Бекітемін
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
меңгеруші __________Конысова Н.А.
Тіл мерекесіне арналған
«Ана тілі - ұлт болашағы!»
атты тәрбие сағаты.
«Ақбота» ересек тобы
Бекболова Н..
Толымбекова Д.
Талғар қаласы, 2022 жыл
Тақырыбы: «Ана тілі - ұлт болашағы!»
Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, танымдылық қабілетін арттыру. Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, электронды қазақ үй.
Әдіс-тәсілдер: аралас, түсіндіру, сұрақ-жауап, алдын ала жұмыстар.
Жылулық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
Тәрбиеші: -Балалар, біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату-тәтті доспыз. Қане, бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.
Балалар: - Күніміз жарық болсын! Аспанымыз ашық болсын! Деніміз сау болсын! Еліміз тыныш болсын! Досымыз көп болсын! Балабақшамыз жайнап тұрсын! Нанымыз көп болсын!
Еліміздің Гимн орындайық.
Балалар Гимн орындайды.
Тәрбиеші: - Ия,балалар, осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық.
-Жарайсыңдар, балалар. Олай болса ерекше күн деп есептеп, тақырыбымызды «Тәрбие басы- тіл» - деп бастайық.
Сұрақ-жауап:
Біз қай мемлекетте тұрамыз ? – Қазақстанда.
ҚР ның мемлекеттік тілі қай тіл? – Қазақ тілі.
Тәрбиеші:
-Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Айдай: Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
Медеу: Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.
Алихан: Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
Мирас: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Заңғар: Сәлем бердім, саған елім,
Тал бесігім, туған жерім.
Сәлем бердім бәріңізге
Қазақ тілі» - дегендердің
Нұртіілеу: Тәуелсіз Қазақстанның,
Бал тілді бүлдіршінімін.
Мерекесін тілімнің,
Тойлаушының бірімін.
Айдар: Қазақстан халқының,
Қазақ тілі – тірегі.
Ана тілде айтылар,
Ән ұраны – жүрегі.
Айсана: Өсірген ой – білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
Назерке: Қазақстан халқының,
Қазақ тілі тірегі.
Ана тілде айтылар,
Әнұраны жүрегі.
Айым: Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.
Өз тілімде керемет ақыл –ойым.
Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі,
Ол тарих, сенің, менің абыройым!
Тәрбиеші: «Мақал-сөздің мәйегі» демекші туған тілімізге қатысты тіл өнеріне байланысты мақал мәтелдер айтайық.
Тіл тас жарады,
Тас жармаса бас жарады.
Ойнап сөйлесең де
Ойлап сөйле.
Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
Өнер алды - қызыл тіл.
Жақсы сөз - жарым ырыс.
Тәрбиеші: -Рахмет,балалар,енді барлығымыз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасайық.
Би: «Қара жорға»
Жұмбақ шешу:Тілден ұшып, құлаққа қонады. (Сөз)
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама. (Кітап)
Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (Тіл, тіс)
Оттан да ыстық, ол не..? (Отан)
Қорытынды:
Тәрбиеші: -Балалар, бүгін бәрің жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.
Балалар:
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
