Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Бекітемін»

                                              «№7Айгөлек бөбекжай – балабақшасы» МКҚК

                                                               Меңгерушісі_________Конысова Н.А.

8-наурыз мерекесіне арналған 

 «Ана деген тіршіліктің тірегі»

атты ертеңгілік

                                                  Тәрбиеші: Қайрат Назерке.

Музыка жетекшісі:Өмірбайқызы А

                                                                «Болашақ» мектепалды тобы

Талғар қаласы, 2023 ж.

Тақырыбы: «Ана деген тіршіліктің тірегі»

Мақсаты: Балаларға 8 наурыз мерекесі туралы толығымен мәлімет беру.Көктем мезгіліндегі алғашқы мереке туралы түсініктерін кеңейту.Балаларды өнерге баулу.

Тәрбиеші:

Ана десем алғыс алам халқымнан

Ана десем теңіз болам шалқыған

Ана десем ,ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғамын

Біз ғана емес

Қадір тұтқан бабалар

Аналардаң туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар,қасиетті аналар!

Сәлеметсіздер ме!Құрметті,ақ жаулықты әжелер,асыл аналар,қызғалдақтай қадірлі ұстаздар,құлпырған қыздар! Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып Аналар мерекесі келеді.Бәйшешек нәзіктігіне қарамастан,қалың қардың астынан бүршік жарса,ал біздің асыл аналарымызда,соншалықты  нәзіктігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді.Аналар көктемгі күндей жарқырап,гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз,күн мерекелеріңіз құтты болсын!

Алдарыңызда «Болашақ» мектепалды тобының тәрбиеленушілерін қарсы алыңыздар!

 Ән:  «Аналар» попури

Тәрбиеші:-Балалар,бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Шешуін таба аламыз ба?

Бала,бала,бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Бүл кім?

Балалар:  Ана,ана,ана.

Тәрбиеші:Әрине,бұл біздің аналарымыз.Ана перзент тәрбиелеуші.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:

Мажит Жансая:

Аналарды теңейміз ғой құндызға,
Күнге де, айға да, жұлдызға.
Өмір бақи анаменен
Бақытты ғой ұл-қыздар!!!

Бейсен Ильяс:

Ана пана,
Ана дана.
Өмірді әкелетін,
Ана ғана!!!

Қанат Елхан:

Жарқын жузді жан анам
сендей болсын бар адам
сендей болса бар адам 
шаттык кетпес баладан

Анарбек Райымбек:

Әр сөзімді жаттаған, 
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам, 
айналайын ақ анам!

Құдайберген  Медина:

Біз доспыз гүлдермен, 
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.

Санжарұлы  Мадияр:

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен 
Құрметті аналар.

Тоқтарбек Нұртілеу:

Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.

Орынбасар Айлин:

Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді 
Сыйлайды оны бар адам.

Ән:  «Еркемін»

Орындайтын: Орынбасар Айлин

 Әділбек Әмір:

Анам, анам, ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілінді аламын 
Жұмсағанда барамын.

Молдабек Ақнұр:

Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз.
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз.

Рақат Мансұр:
Ақ мамамды әрқашан,
Сағынамын, сыйлаймын.
Мейрам сайын мен оған,
Түрлі сыйлық сыйлаймын.

Сержантқызы Айзере:

Мен мұғалім анамның,
Өнегесін аламын.
Ертең менде анамдай. 
Оқытушы боламын.Тұрғанбек Айзере:

Мен гүлдердi жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
АйтҚан сөзiн тындаймын
Анашымды сыйлаймын


Серік Арслан:
Қандай қызық көктемде
Күн шуағын төккенде,
Гүл тереміз алуан
Шығып алып көк белге.

Шекетай Аянат:

Көктем күні керемет
Жаңбыр жауар себелеп.
Күн ашылса болғаны,
Көлбеңдейді көбелек.
Бар табиғат нәр алып,
Шыға келер жаңарып
Қызғалдақ боп құлпырып,
Көктем біздің балалық.

Санжарұлы  Мадияр:

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен 
Құрметті аналар.

Би :  «Бұзықтар» Ұлдар

Тәрбиеші: Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.

  1. Күні бойы ойнай беретін,ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін,дым істемейтін,жалқау бала бар ма сіздерде?

Аналары: Жоқ,жоқ!

  1. Ал,тәңертең ерте тұрып,балабақшаға өзі киінетін,үйде анасына көмектесетін әдепті,тәртіпті бала бар ма сіздерде?

Аналары :  Бар,бар!

                Ойын : « Тапқыр ана»

Тәрбиеші:Жарқырап тұр күніміз

Жайқалсын бәйшешек гүліміз

Бақта бұлбұл сайрасын

Сәнді көктем нұрымен

Көңіл гүлдей жайнасын

Талшыбықтай бұралған

Қыздарымыз қарап тұрмасын 

Би:  «Көктем аруы»  Қыздар

Талғат Айсана:

Еркелеткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс
Адал бол деп балдырған 
Әділдікке баулыған 
Жүрегінде мархабат
Анамызға мың алғыс


Ғалымқызы Адель:

Құстар келіп көктемде
Ағаштар да гүлдеді.
Қырдан теріп қызғалдақ
Апам үйге әкелді.


Мержан Тамерлан:
Әжем ұйықтар алдында
Ертегі айтып береді.
Еркелеп ойнап жатқанда
Ылғи ұйықтап қаламын.

 

Азаматұлы Дінмұхамед:

Бүгін Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың егізі.
Әдемі сөз анамның,
Анаға айтар лебізі.
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай

 

Ақынжан Нұрғали:

Жүре берсем қасымда 
Әйбат анам әй анам
«Ботам» деген даусыңнан 
Мен мәз болып оянам.

Бахитжан Алихан:

Еркелесем күлімдейті, 
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан сипап мені
Құлыншағым күнім дейтін

 

Манап Айдина:

Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде 
Шаттанып ойнап күлем
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз

 

Тәрбиеші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз!       «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп халқымыз текке айтпаған,балаларымыздың әжелеріне арналған әнімізге кезек берсек

Ән:  « Менің әжем осындай» 

Тәрбиеші: О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған

                     Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман

                     Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң

                     Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілексұрамаң

Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды  сыйлайық,ардақтайық,еш уақытта ренжітпейік.

Тәрбиеші: Сіздерді тағы да 8 –ші Наурыз мерекесімен  құттықтаймыз

 Кұттықтау сөз ата- аналарға беріледі

Тексерілді: