Тақырыбы: «Білімге ұмтылуы,еңбек сүйгіштік және патриотизм»
Мақсаты:
- Білім күні туралы мағлұмат беру.
- Сөздік қорларын молайтып, тілдерін дамыту.
- Достыққа , бірлікке патриотизимге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже :
Біледі : Білім күні туралы
Игереді : Шығармашылық жұмыс жасауды үйрету.
Меңгереді : Білім күнін !
Тәрбиеші: Балалар күз айының 1- ші күні , яғни 1 қыркүйек күні- «Білім күні» деп аталады. Сендер алғашқы рет балабақша табалдырығын аттап білім алсаңдар, екінші кезекте мектеп табалдырығын аттап оқу нәрімен білім бұлағымен нәр алып үлкен азамат болып өсесіңдер.
«Оқу- білім азығы» деп айтылғандай оқу бар жерде білім де бар, ол екуі де бірге жүреді. Туған жерге сүйіспеншілік туған елге- Қазақстан деген патриоттық сезімге ұласады.
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезде, әсем мектепке аяқ басар сәтте алғашқы қоңырау соғылады. Мінеки, сол қоңырау үні сендердің жүректеріңде мәңгі сақталады.
Ғажайып сәт- қонаққа қоңырау ұстаған Айгерім апай келеді.
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Сәлеметсіз бе.
Балалар менде сендер сияқты балабақшада апайлардан білім алып, ары қарай мектепке бардым. Үлкен азамат болғым келді. Сендер білесіңдерме менің қолымдағы не нәрсе?
Бұл балалар қоңырау. Қоңырау соққанда әсем үн шығады. Осы қоңырауды сабақтың алдында мектепте соғады. Қоңырауды естіп балалар сабаққа барады. Сндер де мен сияқты үлкен азамат болып, өссін деп осы қңырауды сыйлық ретінде сендерге бермекпін. Бірақ сендер маған тақпақ айтып беріңдер.
- Айзере
Бәрін өзім талаптанып,
Үйренемін бақшадан.
Балапаным білімім,
Биік ұшар басқадан.
- А.Дінмұхаммед
Білім ғана көтерер,
Биігіне адамды.
Көзін ашып үйретер,
Жақсы менен жаманды.
- Айсана
Ерінбеймін, есептеймін,
Санды- санға қосамын.
Бару үшін мектепке,
7- жасты тосамын.
Шығармашылық жұмыс түрлі-түсті қағазды жырту арқылы қоңырауды жапсыру.
Рахмет балалар сендердің білетіңдерің көп екен. Мен осы қоңырауды сендерге сыйлаймын.
Сау болыңдар балалар.
Сау болыңыз!
Қортынды: Балалар біз бүгін не жайлы әңгіме айттық?
Дұрыс айтасыңдар 1 қыркүйек күні- білім күні жайлы әңгіме айттық.
- Сендерге сыйға не беріп кетті?
- Қоңырау.
- Ал сендер Айгерім апайға не айтып бердіңдер?
- Тақпақ айтып бердік.
Ия, Айгерім апай сендерге рахмет айтты, өздерің кішкене болғанменен бәрін біледі екенсіңдер,- деп мәз көңілмен кетті.
Айгерім апайға бізде рахмет айтамыз, сендер ол берген қоңырауды ұқыпты ұстауға тырысыңдар.
Бүгінгі ұйымдастырған іс-әретке барлығымыз тамаша ат салыстық. Рахмет сендерге балалар!
Тексерілді :
«Бекітемін»
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Меңгеруші:___________Конысова Н.А.
Білім күніне арналған
«Білімге ұмтылуы,еңбек сүйгіштік және патриотизм»
атты тәрбие сағаты
«Болашақ» МАД тобы
Тәрбиеші: Қайрат.Н
Талғар,2022-2023 оқу жылы
