Бекітемін:
«№7 Айгөлек бөбекжай -балабақшасы» МКҚК
Меңгеруші:________________Қонысова Н.А
Көктем мерекесіне арналған
«Ана-өмірдің гүлі!»
Ашық көрсетілім
Музыка жетекшісі:Найманбаева.Ш
Тәрбиешілер:Макабылова.Н
Утемисова.А
«Құлыншақ» ортаңғы топ
Талғар, 2023 жыл
Күні:02.03.2023ж.
Тақырыбы: «Ана-өмірдің гүлі!»
Мақсаты:Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру,ананы құрметтеу, сыйлай білуге, балалардың бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту. 8 наурыз аналар мерекесін сезіндіру.Адамгершілікке,ізгілікке, бірін-бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:Қош келдіңіздер қызғалдақ қыздар аналар,әріптестер. Көңілдеріңізге көктем шуағындай,сезім мен нұр құйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Ардақты аналардың мейрамында
Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін.
Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй
Сіздер үшін мереке шашулары
Балалар айтыңдаршы жылдың қай мезгілі ?
-Әрине, көктем мезгілі
Әуен ойналады.Көктем аруы келеді
Көктем: Мен көңілді көктеммін
Былтыр келіп кеткенмін
Көзін ашып бұлақтың
Түбіне тал егемін
Гүл боп қырда егілем
Жаңбыр болып жауамда,
Нұр боп көктен төгілем
Жылуын күннің әкелем.
Сәлеметсіңдерме балалар!
Балалар сендер өте әдемі болып кетіпсіңдер,мен сендердің өнерлеріңді тамашалайын деп келдім.
Жүргізуші:Қош келдіңіз көктем аруы! Балапандардың әнін тамашалаңыз.
Ән:«Айналайын ақ мамам».
Жүргізуші: Мінекей, күлімдеген көктем келіп айналамыз құлпырып кетті. Көрікті көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні қарсаңында бүлдіршіндердің ыстық ықыласын тыңдайық.
Тақпақтар:
Медина:Тіс ауырса,
Іш ауырса.
Мамам дәрі береді,
Барлық бала,барлық ана
Оны жақсы көреді.
Али:Құтты болсын ақ анам
Сегізінші наурызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл-қызың.
Еркежан: Менің әжем,гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі әжем.
Көктем аруы балаларға ризашылығын білдіреді.
Раяна: Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе
Ана деген керемет
Сыйлап өтем өмірде.
Оркестр:балалардың орындауында.
Домбра биі :қыздардың биін тамашалаңыздар.
Ән: Көп жаса.
Жүргізуші: балалардың аналарға тақпақтарын тамашалаңыздар.
А.Мансур: Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым.
Аружан: Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.
Дамелия: Мен анамды сүйемін,
Сөзін ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.
Нұрәли:8-наурыз мерекеңіз, құтты болсын анашым!
Айша:Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.
Әмірхан:Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.
Айзере:Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
Жүргізуші: Ана бір қолымен бесік тербетсе бір қолымен әлемді тербетеді. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді екен,ендеше асыл аналарды құттықтаймыз.Ортаға Еркежан қызымызбен ұлдарымызды шақырайық.
Би: «Чайхана»ұлдар.
Жүргізуші: Бүгінгі айтылған әдемі әндер мен әсем билер және жақсы тілектер тек сіздерге арналады аналар,ару қыздар.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған-деп бүгінгі аналар мерекесіне арналған мерекелік кешімізде аналарға тағы бір би арнағымыз келіп тұр.
Би.Жүрек шармен билеп ,тәрбие сағаттын аяқтау.Келіп тамашалағандырыңызға мың алғыс,қош сау болыңыздар!!!
