Мақсаты:Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру.
Байланыстырып сөйлеуге, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Өз туған еліне, жеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:мемлекеттік рәміздер, суреттер, қоңыраудың суреті түрлі түсті қарындаштар
Блингвальды компонент: ту-флаг, елтаңба-герб, қоңырау-колокольчик
|
Оқу қызметі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері |
Балалардың барлығы қатысады. |
|
Ұйымдастырушылық |
-Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі тәрбие сағатымызды білім күніне, 1 қыркүйек күніне арналған. 1-қыркүйек күні барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді және видео роликтер көрсетеді). Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер. Қазақстан Республикасының рәміздерін есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз. -Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз? Балалар:Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Тәрбиеші:Дұрыс.Қазақстан Республикасының президенті кім? Балалар:Қасым Жомарт Тоқаеев Тәрбиеші:Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада? Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер. Ал, балалар, енді бізге кім Отан туралы тақпақ айтып бергісі келеді. Нұрасыл Отан – ана, Отан – жер, Отан – дана, Отан – ел. Отан – сенің ата-анаң, Отан – досың, бауырың, Отан – өлкең, астанаң, Отан - аудан, ауылың. Исахан: Біз балдырған тең басқан. Дос құшағын елге ашқан. Тілегіміз – бейбіт күн, Ашық болсын кең аспан. Тәрбиеші: Міне, осындай тату тәтті, бақытты мелекетте біз өмір сүріп жатырмыз. Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен оқу қызметімізді жалғастырайық. Шахайдар Қанатым талмайды. Қиялым самғайды, Ақын да, ғалым да. Ұстазсыз болмайды. Шабден Сұңқар: Келгенімде алдыңа, Қызыл арай гүл алып Жақын тартып жаныңа, Шәкіртім деп қуанып. Көркем Сәлем саған балабақшам, Алғыстарым көп менің. Оқу, білім, тәрбие, Ой санама еккенің. Шыңғыс Балабақшам – айтар әнім, Сан рет қайталадым. Өзіңнен алғанымды, Өзіне қайтарамын. Қане балалар олай болса бірінші қыркүйек күні мектептерде қоңырау соғылады. Осы қоңырауды өзімізге ұнаған түспен бояймыз.
|
Балалар педагогтің сөзін мұқият тыңдайды.
Ту, Елтаңба, Гимн
Қазақстан Республикасында
Астана
Балалар жаттаған тақпақтарын айтады.
Музыка әуенімен бірге қимыл-қозғалыс арқылы жасап қайталайды.
Балалар қоңыраудың суретін бояуға кіріседі. |
|
Рефлексиялық түзетушілік |
Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті оқу іс-әрекетімізде қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды. Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Сендер өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге әдемі қоңыраулар сыйлаймын. |
Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Бекітемін
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Меңгеруші______________Конысова Н.А.
1 қыркүйек – Білім күніне арналған
«Білімге ұмтылуы,еңбексүйгіштік және патриотизм»
атты ашық тәрбие сағаты
Тәрбиеші: Умбетова Б
«Аққу» МАД тобы
Талғар қаласы, 2022 жыл