«Бекітемін»
«№7 Айгөлек бөбекжай -балабақшасы» МКҚК
меңгерушісі________________Конысова Н.А
8- наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған
«Ана - өмірдің гүлі!»
атты ашық көрсетілім
Тәрбиешілері: Бейсембаева А.
Байбол А
«Таңшолпан» ортаңғы тобы
Муз.жетекшісі: Масипова М.Қ.
Талғар, 2022-2023 оқу жылы
Тақырыбы: «Ана - өмірдің гүлі!»
Мақсаты: 8 - наурыз аналар мерекесін кеңінен насихаттау.
Балалар музыкамен залға кіреді.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, ақ жаулықты әжелер, аяулы апайлар, қызғалдақ қыздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай, сезіммен нұр құйып, 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.
Армысың мейірімді аналарым,
Мейірбан ашық көңіл даналарым.
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың.
Армысың ақжаулықты әжелерім,
Ақылы дариядай кемеңгерім.
Ардақты аналардың мейрамында,
Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін.
Олай, болса асыл аналар, ақ жаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын!
Біздің халық өнерпазға бай тегі,
Әнші деп те, күйші деп те айт оны.
Күлімдеген анамызға ана жайлы,
Жақсылап бір ән шырқасақ қайтеді?
Ән: «Айналайын, ақ мамам»
Ару ана өмірдің асылдары,
Жайнаған көңілімнің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен би, өлең мен күй,
Сіздер үшін мереке шашулары.
Тақпақтар: Бекәлі, Расул, Санжар, Әміре, Ахмедияр, Саийдулла, Айша, Сальсабиль
Бекәлі:
Қызықтап әр сөзімді,
Жүрегінде сақтаған.
Сабырлы да төзімді,
Анашыммен мақтанам.
Апа, апа өзіңмен мақтанамын,
Апа, апа сөзіңнен бақ табамын.
Ақылшы боп баршамызға,
Аман жүрші ортамызда.
Расул:
Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.
Санжар:
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Салем жазып бүгін саған.
Мейрамыңмен құттықтайымын!
Әміре:
Көктем келді жадырап,
Күн нұрымен таласып.
Жайнай берші жарқырап,
Жаны жайсаң аналар!
Ахмедияр:
Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Саийдулла:
Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз.
Көтерейікші көңілін,
Ән шырқайық бәріміз.
Айша:
Анаң болса қасында,
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі,
Мейірімді ғой керемет.
Сальсабиль:
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Жүргізуші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік.
Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек жарады.
Балаларым айтыңдаршы бұл қай кезде болды? (Көктем мезгілінде)
Балалар қар еріп, құстар ән салып,алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса, мерекеге көктем аруын шақырайық.
Көктем аруы:
Сәлем, сәлем, балақайлар!
Әзиз әже, назды аналар!
Қуаныңдар алақайлап,
Құстар әнін ала келдім,
Жерге кілем жаба келдім.
Жан бітіріп табиғатқа,
Гүлдерімді ала келдім.
Жүргізуші: Амансың ба, ару көктем? Кең байтақ жерімізге қош келдіңіз! Бізбен бірге балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.
Балалар аналарымызға тағы қуаныш сыйлап, би билеп берейік.
Би: «Көбелектер»
Тақпақтар: Аян, Қасымжомарт, Айназ, Зейн, Айерке, Дархан, Рахман
Аян:
Баланың да тірегі
Дананыңда тілегі
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі.
Қасымжомарт:
Менің анам ардақты,
Алтыннан да салмақты.
Жақсы көріп баласын,
Мәпелейді анашым.
Айназ:
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Зейн:
Әлпештеген анамыз,
Біз бақытты баламыз.
Анамыздың қасында,
Жұлдыз болып жатамыз!
Өзіңнің ерке қызың бұл,
Арнайы бүгін сізге жыр.
Жақсылық тілеп жаныма,
Әрқашан ана аман жүр.
Айерке:
Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде,
Шаттанып ойнап- күлем!
Дархан:
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегінде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын, ақ мамам.
Рахман:
Бізге қарап елжіреп,
Сүйіп беттен ақ мамам,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіремін шаттанам.
Жүргізуші:
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген қуанышы көңілдің.
Ана деген әрбір үйдің жылуы,
Ана деген гүлі туған өңірдің.
Ән: «Көктем келді!»
Көктем аруы: Балалар, менімен бірге ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?
Ойын: «Кім жылдам?»
Көктем аруы: Жарайсыңдар, балалар! Мен сендерге көктемнің алғашқы гүлдерінен ала келдім, аяулы жан аналарыңа сыйға тартыңдар. Көріскенше сау болыңдар, балалар!
Тақпақтар: Әлинұр, Зере, Бекнұр, Аслан, Мухаммеджан, Айғаным, Дария
Әлинұр:
Бізді өсірген анажан.
Енбегі де зор екен.
Құтты болсын анажан!
Құтты болсын мерекең!
Зере:
Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Бекнұр:
Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар.
Аналарды мейраммен,
Құттықтайды балалар.
Аслан:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті Аналар!
Мухаммеджан:
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Айғаным:
Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Дария:
Менің анам әдемі,
Оны жақсы көремін.
Мәпелеп мені өсірген,
Анама бас иемін.
Жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер,
Көтерілсін қанекей, көңіл күйлер.
Алдарыңызда қазір ұлдар биі,
Қол соғып, демеу берер, көрермендер!
Би: «Анашым- жүрегім!»
Жүргізуші: Тамаша, міне көрдіңіздерме біздің балалар өнерлі балалар!
Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер. ( балалар гүлдерімен ортаға шығады)
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке.
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді,
Өмір-думан, бақ әкелсін мереке! – дей отырып, бүгінгі аналар күніне арналған «Ана- өмірдің гүлі!» атты ашық көрсетілімімізді аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Таңшолпан тобы
- Балалар музыкамен залға кіреді.
- Ән: «Айналайын, ақ мамам»
- Тақпақтар
- Көктем аруының келуі
- Би: «Көбелектер»
- Тақпақтар
- Ән: « Көктем келді»
- Ойын: «Кім жылдам»
- Тақпақтар
- Би: «Анашым – жүрегім »
