Бекітемін:
«№7 Айгөлек бөбекжай –балабақшасы»МКҚК
Меңгеруші___________Конысова Н.А.
7 мамыр отан қорғаушылар күніне арналған
«Біз Отанның сарбазы»
тәрбие сағаты
«Болашақ» мектепалды тобы
Тәрбиеші: Қайрат.Н.Қ
Талғар қаласы, 2023 жыл
Бекітемін:
«№7 Айгөлек бөбекжай –балабақшасы» МКҚК
Меңгеруші___________Конысова Н.А.
9 мамыр жеңіс күніне арналған
«Ұлы жеңіс жасасын!»
тәрбие сағаты
«Болашақ» мектепалды тобы
Тәрбиеші:Қайрат.Н.Қ
Талғар қаласы, 2023 жыл
Күні: 08.05.2023жыл
Тақырыбы: «Біз отанның сарбазы!»
Мақсаты: Балаларға 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру. Ұлы отан соғысының мазмұнын әңгімелеп осы соғыста ерлік көрсеткен барытлардың ерліктерін, жыл сайын жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, балаларды отан қорғауға, Ұлы отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге батыл да, ержүрек болуға үйрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің потриоты болуға тәрбиелеу.
Тәрбиеші:Балалар 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен және де 9 мамыр жеңіс күні құтты болсын. «Біз отанның сарбазы» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
Жауынгер біздің саңылақтар
Жауды жеңген солдаттар
Ардақта Отан- ел үшін
Бақытты туған жер үшін
Отан үшін мерт болғанды танып біл,
Оларды әсте ұытпайды халық бұл!
Ерлік даңқы ешқашанда өлмейдіді,
Батырлардың жүрегі отбоп жанып тұр!
Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын Аталар!
Ұмытпайды ешқашанда
Жауынгерді балалар.
(балалар сап түзеп мәңгі алау жанына келеді,белсенді тақтадан көрсетіледі.)
Гимн айтылады.
(балалар орындарына барады)
Ән: «Жаса, жайна Қазақстан!»
1бала:Тебіренді тауың, желпінді далаң,
Көтерді көкке туларды ғалам.
Жеңістің ұлы күнімен сені,
Құттықтау үшін келіп тұр балаң.
2бала:Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді ән болып.
Жеңіс келді қалама,
Келді ауылға сән көрік.
Балалар белсенді тақтадан көркем фильмнен үзінді көреді.
Ән: «Сарбаздар»
3бала: Көлеңкесі жоқ көңілге күшті
Алтын мамырдың сәулесі түсті.
Дүниеге ұлы жеңіс келді деп,
Көгіне тағы ұшырды құсты.
4бала:Жеңіс-күні бар әлемге әгілі
Көктем шуақ тоғызыншы май күні
Айтшы кане,біздің жеңіс шеруі
Кездейсоқ па көктемге тұс келуі!
Ойын: «Арқан тартыс»
ұлдар 2 топқа бөлініп арқанмен тартысады.
Тәрбиеші: Осымен «Біз отанның сарбазы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Аспанымыз ашық болсын, бейбітшілік болсын, еліміз тыныш болсын!
Тексерілді:
Күні: 08.05.2023жыл
Тақырыбы:«Ұлы жеңіс жасасын!»
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Белсенді тақта, Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, батырлар суреттері.
Тәрбиеші: Соғыста Кеңес Одағының бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында млн. қазақстандықтар болған. Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мамбетова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Бауыржан Момышұлы екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы қазақтың көрнекі жазушысы.
Белсенді тақтадан көркем фильм көрсетіледі.
Балалар Отан,туған жер туралы тақпақтарын айтады.
Айсана:
Отан үшін жанымызды береміз,
Отан үшін барлығына көнеміз.
Отаның да, ананың да алдында,
Осы өмірде парызды өтеп кетеміз.
Айзере.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен Отан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің сен Отан.
Нұрғали:
Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Ильяс:
Отан - сенің, ата - анаң,
Отан - досың бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.
Айдина:
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқан, Ұлы Отан.
Елім менің - тірегім,
Құшағынды гүл атам.
Аянат:
Асыр салған таласып,
Біз туған ел - баласы.
Қандай байтақ - Отаным,
Жан - жағына қарашы.
Дінмұхамед:
Отаным - кең көсілген,
Төсінде ырыс өсірген.
Қаптаған шал, алып дән,
Бәрі менім несібем.
Тәрбиеші: Иә сұралып соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте бер.
Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.
Арылтып жаудан жеріңді,
Табанға жаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді,
Оралды ерлер көңілді,
Десеңдер бұл қай күні.
Тоғызыншы мамыр күні!
Жадыраңқы бүгін қабақ ашылған,
Жаса жеңіс мұң қайғыны қашырған.
Мен жеңістің көріп тұрмын алауын,
Жаңарладан алтын шуақ шашылған.
Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз:
Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәмбетова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов.
Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын, қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз бәрі де сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі. Әрине соғыс болмасын!
Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім, өз жеріміздің, патриоттары болайық.
Тәрбиеші: Балалар, біздің шекараны кім қорғайды?
Балалар хормен: Солдаттар.
Шекарада солдат тұр,
Ел бақытын қорғап тұр.
Көңілденсін ағалар,
Амандық хат жолдап тұр.
Тәрбиеші: Осымен «Ұлы жеңіс жасасын!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын.Әрқашан бейбітшілікте өмір сүрейік.
Тексерілді:

