«Бекітемін»
«№7 Айгөлек бөбекжай -балабақшасы» МКҚК
меңгеруші:________________Конысова Н.А
Алтын күз мерекесіне арналған
«Алтын күз, әсем айналам!»

атты ертеңгілік
Тәрбиешілері: Мыркасымова М
Токсеитова А
Ән-әуен жетекшісі: Өмірбайқызы А
«Бөбек» кіші тобы
Талғар, 2022-2023 оқу жылы
Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді ұғындыру. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Барысы: Мерекеге сай безендірілген зал. Әсем әуен ойнап тұрады. Бүлдіршіндер көңілді әуенмен залға кіріп, орындықтарына жайғасады.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар және «Бөбек» тобының бүлдіршіндері! «Алтын күз, әсем айналам!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар, біз бүгін күзгі орманға келдік. Күзгі орманның жапырағы қандай екен? Қане, қарайықшы. Жапырақтары сары, қызғылт, қызыл. Өте әдемі екен! Солай ма, балалар? Ал орманды кім әдемілеп қойғанын білесіңдер ме?
Балалар: Алтын күз әдеміледі.
Жүргізуші: Дұрыс, балалар!
Жүргізуші: Күз мезгілі келіп, күн суытса да, біз көңілімізді түсірмейік. Күз мезгілі тамаша, бізге молшылық, береке әкеледі. Олай болса, балалардың мерекеге арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Тақпақтар:
Фатима:
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп бізге.
Раяна:
Алақай! Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты.
Адия:
Келді, міне, алтын күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
Көңілді әуенмен Саңырауқұлақ кіреді.
Саңырауқұлақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені таныдыңдар ма?
Балалар: Иә, таныдық.
Саңырауқұлақ: Мен сендерді мейрамдарыңмен құттықтауға келдім. Мен ормандағы ең үлкен саңырауқұлақпын. Шын айтамын. Мен сендердің не ойлап отырғандарыңды білемін. Сендер, жаз қайта келсе екен деп отырсыңдар, солай ма?
Балалар: Иә
Саңырауқұлақ: Бірақ жаз қайта оралмайды.
Кенет күн күркірейді. Саңырауқұлақ қорқып кетеді.
Саңырауқұлақ: Бұл не?
Жүргізуші: Күн күркіреп жатыр, жаңбыр жауады.
Саңырауқұлақ: Мен жаңбырды жақсы көремін.
Жүргізуші: Жаңбырды жақсы көрсең, балалардың орындауында «Қолшатыр» әнін қабыл ал!
Ән: «Қолшатыр»
Жүргізуші: Бүгін біз «Алтын күз» мерекесін тойлап жатырмыз. Осы мерекенің ең басты қонағы күз ханшайымы. Олай болса, «Күз ханшайымын» қарсы алайық.
Көңілді әуенмен Күз ханшайымы залға кіреді.
Күз ханшайымы:
Береке, бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын күз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен боламын.
Жүргізуші: Қош келдің, берекелі Алтын күз! Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол! Күз ханшайымына би билеп, берсек қайтеді?
Би: «Жаңбыр»
Күз ханшайымы: Балалар, мен сендердің билеріңді тамашаладым. Енді сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Кім жылдам?»
Шарты: Шашылған жапырақтарды себетке жинау.
Күз ханшайымы: Балалар, мен сендердің өнерлеріңді тамашаладым. Рақмет сендерге, менің енді кетуім керек. Келер жылы кездескенше сау болыңдар! (Күз ханшайымы кетеді).
Жүргізуші: Балалар, бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам!» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Берекелі бақ- дәулет, Арта түссін тойланып. Сау болыңдар, балалар!Келгенше жыл айналып.