Бекітемін:
«№7 Айгөлек бөбекжай –балабақшасы»МКҚК
Меңгеруші___________Конысова Н.А.
1-мамыр бірлік,ынтымақ күніне арналған
«Бейбітшілік-ел тілегі»
атты тәрбие сағаты
« Болашақ» мектепалды тобы
Тәрбиеші:Қайрат Н.А.
Талғар қаласы, 2023 жыл
Күні: 28.04.2023жыл
Тақырыбы: «Бейбітшілік-ел тілегі»
Мақсаты: Бірлік мерекесінің-Қазақстандықтар үшін татулық пен ынтымақ мейрамы екенін түсіндіру. Қазақстанда тұратын көп ұлттың достығы мен тұтастығын, салт-дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу. Қазақстанда тұратын көп ұлттың достығы мен тұтастығын,адал ниеті мен мақсат-мүдде ортақтығының символына айналған ынтымақтастық мерекені ұмытпауға баулу. «Құрмет», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру.
Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, ән айту.
Көрнекілігі: Әр ұлт өкілдерінің суреттері, Белсенді тақта.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар 1 мамыр мерекесі Қазақстан Халықтар бірлігі күні екенін біледі.
Меңгеруі: Өз Отанын сүюді, қорғауды, өзге ұлт өкілдерін құрметтеуді үйренеді
Игереді: Әр ұлттардың киім ерекшеліктерін біледі.
Тәрбиеші:
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
- Дұрыс айтасыңдар, қазір көктем мезгілі, көктем мезгілінде біз қандай мерекелерді тойладық, қане есімізге түсірейікші.
- 8 наурыз аналар мерекесі, 22 наурыз, наурыз мерекесі.
Жарайсыңдар, сендер жақсы біледі екенсіңдер, естеріңе жақсы сақтап қалыпсыңдар. Осы көктем мезгілінің соңғы мамыр айында тойланатын тағы бір мереке бар екен. Ол мереке 1 мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні мерекесі.
Іздену ұйымдастырушы:
- Балалар біздің ұлтымыз қандай?
- Қазақ
- Біз қай тілде сөйлесеміз?
- Қазақ тілінде.
Қазақстан халқының өзінің қазақ тілі, ұлттық киіміміз, салт – дәстүріміз бар. Сол сияқты біздің Қазақстанда басқада ұлттар тұрады. Өзбек, орыс, қырғыз, татар және тағы басқа да ұлт өкілдері тұрады.
Қане балалар бәріміз белсенді тақтаға назар аударайық..
Сурет арқылы әр ұлттардың киімдерімен таныстыру.
Балалар, осы ұлттардың барлығы да Қазақстанда тұрады. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Олар өз елдерінде болмасада, Қазақтардың елін – елім деп, жерін – жерім деп, құрметтеп, үлкен үлгілі, бақытты, өнегелі отбасы болып өмір сүруде. Әлем халықтарының тату – тәтті бейбітшілікте, ынтымақтастықта өмір сүріп отырғаны біздің қазақ елінің арқасы және олар мұны түсініп, жақсы біледі. Сол себепті біздің елімізді қадір тұтып, құрметтейді.
Сергіту сәті: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан. (өлеңге сәйкес қимылдар жасайды)
Рефлексивті коррекциялаушы:
Дидактикалық ойын: «Қай ұлттың бас киімі?»
Ойын шарты: Көрсетілген әр ұлт өкілдерінің суреттерінің бас киімін тауып кигізу.
Балалар сендер достық, ынтымақ туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
Ырыс алды – ынтымақ.
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Ұрыс, ырысты қашырар
Ынтымақ, халықты асырар.
Балалардан бүгінгі өтілген тақырып бойынша сұрақ – жауап арқылы қорытынды жасау.
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі тәрбие сағатына жақсы қатыстыңдар. Бір – біріңе деген достықтарың мәңгі болсын, ата – аналарың аман болсын
Біздің достығымызды білдіретін «Достықпен» әнін айтайық.
«Ұлы жеңіс мәңгілік!»
Тексерілді:
