Бекітемін
«№7 Айгөлек бөбекжай - балабақшасы»МКҚК
Меңгерушісі: Қонысова Н.А
Тақырыбы:
«Қош келдің, әз - Наурыз!»
атты ашық көрсетілім
«Күншуақ» ересек тобы
Тәрбиеші: Рабатова К.
Талғар қаласы, 2023 ж.
Күні: 16.03.2023 ж
Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған.
«Қош келдің, әз - Наурыз!» атты ашық көрсетілім.
Мақсаты: Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, наурыз айының 22-сінде күн мен түннің теңелетіндігін,күн ұзарып,түннің қысқаратындығын айтып, ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар,балалар.Бүгінгі Ұлыстың Ұлы күні, Наурыз мейрамы, ата-бабамыздың сөзімен айтсақ «Ақ түйенің қарны жарылған күні» құтты болсын! Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн.. Көктем мен Жаңа күн мерекесі. Олай болса, бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік ашық көрсетілімге қош келдіңіздер!
Нұрсултан
Уа, ағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтын
Наурыз тойы бастайық! Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі,
Алаштың баласына нәсіп болған,
Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!
Нуриддин
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
«Болашақ» тобының орындауында ән:
«Наурыз» Әмина
Наурыз жылы, жыл басы
Наурыз көже ел асы
Наурызда бас қосуды
Тілеу керек осыны
Наурыз бақыт, жаңа күн
Көже ішіп қалатын
Наурызда бас қосуды
Тілеу керек осыны
Наурызда шашу шашылды
Ақ кебеже ашылды
Тәтті наурыз көжеге
Тары, уыз қосылды.
Жүргізуші: Балалар, біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып, шашу,шашатын кім, екенін, білесіңдерме?Балалар: Қызыр Ата! Наурыз Әже!
Жүргізуші:
Қашанда Құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін
- Ендеше, ортаға ақ батасын беруге Қыдыр, атамызды
шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!
Наурыз Әже:
Уа, халайық, халайық!
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады).
Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңыздар, бүгін біздің балабақшада үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!
Әлиасқар
- Жақсы ма, ата, қалыңыз?
- Менің атым Наурыз,
Балдай тәтті сарыуыз
Алып келдім -
Алыңыз!
Жүргізуші:
-Ата, бүгінгі думанға сонау алыстан ат арылтып келгеніңізге орай ала келген ақ батаңыз да бар болар. Мына отырған халықтарға ақ батаңызды беріңіз!
Қызыр ата: Елдеріңнің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын.
Сөздерің серттей берік болсын
Өмірлерің көңілді болсын
Қазақ елі атауы баршамызға
Мәңгілік ел болуға бастау болсын.
Төрт түлік төлді болсын,
Теңгеміз құнды болсын.
Пейілдерің кең болсын,
Отбасына бақыт келсін,
Таудай талап берсін,
Бармақтай бақ берсін.
Ұлыс оң болсын!
Қайда жүрсеңде жол болсын!
жүргізуші: Қызыр атамның ақ батасына мың да бір алғыс!
Алихан
Біз бақытты баламыз
Бақыт тілеп баршаға,
Ақ тілекті дос-жаран
Құтты болсын Наурыз!
Би : «Жас ұлан» тобы» «Қара жорға»
Жүргізуші: тамаша ,келесі кезекті балалардың мерекеге арналған тақпақтарына берейік
Тақпақтар: «Жас ұлан » мен «Болашақ» топтары
Жүргізуші: Тамаша, олай болса, ортаға ,бүгінгі ашық көрсетілімізде өнер көрсететін «Балдәурен» тобын шақырайық . Би :«Келіншек»
Жүргізуші:Келесі тамашалайтындарыңыз, атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан, салт – дәстүрге «Құлыншақ пен Ботақан» тобын ортаға шақырайық . (Бесікке салу рәсімі )
Жүргізуші: Тамаша ,ортаға мың бұралып билеген бишілердің өнерін тамашалайық.
Би: «Домбыра» «Күншуақ»тобы
Жүргізуші: Наурыз-бүкіл табиғат оянатын тіршіліктің бастауы. Халқымыз өсіп-өнсін деген ниетпен тал еккен. Бір-біріне жақсы тілектер айтқан. Ендеше, бізде мерекемізді наурыз туралы мақал-мәтелмен жалғайық.
Мақал-мәтел: «Жас ұлан» тобы
Жүргізуші: Балалар, балалар
Енді маған қараңдар,
Наурызды тойлайық,
Қызық ойын ойнайық.
Ұлттық Ойын: «Қыз қуу».« Асық ату», Арқан тартыс»
«Жас ұлан» тобы
Жүргізуші: қазақ халқының тағы бір салт-дәстүрін көрейік.
«Бөбек» мен «Лашын» топтары: «Тұсау кесер»
Ән: «Көктем кеді » Балдәурен тобы
Жүргізуші: Наурыз мерекесі әрқайсымызға көтеріңкі көңіл күй, қажымас қайрат, Өмірлеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болып, көңілдеріңізге береке, ынтымақ, достық пен күлкі ұяласын! Ұлыс оң болсын.!
Жүргізуші: Ой қосылсын ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа.
Аман – есен жетейік
Келесі Наурыз тойына!
Барлықтарыңыздың наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз!
Мереке құтты болсын!
