Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Бекітемін:»

МКҚК «№7 Айгөлек бөбекжай- балабақшасы»

Меңгерушісі______________Конысова Н.А

Білім күніне арналған

Тақырыбы: «Білімге ұмтылуы, еңбексүйгіштік және патриотизм»

атты тәрбие  сағаты

Тәрбиешілері:Шортанбаева   Жазира

Тыныбекова Светлана   

Талғар қаласы, 2022-2023 оқу жылы.

Тақырыбы: «Білімге ұмтылуы,еңбек сүйгіштік және патриотизм»

Мақсаты:

  1. Білім күні туралы мағлұмат беру.
  2. Сөздік қорларын молайтып, тілдерін дамыту.
  3. Достыққа , бірлікке патриотизимге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже :

Біледі : Білім  күні туралы

Игереді : Шығармашылық  жұмыс жасауды үйрету.

Меңгереді :  Білім күнін !

Тәрбиеші: Балалар күз айының 1- ші күні , яғни 1 қыркүйек күні- «Білім күні» деп аталады. Сендер алғашқы рет балабақша табалдырығын аттап білім алсаңдар, екінші кезекте мектеп табалдырығын аттап оқу нәрімен білім бұлағымен нәр алып үлкен азамат болып өсесіңдер.

«Оқу- білім азығы» деп айтылғандай оқу бар жерде білім де бар, ол екеуі де бірге жүреді. Туған жерге сүйіспеншілік туған елге- Қазақстан деген патриоттық сезімге ұласады.

         Айгерім

Бәрін өзім талаптанып,

Үйренемін бақшадан.

Балапаным білімім,

Биік ұшар басқадан.

Жанали

Білім ғана көтерер,

Биігіне адамды.

Көзін ашып үйретер,

Жақсы менен жаманды.

    Таңат

Ерінбеймін, есептеймін,

Санды- санға қосамын.

Бару үшін мектепке,

7- жасты тосамын.

Алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезде, әсем мектепке аяқ басар сәтте алғашқы қоңырау соғылады. Мінеки, сол қоңырау үні сендердің жүректеріңде мәңгі сақталады.

Тәрбиеші балаларға үнтаспадан сыңғырлаған қоңыраудың дауысын тыңдатады.

-Бұл балалар қоңырау. Қоңырау соққанда әсем үн шығады. Осы қоңырауды сабақтың алдында мектепте соғады. Қоңырауды естіп балалар сабаққа барады. Бүгін сендермен ермексаздан қоңыраудың мүсінін жасауды үйренеміз.

         Сергіту сәті

Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.

 Қортынды: Балалар біз сендермен бүгінгі тәрбие сағатында  не туралы   айттық?

Дұрыс айтасыңдар 1 қыркүйек күні- білім күні жайлы  айттық.

Бүгінгі тәрбие сағатына барлығымыз тамаша ат салыстық. Рахмет сендерге балалар!

Тексерілді