«Бекітемін»
«№7Айгөлек бөбекжай -балабақшасы» МКҚК
Меңгеруші_________________Н.А.Қонысова
Алтын күз мерекесіне арналған
Тақырыбы: «Қош келдің – Алтын күз»
атты ертеңгілік
Тәрбиешілер:Бижанова Ш. Зарерова А.
«Балауса»ересек тобы
Талғар қаласы,2022ж
Тақырыбы: «Қош келдің – Алтын күз!»
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерін таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл –күй орнату .Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс-әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой- қиялдарынының дамуына ықпал ету. Ата-аналар қауымымен тығыз қарым -қатынас қалыптастыру.
Зал мерекеге сай безендірілген.
Жүргізуші Каусар:Құрметті қонақтар және ұстаздар. Бүгінгі «Балауса» тобының дайындаған « Қош келдің -Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер
Жүргізуші: Хамза
Армысыздар халайық ,
Бармысысыздар халайық.
Күзгі тойды жұп жазбай
Келіңдер қарсы алайық.
«Балауса» тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.
Жүргізуші:Хамза
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерді жинауға
Шақырады біздері
«Күз» әні хор.
Балалар қазір қандай мезгіл? Күз.
Ендеше «Күз ханшайымын» шақырайық.
Жүргізуші Каусар: Кезекте балалардың тақпақтарын тыңдайық.
1.Еркеназ
Тоңазып атырап,
Көк жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.
2.Арнат
Алтын,сары,қызыл,көк.
Алуан-алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп.
Көз тартады атырап.
3.Батыр
Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиын теріп болған соң,
Мол өнімді жинаймыз.
4.Каусар
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой,алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
5.Даниял
Күн суытып
Жапырақтар түседі.
Астық-жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды.
Жүргізуші: Хамза
Қыздарымыздың орындауында «Жапырақтар» биі.
Жүргізуші Каусар:
Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын күз. Тақпақтарға кезек берейік
6.Нәби
Түрлі-түсті бояуын,
Жер бетіне кестелеп.
Күз келгенше егінші,
Егін жинар дестелеп.
Нұрсана
Бүрсең қағып жапырақтар,
Көше кезіп,көшіп жатыр.
Тыныш қалған атыраптар,
Аппақ қарды күтіп жатыр.
8.Т.Мариям
Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп.
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.
9.Жігер
Нұрға бөлеп даланы,
Жырға бөлеп көңілді.
Жарқыраған сәулелі,
Алтын-алтын күз келді.
10.Нұрғиса
Алтын-алтын сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Ақ бидайды оратып,
Алақай –ау күн жақын
11.Аруназ
Келді міне күз
Айнала сары түс
Керемет тамаша
Қандай асем күз
Жүргізуші:Каусар
Күздің қазан айында
Алма , алмұрт піседі дей келе «Көрініс»
Аяулым
Көрініс «Көкөністер дауы» тамашалаңыздар.
Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса,
Сәбіз,картоп,пияз,қызанақ.
Қырыққабатқа қарашы!
Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласты.
Қырыққабат: Инсар
Мақтанғаннан не пайда,
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана!
Қияр: Еркеназ
Дәмім тіл үйірген,
Мен тұздалған күйімде.
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Сәбіз: М.Мариям
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
Қызанақ: Т.Мариям
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген.
Пияз: Нұрали
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.
Картоп: Нұрғиса
Мен ұялшақ картоппын,
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді,
Үлкендер мен балалар!
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық.
Көкөністер Аяулым:
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз.
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер!
Жүргізуші:Хамза «Жанбыр» әні хор.тыңдаңыздар.
Жүргізуші: Хамза
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Тақпақтарымызды тыңдайық.
12.Амина
Күздің қазан айында
Алма , алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр -сыбдыр етеді.
13.Дігәрбек
Сап-сары маңай,
Сап –сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
14.Муслим
Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл,жарқын күз,
Сары алтынға малынған.
Жетті міне алтын күз.
- М.Мариям
Алақай,алақай.
Шаттанды балақай,
Күз түсті,дән пісті.
Айтамыз алғысты.
16.Инсар
Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке.
Алтын күзді тойлаймыз.
- Ермуханбет
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Жүргізуші:Каусар «Балауса» тобының жігіттерінің «Тамшылар» биін тамашалайық.
Жүргізуші: «Дәмін тат» ойынын тамашалаңыздар.
Шарты: Тәрелкедегі кесілген жемістердің дәмін татып атын атайсыңдар.
«Балауса» тобының бүлдіршіндерінің «Күзгі сән» көрінісі тамашалаңыздар.
Жүргізуші:Хамза
Құрметті қонақтар бүгінгі «Балауса» тобының балаларының күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
Жүргізушілер: Каусар, Хамза
Қош сау болыңыздар!
