Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

                                                                                             «Бекітемін»

                                                  «№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы»  МКҚК

                                             Меңгерушісі  ________________ Конысова Н.А. 

Тақырыбы: «Ана - өмірдің гүлі!»

ашық  көрсетілім

«Күншуақ» ересек   тобы

                                                                     Тәрбиеші : Рабатова К.

                                              Музыка жетекшісі : Өмірбайқызы А.

Талғар қ. 2023

 Тақырыбы: «Ана- өмірдің гүлі !»
Мақсаты:
- мерекелік көңіл - күйін құру;
- ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; 
- балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру; 
- өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. 
 барысы:
Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып, билеп өтеді. ( «Анашым» әуенімен)
Тәрбиеші: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді  тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Күншуақ» тобының  тәрбиеленушілердең «Ана – өмірдің гүлі!» ашық көрсетілімге  қош келдіңіздер

Тәрбиеші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.

Хор: «Айналайын ақ мамам!»

Тәрбиеші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!  (Сезим,София,Ақназар,Амина, Мейіржан,)

Сезим  

Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.                   

 Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.

София
Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім               

Қартаймашы анашым

Ақназар

Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын                

 Аман болшы анашым
Дәулет
Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем           
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже

Амина

Бәріңіз де анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың       

Құттықтаймын анашым
Мейіржан
Ақ сүт берген балаңа
Күш - жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана               
Тең келеді кім саған

Айбике
Еркелеттің асырадың
Мойыныңа асыламын
Аман болшы ардақты анам
Мен әрқашан қасыңдамын.       

Тәрбиеші:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық 

Би: «Танго» биі  (ұлдардың орындауында )

Тәрбиеші :
Көктем келді жадырап
Күн нұрымен таласып,
Жайнай берші жарқырап
Жаны жайсаң аналар

Ортамызға қонаққа Гульбану әжеміз келеді .

Ән: «Әжемнің шайы»  (балаларыдың орындауында)

Тәрбиеші:  Енді сіздер  біздің балаларымыздың аналарына дайындап келген тақпақтарын тыңдаймыз. (Адилжан,Ж.Медина М. Алихан, Әмирхан,Қ Алихан)

Адилжан

Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең          

Айналайын жан анам.
Ж. Медина
Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін             
Нағыз ана тілі әжем.

М. Алихан

Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды      
Біздің ана тіліміз.
Әмирхан
Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен             

Жер бетінде аналар.
Қ. Алихан

Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,      

Басымды оған иемін.

Т.Медина
Мейірімді жүрекпен,
Бөлісетін бақытты.
Ақ ниетпен шын тілек,       
Ізгі істерді жақұтты

Айзере

Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,            
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл - қызың.

Тәрбиеші:-

Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам -  дей  отырып қыздардың  биі

«Көбелектер  биі»

Тәрбиеші :
Ардақты ана – аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

Әзіл биі  (балалардың орындауында)

Тәрбиеші :
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана –өмірдің  гүлі!» атты ашық көрсетілім  аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!