Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бекітемін:

«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК

меңгерушісі:   ______________   Қонысова Н.А.

Қазақстан Республикасы күніне арналған

Тақырыбы:

 «Республикам менің – Қазақстан!» атты тәрбие сағаты

Тәрбиешілері: Утемисова A.

Мақабылова Н.

«Құлыншақ» ортаңғы тобы

Талғар қаласы, 2022 оқу жылы

Тақырыбы: «Республикам менің – Қазақстан!»
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру.
Балалардың тіл байлығын, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: рәміздер, суреттер, дидактикалық материалдар.
Тәрбиеші:

- Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты 
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды  даламыз 
Біз бақытты баламыз, -дей  отырып, «Республикам менің – Қазақстан» атты тәрбие  сағатымызды бастаймыз.
Қазақстан Респуликасының мемлекеттік әнұраны  орындалады.
Тәрбиеші:

-Балалар  ,сендер қандай ән орындадыңдар?
-Қазақстан Республикасының гимн орындадық.
- Дұрыс айтасыңдар,балалар. Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін гимн,туы,елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атаймыз. Осы рәміздер  туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін. 
Тәрбиеші:

-Мынау - біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды. Көк аспандай көгілдір,ортасында күн, астында бүркіт  ұшып келе жатыр. 
- Мынау - елтаңбамыз. Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар.
- Балалар, біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?
- Астана қаласы
- Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз,
Астанамыз Астана – бас қаламыз.
- Балалар, үлкен  мерекелерде туымыз көтеріліп, әнұранымыз орындалады. Рәміздерімізді үлкен де,кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс. Ал әнұранды  біз білеміз. Сендер елтаңба мен туды әрқашан  қастерлеуге тиіссіңдер. Қазақстан республкасының рәміздері туралы  кім тақпақ біледі?

Әли:
Көк туымыз бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Біз өсеміз талапты.

Алпамыс:
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны  халық қашанда,
Биікке іліп қояды. 

Аружан:
Елтаңбасы елімнің ,
Қандай әйбат әдемі 
Тұнығындай  көңілдің ,
Ортада аспан әлемі 

Айша:
Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген. 

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар, балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз, демек, Отанымыз  -Қазақстан. Халқымызда  «Отан отбасынан басталады» деген мақал бар. Сендер үлкен болып өскенде Республикамызды қорғайтын азамат боласыңдар.

Тапсырма:

-Ал енді сендерге тапсырма, алдарыңда жатқан көк туымыздың суретін бояп шығыңдар.

  Қорытынды:

- Балалар ,Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?
- Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев атамыз

- Балалар, өте жақсы. Егеменді елдің басты белгісі-тіл. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады. Сонымен біздің ана тіліміз қандай тіл?

- Қазақ тілі
- Жарайсыңдар. Міне, балалар, өміріміздің жалғасы, еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар. Осымен, тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.