Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Бекітемін»
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Меңгеруші______________Конысова Н.А.

Алтын күз мерекесіне арналған

«Алтын күз, әсем айналам!»

атты ертеңгілік

 Тәрбиешілері: Бейсембаева А.

Байбол А.

«Таңшолпан» ортаңғы тобы

Муз. жетекшісі: Калбаева Б

Талғар, 2022-2023 оқу жылы

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл- күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс-әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой- қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата- аналар қауымымен тығыз қарым- қатынас қалыптастыру.

Барысы: Мерекеге сай безендірілген зал. Әдемі сазды әуен ойнап тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады.

Жүргізуші:Қуандырып біздерді, 

Мерекелді күз келді.

Көп жемісті алтын күз,

Кемелденсін ел енді.

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, балалар! Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзді «берекелі күз», «алтын күз» деп баға береді. «Алтын» дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сары түске боялады,екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын! Әрбір балабақшада осы күз мерекесін атап өту дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып,  «Алтын күз, әсем айналам!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! 

Шоғы толған гүлдей жайнап,

Шақырады жарқын жүз. 

Сайрандаған күліп-ойнап, 

Келді, міне, Алтын күз! 

Жүргізуші: Балалар, мен сендерге кішкентай бір құпиямды ашайын. Мына тұрған әдемі үйшікті көрдіңдер ме, бұл үйде күз ханшайымы тұрады. Қазір ол демалып, ұйықтап жатыр. Ендеше табиғатқа керемет сұлулықты сыйлаған алтын күзімізге арнап әсем ән шырқап берейікші. Сонда ол оянып, осында келер. 

Ән: «Күз келгенде» 

Жүргізуші: Балалар, күзіміз оянбады ғой. Енді не істейміз? Осы сәтте серуендеп жүрген түлкі жақыннан естілген әсем әуенге құлақ салып, лезде жақындай келеді де:                                                                                                                                       

Түлкі: Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, түлкіжан!

Түлкі:  Мен әсем әуенді естіп, асыға жетсем, сендердің көңіл-күйлерің жоқ қой?                                                                                                

Жүргізуші: Біз бүгін «Алтын күз» мерекесін тойлағалы жатырмыз. Осы мерекенің ең басты қонағы күз ханшайымы еді. Бірақ ол тәтті ұйқысынан біздің әсем әнімізгеде оянбады.  Енді не істерімізді білмей отырмыз.

Түлкі: Қазір мен оятып көрейін. (есікті тоқылдатады) 

Аяқтарыммен топылдатайыншы.

Ханшайымым, тәтті ұйқыдан ояншы!

Жүргізуші: Балалар, күз ханшайымы оянар емес. Енді не істейміз? Мүмкін күзге арналған тақпақтарымызды айтып береміз, сонда оянып қалар. Келесі кезекті балалардың тақпақтарына береміз.

Тақпақтар:

Зейн:

Қарашы күз келді, күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Т.Айша

Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

Бекәлі:

Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып-теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз.

А. Айша

Алақай! Алақай!

Шаттанды балақай!

Күз түсті, дән пісті.

Айтамыз алғысты.

Сальсабиль:

Келді, міне, алтын күз,

Айнала сары түс.

Керемет, тамаша,

Қандай әсем күз.

Сайдулла:

Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді.

Жарқыраған сәулелі,

Күз әуені төгілді.

Е. Айша:

Жапырақ ұшты,

Суық та түсті.

Сонда да бізге,

Қызық көп бізге.

Жүргізуші: Тамаша, балалар! Күз туралы көп тақпақтар біледі екенбіз. Бірақ біздің ханшайымымыз оянбай жатыр, енді не істейміз, жолбарыс мырза?

Түлкі: Онда ұлдармен  бір би билеп жіберейік. Сонда оянып қалар.

Би: «Моряк» биі.

 (Осы кезде себетке толы жемістері бар «Күз ханшайымы» ұйқысынан оянып келеді.).

Күз ханшайымы:  

Армысыздар балалар! 

Күзгі бақтағы қонақтар! 

Өздеріңе әкелдім, 

Күздің сыйын көз тартар.

Мен – күз ханшайымымын, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мені оятқандарың дұрыс  болды, әйтпесе қысқа дейін ұйықтап қалар едім.

Жүргізуші: Түлкіжан саған көп-көп рахмет! Сенің көмегіңнің арқасында, балалармен бірігіп, ханшайымымызды оятып алдық. Ханшайым! Мінеки, сенің дидарыңды көріп, біз де қуанып қалдық.

Күз ханшайым: Балалар сендерге өз жемістерімді ала келдім. Балалар көңілімізді көтеріп, бір ойын ойнап алайық.

Ойын: «Жемістерді ажыратамыз»

Шарты: Жемістерді пішініне қарай сипап көру арқылы ажырату. Ортаға 3-4 баланы шығарамыз.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Әрқашан ауламызды таза ұстайық. Тазалық бар жерде біздің де денсаулығымыз мықты болады.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреулер ән салыпты.

Бүгінгі, мерекеге,

Бүлдіршіндер аянбай жан салыпты.- деп, кезекті балаларымыздың тақпақтарына береміз.

Тақпақтар:

Әлинұр:

Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық – ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау.

Айерке:

Алқаптан бидайды,
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатамын күзді мен.

 Калима:

Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.

Рахман:

Көрініп еліме,
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме,
Күз дейтін мереке.

Қасымжомарт:

Жеміс мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт  екен күз деген.

Санжар:

Күз айы тамаша,

Ән айттық жаңаша.

Би билеп бәріміз,

Қуанайық балаша.

Айару:

Жеміс-жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.

Жүргізуші: Ханшайым, біздің сұлу қыздарымыздың сізге арналған керемет биі бар, соны тамашалаңыз.

Би: « Жаңбыр»

Жүргізуші: Бүгін мейрам, бүгін той!

Қуанышты күн біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой - деп, ортаға балаларымыздың тақпақтарына береміз.

Бекнұр:

Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.

Зере:

Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би билейік, ойнайық.

Мансұр:

Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Дария:

Қамба толды астыққа,
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз.

Аслан

Көрініп еліме,
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.

Ахмедияр 

Сары түсті атырабы,
Туған жерге күз енді.
Ағаштардың жапырағы,
Бұтағынан күзелді.

Жүргізуші: Келесі кезекті балаларымыздың әніне береміз.

Ән: «Қолшатыр»

Күз ханшайымы: Балалар, мен сендердің өнерлеріңді тамашаладым.

Рақмет сендерге, менің енді кетуім керек. Келер жылы кездескенше сау болыңдар!  (Күз ханшайымы кетеді).

Жүргізуші: Балалар, бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам!» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

Берекелі бақ- дәулет, 

Арта түссін тойланып. 

Сау болыңдар, балалар, 

Келгенше жыл айналып.