«Бекітемін»
«№7Айгөлек бөбекжай – балабақшасы» МКҚК
меңгерушісі____________ Конысова Н.А.
Күз мерекесіне арналған
«Қош келдің, Алтын күз!»
атты ертеңгілігі
Тәрбиешілер: Бекболова Н.
Толымбекова Д.
«Ақбота» ересек тобы
Талғар қаласы, 2022ж
«Қош келдің, Алтын күз!»
Мақсаты:
Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту; Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту; Балалар би билеп, өлең айтып мерекелік көңіл-күйде болып, мерекені сезіну;
Жүргізуші:
-Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын!
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті, ерлікті жерден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді – деп Қадыр Мырзалиев атамыз жырлағандай күз мерекесі, алтын күз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Қош келдің, Алтын күз!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Балалар музыкалық әуенмен қолдарына жапырақ алып кіреді.
«Күзгі вальс» әуені қойылады. Балалар би қимылдарын жасап, әуенге қосылады.
Жүргізуші: - Табиғат - күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі бар. Мысалы, күз адам баласына молшылық, береке беретін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі, мерекелі күз, алтын күз деп баға берген. Алтын дегеніміздің себебі айналаның бәрі сап-сары бояуға енген, екіншіден алтын байлықтың белгісі. Балалар, күз мезгілі туралы не білесіңдер?
Балалардың жауаптары.
-Балалар бізге сонау алыстан «Күз ханшайымы» келіпті. Өзімен бірге құт берекесін ала келіпті.
(осы кезде себетке толы жемістері бар «Күз ханшайымы» кіреді.)
Күз ханшайымы: - Сәлеметсіздерме, балалар? Сәлеметсіздер ме, қонақтар?
Балалар: - Салеметсіз бе, Күз ханшайымы?
Күз ханшайымы: - Армысыздар, балалар!
Күзгі бақтағы қонақтар!
Өздеріңе әкелдім,
Күздің сыйын көз тартар.
Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге сонау алыстан келдім. Маған өнерлеріңді көрсетесіңдер ме?
Балалар: - Иә.
Жүргізуші: - Хош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет! Біздің балалар әнде, тақпақта, биде билей алады. Біздің балалардың барлығы ақылды.Олай болса балаларымыздың тамаша әніне кезек берсек.
Ән: «Алтын күз»
Күз ханшайымы: - Ондай болса, балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі,
Шықса –жасыл
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз ханшайымы: - Дұрыс.
Жүргізуші: - Ал, балалар, өнерімізді көрсетіп, мерекені бастайық. Балалардың күз мезгілене әзірлеген өлең жолдары бар. Тыңдап көрейік.
Мирас:
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық.
Күзгі тойда жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық
Кәусар:
Жұлдыз туып таң алды,
Әнге орап ғаламды,
Сазды әуен шаттыққа
Бөледі бар адамды.
Медеу:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Айзере.М:
Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар сарғайды.
Адият:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Заңғар:
Қарашы күз келді,күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Жүргізуші: - Жарайыңдар, балалар! Бүгінгі мерекемізге балалардың дайындаған билері бар екен. Ендеше «Ақбота» тобының балаларын ортаға шақырамыз. «Жапырақтар» биі.
Жүргізуші:
Күз ұсынып егісі мен жемісін,
Әкеліпті халыққа бір молшылық
Сары жапырақ алтындай болып төгілсін,
Елімізде болсын әркез тыныштық!
Кезекте балалардың өлең жолдарына кезек берейік.
Димаш.Қ:
Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Айсулу:
Жапырақтар ұшты,
Суықта түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
Нұртілеу.
Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз,
Өлкеізге күз келді
Кемелдеисін халқымыз.
Медеу:
Берекесі сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Назерке:
Қарашы күз келді,күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Алихан:
Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып-теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
Жүргізуші: - Керемет! «Ақбота» тобының балаларының орындауында
«Күз келгенде» әнімен қарсы алыңыздар.
Тақпақтар:
Нұрайым:
Қоңыр салқын тартады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.
Айдай:
Соңғы шуақ төгіліп,
Жарқырап тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.
Айым.Ұ
Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.
Димаш.Е
Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.
Дәулет:
Келді міне күз
Айнала сары түс.
Керемет,тамаша,
Қандай әсем күз.
Жүргізуші:
Жапырақтар сарғайған,
Күн бұлтты болады.
Жаңбыр жиі жауады,
Құстар ұшып барады, - дей отырып балаларымыздың «орманшылар» атты биін тамашалаңыздар.
«Орманшылар» биі.
Жүргізуші: - Жарайсыңдар, балалар! Өнерлерің өрге жүзсін! Күз мерекесіне арналған тақпақтар кезегіне берейік.
Күз ханшайымы: - Керемет! Балалар өнерлі екен.
Алинур:
Жеміс-жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.
Әділ:
Көрініп еліме
Күндері мереке,
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.
Бейбарыс:
Жұлдыз туып таң алды
Әнге орап ғаламды
Сазды әуен шаттыққа,
Бөледі бар адамды.
Айтөре:
Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.
Ж.Айзере:
Әуенге еріп сиқырлы,
Айтылды ән боп сан қилы.
Күзгі әуен балалардың
Жүрегіне нұр құйды.
Исмайл:
Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.
Жүргізуші: Күз ханшайымы сізге біздің балалардың өнері ұнады ма?
Күз ханшайымы: - Қандай керемет! Мен сендеге қарап риза болып тұрмын. Өте өнерлі балалар екен. Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын «Кім жылдам?»
Күз ханшайымы: - Балалар, ойын ойнап, көкөніс жемісті тани білдіңдер, мен сендерге ризашылығымды білдіріп, сыйымды табыс етемін.
(балаларға алма таратады). Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім. Рахмет!
Жүргізуші: - Балалар, барлығымыз күздің сыйына алғысымызды білдіріп, шығарып салайық.
Балалар: - Рахмет сізге күз, сау болыңыз!
Күз ханшайымы: - Сау болыңдар, балалар!