Бекітемін:
«№7 Айгөлек бөбекжай -балабақшасы» МКҚК
меңгеруші:________________Қонысова Н.А
«Қазақ тілі-менің ана тілім!»
атты тәрбие сағаты
Тәрбиешілері:Макабылова.Н.
Утемисова.А.
«Құлыншақ» ортаңғы тобы
Талғар, 2022-2023оқу жыл
Тақырыбы: " Қазақ тілі-менің ана тілім!» "
Мақсаты: Балаларға ана тілі туралы түсінік беру, білімін жетілдіру. Өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,ой-өрісін
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өз тілі туралы ұғынады, тілдің маңызды екенін біледі.
Игереді: Өз тілінде анық еркін сөйлей алуды.
Меңгереді: өз елінің ұлттық құндылықтарын,сөздік қорын дамыту. Туған халқының тілін қастерлейтін саналы да, парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Тәрбиеші : Қайырлы күн, құрметті Тіл мерекесіне жиналған қауым. Ана тілі – адамның жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім,-дей отырып, Тіл мерекесіне орай «Қазақ тілі-менің ана тілім» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Тәрбиеші: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Қазақ ұлтының ана тілі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. «Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі болуы керек. Тіл - ұлттың жаны.Ол халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Ендеше тәрбие сағатымызды бастамас бұрын мен сендерге сұрақтар қойғым келіп тұр.
- Біздің ұлтымыз кім?
- Біз қай тілде сөйлейміз?
- Біздің елімізді кім басқарады?
- Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
- Балалар біздің ұлтымыз қазақ,өзіміз қай тілде сөйлейміз?
- Біздер бүгін қай мерекені тойлап жатырмыз?
- Мерекеге байланысты тақпақтарымызды айтайық.
Жарайсыңдар, балалар,тәрбие сағатымызды одан әрі жалғастырайық.Осы тіл туралы кім тақпақ біледі
Алпамыс
Қазақстан халқының
Қазақ тілі –тірегі
Ана-тілде айтылар
Ән ұраны жұрегі
Аружан
Мәртебесі тілімнің
Биік болсын халайық
Достығымыз жарасып
Қосылып ән салайық
Али
Ана тілің –арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тілің құрметте
Еркежан
Ана-тілім ұраным
Ана-тілім құраным
Ана тілім болмаса ,
Мықты болмас тұрғаным
Айзере
Өсірген ой –білімді
Суйген туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
Бауыржан Момышұлы «Қазақ тілі әр түрлі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақтар шешен әрі әдемі сөйлеудің шебері» дегендей қашанда тіліміздің мәртебесін көтеріп, қадір-қасиетін қастерлей білейік. Осымен құрметті ұстаздар,сүйікті бүлдіршіндер, «Қазақ тілі-менің ана тілім!» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
