Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бекітемін:

«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК

меңгерушісі: Н.А.Конысова

Тәуелсіздік мерекесіне арналған

«Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік!»

атты тәрбие сағаты

Бөбек кіші  тобы

Тәрбиешілер: Мыркасымова.М 

Токсейтова.А.

Талғар, 2022-2023 оқу жылы

Мақсаты: Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы туралы түсінік беру. Рәміздерімізді қастерлеуге үйрету. Өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет – ғұрпы, салт – дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға,  ұлтжандылыққа, достыққа, саналылыққа тәрбиелеу .

Тәрбиеші : Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды . Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдермен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен , Елтаңбамызбен басқа елдерге мақтаныш етеміз.

Барша халық таныған,

Біздің үміт тілекті .

Шырқалғанда Әнұран,

Шаттық кернеп жүректі .

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Бәрі де сенің Отаның,

Бойыңды биіктететін.

Рухына балап атаның,

Өлгенше сүйіп өтетін.

Балалар, осы біз «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз . Осы Отан дегеніміз не? Балалардың жауабы.

-Отан дегеніміз – адамың туып – өскен жері, туған – туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені .

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы: 

Шаттық шеңбер:

Ашық болсын күніміз,

Биікте тұрсын туымыз.

Тату-дос боп халықтар,

Бақытты болсын балалар.

Тақпақтар:

Асылжан:

Отан деген - атамекен,

Отан деген – туған жер

Отан – ана, Отан үлкен ,

Қазақстан – туған ел !

Фатима:

 Отан ұран ,Отан – туым ,

Отан мәңгі гүлденеді

Асем:

Отан жерім, Отан – суым ,

Отан қуат, нәр береді.

Ән: Отан

-Балалар , ал еліміз туралы не білеміз.

Тәрбиеші: Туды көрсетіп, сипаттау. Мемлекеттік туымыздың түсі көгілдір . Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді . Ортасындағы сәуле шашқан күн бейнесі – тыныштық пен байлықтың белгісі , астындағы қыран бүркіт қырағылықтың биіктеуін білдіреді.

Республикамыздың елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстінен салынған пырақ бейнесінен тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды . Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді .

Тақпақтар:

Айбике:

Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.

Али:

Отанымның төрінде,

Сарыарқаның өрінде.

Ту ұстаған астанам,

Әсем қалам, бас қалам.

Тәрбиеші: Олай болса балалар ұлттық ойын ойнайық .

Ұлттық ойын: Қол күрес.

Тәрбиеші : Балалар , сендер Отан ,Қазақстан , туған жер туралы тақпақтарды өте көп біледі екенсіңдер ! Жарайсыңдар !

Тәрбиеші: Балалар сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарысыңдар . Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге , сүюге, қорғауға міндеттісіңдер. Саналы , білімді азамат болу үшін не істеу керек?

Балалар:

 Еңбек етуіміз керек .

Тәрбиеші:-Біздің қазіргі еңбегіміз не ?

Балалар:- Оқу!

Тәрбиеші: Бүгін , міне ,Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық . Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз . Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер ! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар !

Толтырған:

Тексерген: