Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Бекітемін»
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Меңгеруші______________Конысова Н.А.

Білім күніне арналған

«Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және патриотизм!»

атты тәрбие сағаты

 Тәрбиешілері: Мыркасымова М

Токсейтова А. 

«Бөбек» кіші тобы

Талғар, 2022-2023 оқу жылы

Тақырыбы: « Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм».

Мақсаты: Балаларға 1 қыркүйек күні – Білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құрай білуге үйрету.
Көрнекі - құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер.

Естігенде көк аспанның астында,

Тік тұрыңдар айтылғанда Әнұран.

Бір қазақтың үніндей шарықта,

Шарықташы, Әнұраным, шарықта!

Тәрбиеші:

Шаттық шеңбері:

Жаңа қадам жасадым,

Қош болып тұр, бесігім.

Мен қуанып ашамын,

Балабақша есігін.

Тәрбиеші: Қымбатты балалар! Сіздерді бүгін жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын!

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі тәрбие сағатымызда біздің білім күніне, 1 қыркүйек күніне арналған. 1  қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде, басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әрбір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).
Осы тұңғыш қоңыраудан бастап, күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, білім алып, тәрбие алу керексіңдер.
Балалар, біз өткен оқу қызметімізде Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.

(балалардың жауабын тыңдау).

Тәрбиеші: Дұрыс, Гимн, Елтаңба, Ту.
Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?
Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы - Нұр-Сұлтан қаласы.
Тәрбиеші: Өте жақсы, балалар!

Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты қалай?
Балалар:  №7 « Айгөлек бөбекжай-балабақшасы »
Тәрбиеші: Өте жақсы, балалар! Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер. Ал, балалар, енді бізге Елдос атты баламыз Отан туралы тақпақ айтып бергісі келеді.

Тәрбиеші:

Бүкіл елде басталып, бүгін жыры,

Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны.

Білім-ғылым бастауы, мерекелі,

Құтты болсын, бүгінгі, Білім күні! (шапалақ)

Қане, балалар, олай болса бірінші қыркүйек күні мектептердеқоңырау соғылады. Осы қоңырауды жіп қиындылармен безендіреміз.

Ойын: Ғажайып қоржын.
Мақсаты: Ғажайып қоржынның ішінен бірнеше заттар ойыншықтар, оқу құралдары бар. Сол заттардың ішінен оқу құралдарының бірі бөлек,ойыншықтарды бір бөлек  жинап алу керек. (балалар оқу құралдары мен ойыншықтарды ажыратып, бөлек жинайды).

Қорытынды бөлім.

Шырылдаған тыным алмай,

Қоңыраудың үні қандай!

Мақсатына жете ме адам

Оқу оқып, білім алмай?!

Ғылымның тас қамалы,

Ғалымдық та асқаралы.

Бар білімнің нұр бастауы,

Балабақшадан басталады!

Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті оқу -қызметіміз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.
Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз. Бүгінгі тәрбие сағатына жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет. Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін. Бүгінгі күн сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!

Бүгінгі 1-қыркүйек – Білім күніне арналған тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Сау болыңыздар!!!