«Бекітемін»
«№7Айгөлек бөбекжай –балабақшасы» МКҚК
Меңгерушісі_____________ Конысова Н.А
«Қош келдің, Жаңа жыл!»
«Балауса» ересек топ
Тәрбиешілер:Бижанова Ш.
Зарерова А.
Музыка жетекшісі: Найманбаева Ш
Талғар қ, 2022-2023жыл.
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Көңілді әуен ойнап тұрады. Залға Барыс жылы балалармен билеп кіреді.
Жүргізуші: Құрметті, қонақтар «Айгөлек» балабақшасының ұжымы және біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз! Жаңа жыл әр отбасына табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін дейміз!
Ән: «Жаңа жыл»
Ертегілер елінде.
Ағаш түбінде қоян жатады. Қоянның жамбасына кесек қар түсіп кетеді де үркіп қаша жөнеледі.
Қоян: Ой, ой, жау келді, жау келді.
Жамбасыма оқ тиді.
Атқан оғы зеңбірек,
Зеңбірек оғы дөңгелек.
Ал, тұрмайын қашайын.
Қасқыр : Қоянжан ау, қайдан қашып келесін?
Қоян: Ой, ой, жау келді, жау келді.
Жамбасыма оқ тиді.
Атқан оғы зеңбірек,
Зеңбірек оғы дөңгелек.
Ал, тұрмай қашайық қасеке.
Түлкі: Қасеке, қасеке қайдан жортып келесіңдер?
Қасқыр: Түлкіжан ау, менен несін сұрайсың мына үркек қояннан сұра.
Қоян: Жау келді, жау келді.
Жамбасыма оқ тиді.
Атқан оғы зеңбірек,
Зеңбірек оғы дөңгелек.
Жүріндер тұрмай қашайық.
Жүріңдер анау таудың басына барып дем алайық.
Қасқыр: Қарыным ашып кетті ғой түлкішек әпке көзім қарауытып кетті.
Түлкі: Қасеке қасеке уайымдама бір амалын табамын.
Қоян ,қоян біздің саған бір сыйлығымыз бар соны көріп келейік.
Жолда аңдарға аю кездеседі.
Аю: О, бұл не шу? Әй қу түлкі қайдан келе жатырсыңдар?
Ей, қу түлкі не бүлдіріп жүрсіндер?
Қасқыр. Сіз қайдан тап болдыңыз?
Аю: Мені балалардың шырша мерекесіне шақырған соған келе жатырмың.
Түлкі: Аю сіз өзіңіз шыршаға бара беріңіз. Біздің қасеке екеуміздің қоянда бір шаруамыз бар еді.
Аю: Ей,тоқтаңдар түлкі сендер бірдеңе бүлдірейін деп жүрсіңдер.
Сендер ешқайда бармайсындар! жібермеймін шыршаға бірге барамыз.
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы бүгін біздің шыршамызға қонақтар келіпті.
Аю: Менің Маша қызым қайда екен? Балалар менің кішкентай Маша қызымды көрмедіңдер ма?
Жүргізуші: Балалар біз аюға Машаны табуға көмектесіміз бе?
Балалар: Иә,көмектесеміз.
Ау Маша, ау Маша, ау Маша
(Тосын сый ) Маша қораптан шығады.
Жүргізіші: Балалар қарандаршы біздің шыршаға Маша келіпті. Қош келдің,
Аю: Ой, міне жаңа жылдың ғажайыбы деген осы ғой, Машамыз табылды.
Жүргізуші: Балалар, өзіміз көңілді болғанымен, шыршамыз көңілсіз болып тұр. Жаңа жыл мерекесіне кімдер жетіспей тұр?
Балалар: Аяз ата мен Ақшақар!
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, қанекей, бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақар-ды шақырайық.
(Барлығы Аяз ата мен Ақшақарды шақырады.)
Аяз ата: Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан.
Аталарың сендерге ,
Шаршап келді алыстан.
(Аяз ата балалармен амандасады.)
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды,
Ақшақармын арайлы.
Жалт-жұлт еткен жүзімнен,
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын,
Қалай тыныш жатпақпын.
Менсіз қыстың сәні жоқ,
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, Аяз ата, Ақшақар! Алыс жолдан шаршап келдіңіздер. Біраз демалып, балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар!
Ақшақар: Аяз ата, шыршамыз көңілсіз ғой, шырша шамын жағайық!
Аяз ата: Бәрекелді, қызым, дұрыс айтасың!
Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3рет
(Шырша шамы жанады, айқайлап қол соғады)
Жүргізіші. Балалар бүгін біздің шыршаға көп қонақтар келіпті шырша әнін шырқап берейікші.
Ән: «Жасыл шырша»
Жүргізуші: Аяз ата, балалардың сізге дайындаған тақпақтары бар.
Тақпақтар:
1.Айгерім
Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жы-лға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
2.Арнат
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
3.Нұрғиса
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле Төрле Жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.
4.Еркеназ
Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.
5.Нұрсана
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
6.Нәби
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз.
Жүргізуші: Балалардың әдемі биімен көңіліңізді көтеріңіз.
Би: «Кішкентай ергежейлілер» биі.
Барыс жылы: Бір жыл бойы сендермен ойнадым, бірге жүрдім. Енді, міне, қоштасатын кез келді.
Жүргізуші: Шынымен балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Барыс жылы Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз.
(Бәрі Барыс жылымен қоштасады.)
Аяз ата: Балалар, ескі жылымызды шығарып салдық, енді Жаңа жылымызды қарсы алайық!
Қане, Қоян ортаға келе ғой.
Жүргізуші: Балалардың тақпақтарын тыңдайық
7.Инсар
Жылдың әнін бастайын,
Аяз ата кеп қалды.
Майысады жас қайың
Көтере алмай көп қарды.
8.Медина
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау, қарлы шың.
9.Аруназ
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
10.Нұрали
Аппақ аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман, қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
Кең пейілді, мол мейірлі,
Сағынышпен табысқан.
11.Аяулым
О, алақай, Аяз ата,
Келе жатыр алыстан!
Кел билейік, үйренейік,
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын жаңа жыл!
12.Ермұханбет
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа - жыл
Ата - әже, ата - әже
Құтты болсын жаңа жыл
13.Асылым
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
14.Дігәрбек
Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
Жүргізуші: Би билейміз бәріміз,
Жаңа кірді сәніміз.
Ақшақарды ортаға алып,
Ән саламыз бәріміз.
Би: «Ақшақарлар» қыздардың орындауында
Жүргізуші: Тақпақтарымызды тыңдайық
15.Бағдат
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда - жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
16.М.Мариям
Тамаша. тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
17.Хамза
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
18.Муслим
Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
19.Жігер
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
20.Т.Мариям
Жасыл желең жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
21.Даниял
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
22.Нұрмұханбет
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Жүргізуші: Аяз ата біздің балалардың сіздерге арналған билерін тамашалаңыздар.
Би: «Қозғал да,қатып қал»
Түлкі: Аяз ата, Ақшақар, балаларымыз сіздерге өз өнерлерін көрсетті. Әкелген сыйлықтарыңызды қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой, ұмытшақ басым-ай, қазір береміз.
(Балаларға сыйлық үлестіріледі.)
Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Бүгінгі шырша мерекесінің сәнін өздерің келтірдіңдер. Балалар рахмет сендерге. Барлықтарың да ақылды, өнерлі екенсіңдер. Солай емес пе, қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош, сау болыңдар!
(Аяз ата мен Ақшақар қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекеміз аяқталып қалды. Осындай мерекеміздің керемет өтуіне ат салысып жүрген ата-аналар мен әріптестеріме мың алғыс! Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!
Тексерген:
