Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бекітемін

                                               «№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК

                                                     Меңгеруші: ___________ Конысова Н.А.

12 сәуір  ғарышкерлер күніне арналған

«Ғарыш және біз»

атты  тәрбие сағаты

«Болашақ» МАД тобы

                                                                             Тәрбиеші: Қайрат Н.Қ.

Талғар, 2023 жыл.

Күні: 12.04.2023жыл

Тақырыбы: «Ғарыш және біз»
Мақсаты:
Балаларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және қазақтандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру.
Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру.
Балалардың патриоттық сезімін ояту.
Көрнекіліктер: белсенді  тақта, суреттер,боямақтар.
Арманы бар бір ғана,

Талабы зор баламын.

Шынығумен шыңдала,

Тез-ақ өсіп, толамын.

Жұлдыздарды жағалай,

Айға барып қонамын.

Тұңғыш Тоқтар ағадай,

Мен ғарышкер боламын.
Тәрбиеші: - Ал бүгін біз сендермен тағы бір маман түрімен танысамыз – бұл ғарышкер. Балалар 1961 жылы 12 сәуірде тұнғыш ғарышқа адам ұшты. Бұл адам Кеңес одағының азаматы ЮрийГагарин болатын. Содан бері 12 – сәуір Ғарышкерлер күні мерекесі болып аталып келеді. Ю. Гагарин  тұнғыш рет ғарышқа жол салған, сол күннен бері 55 жыл уақыт өтті. Олай болса мына суреттермен топқа бөлінеміз.
Мұғалім: Бүгін біз ғарышқа саяхат жасайтын боламыз.

1.Тоқтар Әубәкіров
2.Талғат Мусабаев
3.Айдын Айымбетов

Тәрбиеші: Ол үшін әуелі бейнебаян тамашалайық. 
Жас кезінен алдына қалайда ұшқыш болуды мақсат етіп қойған арманшыл жандардың бірі Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының Бірінші Май ауылында туған. Ата-анасынан жастай жетім қалған ол апасының қолында тәрбиеленеді. Тоқтар үшін өзі балалық шағын өткізген аяулы мекенін көк жүзінен көру арман болды. Балаң жігіт, ең алдымен, бос уақытында аэроклуб үйірмесіне қатысып, парашюттен секіруге әуестенді. Осылай асыл арман аясында жүріп ол орта мектепті бітірген соң, Армавирдегі ұшқыштар училищесіне оқуға түсті. 

Ғарышқа ұшуы

1991 Ю. А. Гагарин атындағы Ғарышкер дайындау орталығында әзірлгін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті. 1991 жылы қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991 жылы қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.Тоқтар Әубәкіров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкері.
Ғарышқа ұшуы Талғат Мусабаев 1994 жылы Союз ТМ-19 ғарышқа 1-ші рет ұшқанда 126 күн өткізген.1998 жылы Союз ТМ-27 зымыранымен ғарышқа 2-ші рет ұшқанда 208 күн өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққаны жазылып алынған.

2001 жылы ғарышқа Союз ТМ-32 зымыранымен 3 -ші рет ұшқанда 8 күн ғарышта өткізген.

Тоқтар ұшты ғарышқа,
Талғат болды ғарышта.
Таңғалдырып қазағым,
Тағы ұшса ғой Марсқа. – дегендей ғарышқа ұшқанның соңғысы Юрий Гагарин емес, одан кейін 30 жыл өткен соң 1991 жылы қазан айының 2 – сі күні тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарыш төріне самғады. 
Ал екінші рет Талғат Мұсабаев ғарышқа 1994 жылы барып қайтты. Одан кейін 1998 және 2001 жылдары 2 рет барып, зерттеу жұмыстарымен айналысты.

Бүгінде 43 жасар Айдын Айымбетов  «Байқоңыр» айлағынан ғарышқа ұшқан үшінші қазақ ұлтының өкілі. Жалпы алғанда, Айдынның қызмет жолы тұтастай тек әуе және ғарыш қызметімен байланысты, яғни ол осы салаға кездейсоқ келген адам емес, өз ісінің маманы.

2015жыл қыркүйектің 2-і күні қазақстандық ғарышкер Айдын Аймбетов ғарышқа сапар шекті. Он күнге созылған сапар барысында ол бірқатар физикалық-ғарыштық эксперименттер мен Арал және Каспий теңіздерінің экологиясына мониторинг жүргізіп, шаңды дауылды зерттейді.

Бұл Қазақстан тарихында мәңгі қалатын айтулы оқиғалардың бірі болды. Өйткені, А.Айымбетовтың бұл сапары Қазақстанды ғарыштық өнімдерді сатып алушы елден, ғаламды зерттеуші мемлекетке айналары сөзсіз.    

Тұңғыш қазақ ғарышкер.

Әубәкіров ағаның,

Даңқы көкке самғаған.

Тоқтар аға Гагарин,

Салған жолды жалғаған.

Тоқтар ағам- жан ағам,

Бұрыннан да ер еді.

Менің батыр ағадан Аумай қалғым келеді.

Арман қуып жасынан,

Көктен көзін алмаған.

Ұшқыш болды жас ұлан,

Аспанда еркін самғаған.

Бабасындай асауға,

Салған құрық-бұғалық,

Ұшақтарды сынауға, Артқан еді құмарлық.

Қызықты мәлімет.Ғарышқа ұшқан ең алғашқы тіршілік иесі - Лайка атты ит еді. Ит 1957 жылдың 3 қарашасында Мәскеу уақытымен таңғы алты жарымда Кеңес Одағының "Спутник-2" атты кемесімен ғарышқа аттандырылды. Лайканың жасы - 2-де, салмағы - 6 келі болған. Сол кездегі басылымдар оның орбитада бір апта болып, қалыпты түрде тамағын ішіп, ұйықтап, үргенін жазған болатын. Ал шын мәнінде Лайка ұшырылған соң, 5-6 сағаттан соң өліп қалған. Кабинадағы температура біртіндеп көтеріліп, ақырында Лайканың денесі қызып, өртеніп кетті.

Мұнан кейін, 1960 жылдың 20 тамызында Белка және Стрелка атты иттер ұшты. Бұл екеуі ғарыштан жер бетіне аман-есен оралған ең алғашқы тіршілік иелері болып есептеледі. Олар жер бетіне оралған соң, аттары аңызға айналып, сапардан ешқандай жамандық көрмей, баяғыша өмір сүре берді. Тіпті бірнеше айдан кейін Стрелка дүниеге алты дені сау күшіктерді алып келді.

Жұмбақ шешу

Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз. /Зымыран/

Олай болса зымыранның суретін салып,әдемі  етіп   бояту.

Ұшқыш емес, бірақ ол
Аспанда қалықтап ұшады
Оны кім деп ойлайсындар? /Ғарышкер/

Етегім толы сөк, Ерте тұрсам жоқ. Жұлдыз

Көлде жүрген ақ үйрек, Түнде бар да, күндіз жоқ. Ай

Қызыл күлше тау асады, Ыстық нұрын шашады. Күн

Не басы, не аяғы жоқ

Не алды, не арты жоқ Жер

Мекені көкте екі ару Бір-бірін көруге зәру. Күн мен ай

Әр адам ғарышқа саяхаттағысы келеді.Әр адам ұшқыш болғысы келеді. Бірақ ол үшін адам баласына шыдамдылық пен ақылдылық, ғарыш туралы көп мәліметтер керек.Осымен менің ғарышқа саяхатымыз  аяқталды.

Тексерілді: