«Ана тілі-ұлт болашағы»
Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының өмірі туралы балаларға мәлімет беру. Балаларды елге,тілге деген сүйіспеншілігін,
сыйластық сезімін сақтап,мемлекеттік
рәміздердің бірі ретінде құрметпен қарауға
тәрбиелеу.Өз ана тілін жоғары ұстауға баулу.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өз тілі туралы ұғынады, тілдің маңызды екенін біледі.
Игереді: Өз тілінде анық еркін сөйлей алуды.
Меңгереді: өз елінің ұлттық құндылықтарын
Залдың іші жарық,мерекеге сай безендірілген.
(Балалардың шығуы)
Әнұран
Жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1]Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.Жүргізуші:
Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап-деп Ахмет Байтұрсынұлы атамыз кішкентай балақандарды оқуға шақырған.Біздің ақылды балапандардың тақпақтарына кезек берейік.
Айжұлдыз: Сүйемін туған тілді-анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім,сүйсінгенім,жек көргенім.
Ерали:Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің,теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың,елдігің
Иманғали:Мен қазақтың тілімін,
Мен қазақтың тілімін,
Беретін көп білімім.
Достасатын сендермен
Жаңа пәннің бірімін.
Үйретем тіл заңдарын.
Сөзіме құлақ сал бәрің.
Менімен тез іске асар.
Ойға алған мақсатың.
Жүргізуші:
Қазақ жері -қонақжай төрлер жері ,
Қазақ жері -қасиетті ерлер жері ,
Қазақ жері -көп шеккен қасіретті ,
Қазақ елі -өнерлі , қасиетті
Келесі «Жасқанат» тобының «Батырлар»биін тамашалайық
Жүргізуші: Ең алғашқы бақытым- тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Дүниеден кейде мен түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Жүргізуші: Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Айдина:Жүректегі жеткізетін жырымды,
Тілім-қазақ,ұшқын атқан жалыны.
Ақтаратын өлеңім мен сырымды,
Тілім-қазақ,түркілердің сарыны.
Алихан:Қазақ тілім биіксің тұғырың кең,
Алсаңда лайықтысың биіктен шең.
Сан адам сөйлеп жүрсе өз тілінде,
Болмасын өзге тілден ешқашан кем.
Айзере: Ана тілім,Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығымды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның.
Жүргізуші: Біздің балаларымыз тіл туралы мақалдар да біледі екен. Қане кім айтады?
Алихан: Өнер алды – қызыл тіл
Нұрғали: Тіл жүйріктен де озады.
Айжұлдыз: Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Мансұр: Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
Ильяс: Көп сөз – көмір,
Аз сөз – алтын.
Айшабибі:Жырласа қазақ, түркімен,
Молдаван,тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.
Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге сырлы ой салар
Әнді сүйсең менше сүй - деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік
«Болашақ» және «Жас Қанат» топтарының балаларының орындауында хор «Біз бақытты баламыз»
Жүргізуші: Туған тілім тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім,менде бірге өсемін
Өшсе тілім,менде бірге өшемін.
Осымен «Ана-тілі-ұлт болашағы» атты іс-шарамыз аяқталды.Уақыттарыңызды бөліп, тамашалағандарыңызға көп рахмет.
Бекітемін:
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Меңгеруш:___________Конысова Н.А.
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы мен тіл мерекесіне арналған
«Ана тілі-ұлт болашағы» атты ертеңгілік
«Болашақ» және «Жас Қанат» МАД топтары
Тәрбиешілер: Қайрат Н, Тлеубаева Ж
Талғар қаласы,2022жыл
