Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

                                                                          «Бекітемін»

                                                  «№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы»  МКҚК

                                             Меңгерушісі  ________________ Конысова Н.А.

Тақырыбы : «Асыл Анам!»

ашық  көрсетілім

                                                       «Жас қанат » Мектепалды   тобы

                                                                     Тәрбиеші : Тлеубаева Ж.

                                              Музыка жетекшісі : Өмірбайқызы А.

Талғар қ. 2023

Тақырыбы: «Асыл Анам!»
Мақсаты: Балаларға 8 наурыз аналар, әжелер, апайлар мерекесі екенін ұғындыру. Еңбектерінің зор екенін түсіндіру, балабақша мен ата - аналар қатынасын нығайту. Балалардың анаға деген адамгершілік қасиеттерін, сөз мәнерін есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиеші:
Бүгін біздің балабақшада дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді ғой
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық !
Балаларға ең жақыны сен ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана
Сіздерге теңестірер ешнәрсе жоқ,
Теңесе алар бірақ нәрсе, Отан ғана.
Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астында қылқиып, бәйшешек бой көтергендер, көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келді.
Біздің аналарымыз да бәйшешектей барлық қиындыққа төзімді аналар көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекеңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болып шалқыған
Ана десем ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын - дей отырып, бүгінгі балабақшада өткелі отырған «Асыл-Анам !» атты ашық қөрсетілімді бастауға рұқсат етіңіздер!
Тілекті ағытып бір тастайық,
Аналар мерекесін бастайық
Көздерінен көркем шаттық арайын
Өтсін солай әр күнің мен әр айың - деп аналарымызды құттықтау үшін балаларымыз тілектерін ән арқылы жеткізгісі келіп отыр екен.
Балаларымыздың орындауындағы хор: «Анашым»
Тәрбиеші: Күткен мейрам құтты болсын баршаңызға
Көктем сәні келіп қапты ортамызға)
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізді қандай мереке?
Балалар: Аналар мерекесі
- Олай болса барлығымыз, апайларымызды, аналарымызды, қыздарды мерекелерімен құттықтаймыз!
Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі
Аналарымызға, әжелерімізге, арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Нурали
Әжем менің әліде
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне.
Эмиль
Алақаны аялы,
Анам бар жаны саялы.
Кешіре білген кінәмді.
Әкем бар менің шыдамды.
Дарья
Менің әжем сымбатты,
Әжем менің қымбатты.
Құрт пен майын жинайды,
Біздерге оны сыйлайды.

Әлихан
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір - бірден,
Анамызға сыйлаймыз.
Кәусар
Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі мамашым.
Әлпештеген баласын,
Аман болшы анашым.
Н. Әлихан
Менің әжем - гүл әжем,
Алтын әжем - күн әжем.
Апам үшін мен үшін.
Нағыз ана - тілі әжем.
Тәрбиеші :  «Көтерейік көңілді ән - жырменен!»
Таңданайық өнерге тамсанайық,
Бәрімізде қол соғып қарсы алайық.
Шабыттансын, көңіл көтерілсін.
Өнерліні мақтанып жар салайық.!
Айшабиби
Мамаларды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Ильяс
Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
Құлыншағым күнім дейтін.
Мунира
Анашым анам,
Ризамын саған.
Тіліңді алам,
Ақылды болам.
Абзал
Бәрімізге анасың,
Біз үшін көп жанасың.
Құтты болсын мейрамын,
Құттықтаймын анашым.
Аруна
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнімде,
Арнадым саған бәрін де!

Әділ
Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Айлин
Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып берер тағы әжем.
Темирлан
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!
Тәрбиеші :  
Шеберлерім өнер шашып қолынан,
Жаңылмаған ата - баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтамыз төрелігін соңынан.
Қол өнер сайысына кезек берейік.
Ұлдар биі : «Қызыл раушан!» қабыл алыңыздар!
Иманғали
Сұлулық табиғаттан басталады,
Көктеммен олар бірге шаттанады.
Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнап.
Сән үлгісі кезеңі басталады.
Аяла
Ананың әр бір сөзі, ой талабы,
Жүректің тереңінде сақталады.
Айым
Өсеміз елін сүйген ұландар боп,
Ардақты ана еңбегі ақталады.
Тәрбиеші:

 Енді ортаны ашайық,
Інжу маржан шашайық.
Ән мен биді шалқытып,
«Әжелер әні »  тамашалайық,- балаларымыздың орындауындағы  қарсы алыңыздар!

Тәрбиеші :
Ардақты ана – аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

Әзіл биі  (балалардың орындауында)

Тәрбиеші : Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам -  дей  отырып балалардың тақпақтары

Айжұлдыз
Сырмақ сырған оюлап,
Жақсы көрем әжемді.
Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Алинур
Анам менің өмірдегі тірегім,
Анам менің - кеудемдегі жүрегім.
Бала деген ана жүрегі,
Бала үшін ана өмір сүреді.
Бала көңілденіп қуанса,
Анасы да қуанады күледі.
Аяулым
Менім анам ақылды,
Тарап берер шашымды.
Гүлді - гүлді әдемі,
Көйлек сатып әперді.

Баққа гүл толғанда,
Біз оны жинаймыз.
Мереке болғанда,
Анаға сыйлаймыз.
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған.
Алтыным деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Тәрбиеші :
Көктем келді жадырап
Күн нұрымен таласып,
Жайнай берші жарқырап
Жаны жайсаң аналар!
 «Стюардесса» биі қыздардың орындауында  .

Тәрбиеші :

Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,            
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл - қызың.

«Тоқтаңыз сұлу қыз су іздеген»  барлық балалардың орындауында.

Тәрбиеші :

Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам -  дей  отырып қыздардың  сән үлгісі

Тәрбиеші :
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Асыл Анам!» атты ашық көрсетілім  аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар! 

Тексерілді :