Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Ана тілі-ұлт болашағы»

Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының өмірі туралы балаларға мәлімет беру. Балаларды елге,тілге деген сүйіспеншілігін,

сыйластық сезімін сақтап,мемлекеттік

рәміздердің бірі ретінде құрметпен қарауға

тәрбиелеу.Өз ана тілін жоғары ұстауға баулу.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: өз тілі туралы ұғынады, тілдің маңызды екенін біледі.
Игереді: Өз тілінде анық еркін сөйлей алуды.
Меңгереді: өз елінің ұлттық құндылықтарын

Залдың іші жарық,мерекеге сай безендірілген.

(Балалардың шығуы)

Әнұран

Жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысыЖангелді ауданы Ақкөл ауылы – 8 желтоқсан 1937Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1]Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Жүргізуші:

Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап-деп Ахмет Байтұрсынұлы атамыз кішкентай балақандарды оқуға шақырған.Біздің ақылды балапандардың тақпақтарына кезек берейік.

Айжұлдыз: Сүйемін туған тілді-анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім,сүйсінгенім,жек көргенім.

Ерали:Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің,теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың,елдігің

Иманғали:Мен қазақтың тілімін,

Мен қазақтың тілімін,

Беретін көп білімім.

Достасатын сендермен

Жаңа пәннің бірімін.

Үйретем тіл заңдарын.

Сөзіме құлақ сал бәрің.

Менімен тез іске асар.

Ойға алған мақсатың.

Жүргізуші:

Қазақ жері -қонақжай төрлер жері ,

Қазақ жері -қасиетті ерлер жері ,

Қазақ жері -көп шеккен қасіретті ,

Қазақ  елі -өнерлі , қасиетті

Келесі  «Жасқанат» тобының «Батырлар»биін тамашалайық

Жүргізуші: Ең алғашқы бақытым- тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Дүниеден кейде мен түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Жүргізуші: Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Айдина:Жүректегі жеткізетін жырымды,

Тілім-қазақ,ұшқын атқан жалыны.

Ақтаратын өлеңім мен сырымды,

Тілім-қазақ,түркілердің сарыны.

Алихан:Қазақ тілім биіксің тұғырың кең,

Алсаңда лайықтысың биіктен шең.

Сан адам сөйлеп жүрсе өз тілінде,

Болмасын өзге тілден ешқашан кем.

Айзере: Ана тілім,Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана,Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығымды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның.

Жүргізуші: Біздің балаларымыз тіл туралы мақалдар да біледі екен. Қане кім айтады?

Алихан: Өнер алды – қызыл тіл

Нұрғали: Тіл жүйріктен де озады.

Айжұлдыз: Сөз тапқанға қолқа жоқ.

Мансұр: Бас кеспек болса да,

Тіл кеспек жоқ.

Ильяс: Көп сөз – көмір,

Аз сөз – алтын.

Айшабибі:Жырласа қазақ, түркімен,
Молдаван,тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.

Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге сырлы ой салар
Әнді сүйсең менше сүй - деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік

«Болашақ» және «Жас Қанат» топтарының балаларының орындауында хор «Біз бақытты баламыз»

Жүргізуші:  Туған тілім тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім,менде бірге өсемін

Өшсе тілім,менде бірге өшемін.

Осымен «Ана-тілі-ұлт болашағы» атты іс-шарамыз аяқталды.Уақыттарыңызды бөліп, тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Бекітемін:
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Меңгеруш:___________Конысова  Н.А.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық

мерейтойы мен тіл мерекесіне арналған

 «Ана тілі-ұлт болашағы» атты ертеңгілік

«Болашақ» және «Жас Қанат» МАД топтары

Тәрбиешілер: Қайрат Н, Тлеубаева Ж

Талғар қаласы,2022жыл