Тақырыбы:«Қош келдің жаңа 2023жыл!»
Мақсаты: Балаларға бұл мерекенің дүние жүзі бойынша барлық халықтың үлкен көңілмен қарсы алатын ерекше мереке екенін ұғындыру. Жаңа әндер, тақпақтар жаттату, би үйрету.
Қатысушылар: әр түрлі маскарад киімін киген балалар,Барыс, Маша, Панда, Аю,Қасқыр, Қоян, Аяз ата, Ақшақар.
Барыс:Сәлеметсіңдер ме құрметті қонақтар?! «Ботақан»тобының тәрбиеленушілерін қарсы алайық!
Музыка әуенімен қолдарына бұлғап бүлдіршіндер шығады.
Ән: «Жаңа жыл»
Ортаға Маша кіреді.
Маша:Сәлеметсіңдер ме балалар!Қалдарың қалай?
Әуен ойналып ортаға Панда жүгіріп шығады.
Панда:Жоқ Маша ол менікі,сен оны маған бер.
Маша:Жо-жоқ бермеймін.
Аю: Ой балалар бұларың не,бұлай болмайды.
Панда:Аяғым,аяғым........
Әуен ойналып Қасқыр келеді.
Би: «Аяз ата»
Аю:Кәнекей Маша,Панда,Қасқыр балаларға арнап бір билеп берейік
(Кейіпкерлер биі)
Барыс:Балалар шыршамызға қараңдаршы,шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты.
Панда:Барыс балалар шыршаға арнап «Шарша жырын» айтып берсе шыршамыз жанатын шығар.
Ән: «Шырша» жыры
Аяз-ата: Ақшақар қызым балалар шырша туралы керемет ән айтып жатыр екен.Қандай керемет,бірақ шыршамыз көңілсіз.
Ақшақар:Аяз-ата олай болса балалармен бірге шыршаны жағайық.
1-2-3 Шырша шамы жана түс.
Ақшақар:Олай болса Аяз-та балалардың бізге арнап жаттаған тақпақтарын айтсан.
Тақпақтар:
Жанали:
Тамаша,тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Аяна:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Медина:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келдіалыссапардан,
Аязатаоралып.
Нұрай:
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Би билеп барлық бала жүр.
Алдияр:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Дияр:
Аяз ата келі тұр,
Бізге сәлем бері тұр.
Сақалының ұзын – ай,
Кесіп алсам шіркін-ай.
Би: «Қояндар»
Әуен ойналып ортаға барыс сыйлық толы қорапты сүйреп шығады.
Маша: Барыс бұл не сыйлық?
Барыс: Машажан «2022 жыл-Балалар жылы» өтте керемет әрі,күшті өтті.Мен енді кетуім керек.Менің орнама Жаңа жыл Қоян жылын сендерге алып келдім.
(Қораптың ішінен қоян шығады)
Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп.
Бір жыл бойы сіздермен,
Дос болайық шаттанып.
Қасқыр:Қош келдің Қоян!
Қоян:
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда біз.
Жарқын, жарқын ән салып,
Жалғасады жылға жыл.
Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін- деп бүгінгі «Ботақан» тобының «Қош келдің жаңа 2023 жыл!» атты ертеңгілігі осымен аяқталды. Сіздерге көп-көп рахмет!
Бекітемін:
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы»МКҚК
Меңгерушісі_________Конысова Н.А
Жаңа жыл мерекесіне арналған
«Қош келдің Жаңа 2023 жыл»
атты ертеңгілік
Тәрбиешілер: Шортанбаева Жазира
Тыныбекова Светлана
Музыка жетекешісі:Өмірбайқызы Айгүл
«Ботақан» ортаңғы тобы
Талғар қаласы, 2022-2023 оқу жылы
