Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Бекітемін»

«№7 Айгөлек бөбекжай -балабақшасы» МКҚК

меңгерушісі__________Конысова Н.А

 

 

Білім  күніне  арналған тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Білімге ұмытылуы,

еңбексүйгіштік және патриотизм»

 

«Балдәурен» ересек тобы

Тәрбиешілер: Суюмбаева Р.А

Ахылбекова А.З

Талғар, 2022-2023 жж

Тақырыбы: «Білімге ұмытылуы,еңбексүйгіштік және патриотизм»

Мақсаты : Балаларға 1 - қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру.Сөздік  қорын  байыту. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еңбексүйігіштікке баулу.
Көрнекі - құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер . Аудио жазбалар,киндер құтысы,түймелер,жіп.
Әдіс - тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ - жауап.

Жылулық  шеңбері: Қуан шаттан ,алақай!

                                  Қуанатын күн келді.

                                  Күліп  шықты  күн бүгін,

                                  Қайырлы  таң!

                                  Қайырлы күн!
Мемлекеттік әнұран орындалады.
Тәрбиеші:- Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1 - ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).
Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.
-Балалар, Біздің  Отанымыз  -Қазақстан.Қазақстан кең – байтақ.    Мемлекетіміздің астанасы –Астана.                                                                        

-Астанада болған балалар бар ма?   (балалардың жауабын тыңдау)
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Айтыңдаршы, біз қай қалада туып, өмір сүріп жатырмыз?
Балалар:Талғар қаласында.
Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыз  қалай аталады?
Балалар: «Айгөлек балабақшасы»
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар.Отанымыздың  болашағы                  

өздеріңсіңдер , балалар. Тақпақтарымызды  айтайық .

Балалардың тақпақтары:
         1б.  Отанды біз атамекен деп аялап атаймыз.
                Өйткені оны мекен еткен, бабамыз бен атамыз.
                Отанды әркім анасындай, қастерлейді бағалап
                                                                                                                                                                                   

                 Өйткені Отан анасындай, бізді өсірер аялап.         
Тәрбиеші: Сендер бақытты  балаларсыңдар, осындай тату тәтті, бақытты мемлекетте біз өмір сүріп жатырмыз. Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен тәрбие сағатымызды жалғастырайық.


          2б.      Отан деген- Атамекен

                     Отан деген -Туған жер

                     Отан- Ана

                     Отан - үлкен

                     Қазақстан  -Туған ел

           3б .   Қыркүйектің бірінде,                                                                                     

                     Кеудем толы дірілге.
                     Құлақ түйем елеңдеп,                                                                             

                   «Бақша» деген бір үнге.

          4б.      Сәлем саған балабақшам,                                                                      

                     Алтын ұям сүйікті.
                     Сен әпердің білікті,

                     Сенен өсіп көктедім.
           5б.     Балабақша  үйіміз,

                     Сені жақсы көреміз.

                     Үлкен болып өскенде,

                     Еске алып жүреміз.

             6б .  Келгенімде алдыңа,

                     Қызыл арай гүл алып.

                     Жақын тартып жаныңа,

                     Шәкіртім деп қуанып.

Балалармен суреттер бойынша әңгімелесу.                                          

Шығармашылық ұжымдық жұмыс: «Қоңырау үні»(киндер құтысынан жіпті ,

түймені қолданып қоңырау жасау  )
Ойын: «Менің сүйікті балабақшам».
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету,

өз туған жерлеріне, елдеріне, балабақшаларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

                 7б.   Сәлем саған балабақшам 

                         Алғыстарым көп менің.
                         Оқу, білім, тәрбие,

                         Ой санама еккенің                 

8б.  Балабақшам – айтар әнім,

                         Сан рет қайталадым.
                         Өзіңнен алғанымды,

                         Өзіне қайтарамын.
Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті сабақтарымыз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.
Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет. Бүгінгі 1 - ші қыркүйек – білім күніне арналған оқу –тәрбие  сағатымыз осымен аяқталды.