Сырың терең, тұнығындай қайнардың.

Ана тілім - қасиетім қастерлім,
Бір өзіңнен бақыт нәрін алғанмын,- деп  бес арысымыздың бірі Ахмет Байтұрсынұлы  жырлағандай, халқымыздың өшпес асылы сөнбес шырағы, мол қазынасы, сан ғасыр тарихы бар, қасиетті тіл мен өнеріне арналған

 « Ана тілі- ұлт  болашағы» атты ертеңгілігімізге тағыда қош келдіңіздер !

- Балалар, қандай мерекені атап өткелі жатырмыз.
- Қазақстан Республикасы Тілдер күнін  және  Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойын.
- 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес «22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдер күні» ретінде аталып келеді.
- Қане, балалар осы тіл мерекесіне ән - жыр тақпақтарымызды арнайық.
 
Тәрбиеші: Біздің қоғамға ана тілін ардақтай білетін жас жеткіншіктер керек.

Ән: «Ана тілі» «Жас  ұлан»  тобы

Тәрбиеші:
Тіл мәдениеті үшін күрес - екінші бір тілді мұқату үшін емес, ана тілінің қызмет өрісін кеңейту, оны білім мен тәрбие, таным - түсініктің мықты құралына айналдыру үшін күрес.

                      Бізде берік ұлы достық,
                      Бірлік құрып, тілек қостық.
                      Ұлы мақсат биігінде,
                      Дос жолына жүрек тостық

Тақпақтар :

Амира:                                                                                                                                        

Менің тілім біреу - ақ,
Сөйлейтін де жазатын,
Тауып қойған тілеуі - ақ,
Қазақ деген өз атын
Дариядай пейілі,
Тілі, діні, жыры, да.

 Еркежан:
 Ана тілім - ана күтім, арым менің,
Сәулетім - сая бағым, сәнім менің.
Аспаным өзіңменен арайлап,
Нұрланып атар ылғи таңым менің.

Қасым - Тілім барда мақтанам,
              Тілім менің аппақ ән.
               Бірлінінде бүгінгі,
              Ана тілім сақтаған.

Би : «Мен  қазақпын» 

Сахналық қойылым :Балалар

Нұрсултан –

Әже,әже менің сізге сұрақ қойғым келіп тұр? Осы тіл не үшін керек?
Әже – балам-ау, тіл бір - бірімізбен сөйлесу үшін қажет қой.
Әлиасқар- Жарайды, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлемей ме? Неге ана тілі деп бөлінеді?
Нұрсултан- Себебі, әр елдің өз Отаны өз тілі бар емес пе.
Жібек  - Балалар, сендер бір - біріңмен сөйлескенде қай тілде сөйлесесіңдер?
- Қазақ тілінде, ана тілінде, сөйлесеміз.

- Неге біз өз тілімізді ана тілі дейміз?
- Себебі, бұл тілді анамыздың аузынан естиміз.

Әже - Дұрыс айтасыңдар! Ана тілі дегеніміз, ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал, ана деген - бәрінен де, қастерлі, аяулы да, асыл жан.

Әже сөзі :

Біздің  ұлтымыз қазақ, дініміз мұсылман болады

Біздің  ұлттық тағамдарымыз, ұлттық ойындарымыз бар

 Әже, қандай ұлттық ойын ?

Ой ,балам-ау  ойының түрлері көп.

Мысалы:Асық ату,Ханталапай, қыз қуу,арқан тартыс ойындары ұлтық ойынымыз.т.б

Балалар, әже бізге өзіңіздің жас кезіңізде ойнаған ойын түрін көрсетіңізші.

Әже:

 Жарайды балам.ойнасақ ойнайық.

Ойын : «Қыз қуу»

ӘН : «Анамның  тілі» 
Тақпақтар :

Адина :- Ақыл - ойын дараның
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
Арыстан - Ақыл - ойын дананың
                  Ана тілден аламын
                  Сүйем туған тілімді,
                  Мақсат етем әр сөзін.

Мирас: - Ана тілім - елім,
               Қайсар, қайрат, күнім.
               Ана тілім - менің,
               Баста бақыт құсым.

Би : «Шалқыма»
Тәрбиеші:  

Ана тілі туралы  ақын,қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының мақал – мәтелдерін  айтайық.


Адия -     Ана сүті бой өсіреді,
               Ана тілі ой өсіреді.

Кәусар - Піл көтермейді,

                 Тіл көтереді.

Әдемі -  Ақыл көркі - тіл
               Тіл көркі - сөз.

Әмина-  Өзге тілдің бәрін біл
               Өз тіліңді құрметте.

Әлинұр - Өнер алды - қызыл тіл,
               Тілден биік асқар жоқ
                Тілден терең теңіз жоқ. 

Тақпақтар :

Алихан

Ана тілі біздің туған анамыз,
Анамыздай сынап бағып қағамыз
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің солай болмақ бағамыз.

Алиасқар

Ана тілді білмесем
Шат - шадыман жүрмес ем
Жер бетінде сайраңдап
Қазақ болып жүрмес ем.

Альбина

             Туған тілім - тірлігімнің айғағы
                Тілім барда айтылар сыр ойдағы
                Өссе тілім мен де бірге өсемін
                Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңында» Тіл - ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы - тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің күшеюіне тығыз байланысты» делінген.
Ендеше, Қазіргі қазақ тілі - мемлекетімізді өркендетуге себепші болатын қуатты күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай ұлттық рухта тәрбиелеудің өткір қаруы.Хормен:
Қазақ тілім - ана тілім,
Қастерлейді  ұл – қызың, мәңгі сені !

Тәрбиеші:

Тіл бар жер де, ұлт та, жер де, болмақ. Сондықтан әрқайсысымыз өз ұлтымыздың тілін қадірлейік, ағайын!Тіл - адамның барлық саналы өмірінің құралы өнерлі, білімді, мәдениетті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол.- тіл арқылы үйренеді.

Тіл оның ішінде қазақ тілі де халықтың барлық іс - әрекетінің, қарым - қатынасының құралы болғандықтан оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрқайсымыздың борышымыз дей келе Ахмет Байтұрсынұлының «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.» деген нақыл сөзімен аяқтай келе,Білім алудан, үйренуден, ізденуден еш уақытта жалықпаңдар. Білімді ұрпақ, бәсекеге қабілетті ұрпақ – ұлт келешегі деп,

 Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық  мерей тойының қарсаңында өткізілген  « Ана  тілі -ұлт болашағы» атты  ертеңгілігімізді   аяқтаймыз. Мереке  құтты болсын!

1 .Кіру

2 . Гимн

3.Ән  :  «Ана тілі».  «Жас ұлан»  тобы

4.Тақпақтар  : «Аққу»  тобы

5.Би : «Мен қазақпын»  «Аққу»   тобы

  1. Сахналық қойылым : «Аққу» тобы

7 . Ойын : «Қыз  қуу»

8 .Ән:  «Анамның  тілі»  «Аққу» тобы

  1. Тақпақтар: «Жас ұлан» тобы
  2. Би : «Шалқыма» «Жас ұлан» тобы

11 .Мақал-мәтелдер  «Аққу» мен «Жас ұлан»

  1. Тақпақтар : «Аққу» тобы

13.Хор  .

  1. Соңы.