Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Бекітемін»

«№7Айгөлек бөбекжай – балабақшасы»   МКҚК

Меңгерушісі_____________ Конысова Н.А

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

«Құлыншақ» ортаңғы топ

Тәрбиешілер: Утемисова А.

Макабылова Н.

Музыка жетекшісі: Найманбаева Ш.

Талғар, 2022-2023жыл.

Мақсаты:  Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.                                           

Зал іші мерекеге сай безендірілген. Көңілді әуен ойнап тұрады. Залға Барыс жылы балалармен билеп кіреді.

Жүргізуші: Құрметті, қонақтар «Айгөлек» балабақшасының ұжымы және біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз! Жаңа жыл әр отбасына табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін дейміз!

Ән: «Аппақ қар»

Ертегілер елінде.

Ағаш түбінде қоян жатады. Қоянның жамбасына  кесек қар түсіп кетеді де үркіп қаша жөнеледі.

Қоян: Ой, ой, жау келді, жау келді.

Жамбасыма оқ тиді.

Атқан оғы зеңбірек,

Зеңбірек оғы дөңгелек.

Ал, тұрмайын  қашайын.

Қасқыр : Қоянжан ау, қайдан қашып келесін?

Қоян: Ой, ой, жау келді, жау келді.

Жамбасыма оқ тиді.

Атқан оғы зеңбірек,

Зеңбірек оғы дөңгелек.

Ал, тұрмай қашайық қасеке.

Түлкі: Қасеке, қасеке  қайдан жортып  келесіңдер?

Қасқыр: Түлкіжан ау, менен несін сұрайсың мына үркек қояннан сұра.

Қоян: Жау келді, жау келді.

Жамбасыма оқ тиді.

Атқан оғы зеңбірек,

Зеңбірек оғы дөңгелек.

Жүріндер тұрмай қашайық.

Жүріңдер анау таудың басына барып дем алайық.

Қасқыр: Қарыным ашып кетті ғой түлкішек әпке көзім қарауытып кетті.

Түлкі: Қасеке қасеке уайымдама бір амалын табамын.

Қоян ,қоян біздің саған бір сыйлығымыз бар соны көріп келейік.

Жолда аңдарға аю кездеседі.

Аю: О, бұл не шу?  Әй қу түлкі қайдан келе жатырсыңдар?

Ей, қу түлкі не бүлдіріп жүрсіндер?

Қасқыр. Сіз қайдан тап болдыңыз?

Аю: Мені балалардың  шырша мерекесіне шақырған соған  келе жатырмың.

Түлкі: Аю сіз өзіңіз  шыршаға бара беріңіз. Біздің қасеке екуміздің  қоянда бір шаруамыз бар еді.

Аю: Ей,тоқтаңдар  түлкі сендер бірдеңе бүлдірейін деп жүрсіңдер.

Сендер ешқайда бармайсындар! жібермеймін шыршаға бірге барамыз.

Жүргізуші: Балалар қарандаршы бүгін біздің шыршамызға қонақтар келіпті

Аю: Менің Маша қызым қайда екен? Балалар менің кішкентай Маша қызымды көрмедіңдер ма?

Жүргізуші: Балалар біз аюға Машаны табуға көмектесіміз бе?

Балалар: Иә,көмектесеміз.

Ау Маша, ау Маша, ау Маша

(Тосын сый ) Маша қораптан шығады.

Жүргізіші: Балалар қарандаршы біздің шыршаға Маша келіпті. Қош келдің,

Аю: Ой, міне жаңа жылдың ғажайып деген осы ғой Машамыз табылды.

Жүргізіші. Балалар бүгін біздің шыршаға көп қонақтар келіпті, ендеше біз аю мен қоянға би билеп берейік.

Би:  «Аю мен қоян»

Жүргізуші: Балалар, өзіміз көңілді болғанымен, шыршамыз көңілсіз болып тұр. Жаңа жыл мерекесіне кімдер жетіспей тұр?

Балалар: Аяз ата мен Ақшақар!

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, қанекей, бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақар-ды шақырайық.

(Барлығы Аяз ата мен Ақшақарды шақырады.)

Аяз ата: Қандай жарқын жүздерің,

                Қандай әсем жырларың.

                Асаулармен алысқан,

                Асау желмен жарысқан.

                Аталарың сендерге ,

                Шаршап келді алыстан.

(Аяз ата балалармен амандасады.)

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа жылдарың құтты болсын!                   

                    Сүйсіндірер маңайды,

                    Ақшақармын арайлы.

                    Жалт-жұлт еткен жүзімнен,

                    Күміс сәуле тарайды.

                   Ақшақармын аппақпын,

                   Қалай тыныш жатпақпын.

                   Менсіз қыстың сәні жоқ,

                   Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, Аяз ата, Ақшақар! Алыс жолдан шаршап келдіңіздер. Біраз демалып, балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар!

Ақшақар: Аяз ата, шыршамыз көңілсіз ғой, шырша шамын жағайық!

Аяз ата: Бәрекелді, қызым, дұрыс айтасың!

Қуант, бізді, таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! 3рет

(Шырша шамы жанады, айқайлап қол соғады)

Жүргізуші: Балалардың әдемі биімен көңіліңізді көтеріңіз.

Би: «Ақшақар» биі, қыздардың орындауында.

Жүргізуші: Аяз ата, балалардың сізге дайындаған тақпақтары бар.

Тақпақтар:

Томирис

Ақша қар, ақша қар,

Аппақ болып қонасың

Тоса қалсам қолымды

Алақаныма толасың

Еркежан

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Айша

Жаңа жыл келгенде,

Қуанып қарсы аламыз.

Аяз ата келгенде,

Билейміз, ән саламыз.

Әли

Ақ қар ұшты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын,

Шыршы келді ортаға..

Алпамыс

Аю, қасқыр, қоян, түлкі бәріде

Ортада жүр би билеп,

Балалар жүр мәз болып,

Би билейді дөңгелеп.

Мансұр

Ән айтамыз, би билейміз,

Біз кқңілді баламыз

Тақпақ айтып, би билеп,

Аяз атадан сыйлық аламыз.

Айзере

Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын

Төрле-төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

Аңсар

Ата-әже, ата-әже,

Құтты болсын жаңа жыл.

Барыс жылы: Бір жыл бойы сендермен ойнадым, бірге жүрдім. Енді, міне, қоштасатын кез келді.

Жүргізуші: Шынымен  балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Барыс жылы Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз.

(Бәрі Барыс жылымен қоштасады.)

Аяз ата: Балалар, ескі жылымызды шығарып салдық, енді Жаңа жылымызды қарсы алайық!  Біздің жаңа жылымыз қоянымызды ортаға алып  бір ән шырқап берейік.

Ән: «Ақ қоян» балалардың орындауында.

Жүргізуші: Аяз ата біздің қыздарымыздың әдемі биімен көңіліңізді көтеріңіз.

Жүргізуші: Жаңа жылым мол болсын,

                      Басқан қадам оң болсын

                      Төрле-төрле жаңа жыл

                      Бізге құтты жыл болсын.

Тақпақтар

Алияр

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр.

Аружан

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан

Базарларлықты мол алып.

Әмірхан

Жаңа жыл келгенде,

Қуанып қарсы аламыз.

Аяз ата келгенде,

Билейміз, ән саламыз.

Гаухар

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.

Милана

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады, қатады

Жып-жылтыр боп жатады.

Аяла

Аяз ата келіп тұр,

Бізге сәлем беріп тұр,

Сәлеміңді қоя тұр,

Кәмпит жегім келіп тұр.

Жүргізуші: Аяз ата біздің балаларымыздың «Оркестр» ойынын қабыл алыңыздар.

Би: «Ергежейлілер» биі, ұлдардың орындауында.

Түлкі: Аяз ата, Ақшақар, балаларымыз сіздерге өз өнерлерін көрсетті. Әкелген сыйлықтарыңызды қашан бересіздер?

Аяз ата: Ой, ұмытшақ басым-ай, қазір береміз.

(Балаларға сыйлық үлестіріледі.)

Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Бүгінгі шырша мерекесінің сәнін өздерің келтірдіңдер. Балалар рахмет сендерге. Барлықтарың да ақылды, өнерлі екенсіңдер. Солай емес пе, қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош, сау болыңдар!

(Аяз ата мен Ақшақар қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты    мерекеміз аяқталып қалды. Осындай мерекеміздің керемет өтуіне ат салысып жүрген ата-аналар мен әріптестеріме мың алғыс! Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Тексерген: