Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Бекітемін»

«№7 Айгөлек  бөбекжай- балабақшасы»

Менгерушісі :               Конысова Н.А

атты ертеңгілік

«Лашын»  кіші топ

Тәрбиеші : Жилыбаева Ж. Шоран Ү.

Муз.жетекшісі : Масипова М.

Талғар ,2022ж

 «Қош  келдің, Жаңа Жыл!»

Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын, ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Лашын» тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)


Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар! Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін дейміз. Ой, балалар, мында кім жүр?

- Балалар, қараңдаршы біздер ертегі әлеміне келіп қалыппыз ғой, қараңдаршы мына жерден нені көріп тұрсыңдар? «Бауырсақ» ертегісіндегі бауырсақты көріп тұрмыз.
Бауырсақ: - Балалар, Аяз ата балаларға апара жатқан сыйлықтар салынған қоржынды жоғалтып алыпты, сендер көрген жоқсыңдар ма? Мен басқа жерлерден іздеп келейін.
Жүргізуші: - Ой, бізбен бірге Жаңа жылды қарсы ал. Біздің балалар жақсы өнерлерін көрсетеді.

Бауырсақ:
Әнді сүйіп тыңдаймын
Бірге айтсақ шыңдаймын.

Хор: «Шырша, шырша» әні.

Жүргізуші: - Мынау кім екен?
Қасқыр: Кім дегенің қалай? Ол ең әдемі, ең батыл, ең мықты, ең шапшаң, ол мен - қасқыр.

Жүргізуші: А...... солай ма? Осында қалай келіп қалдың?

Қасқыр: Мен жай жүрмін, сендердің мерекелеріңе әдейілеп келдім. Ал сендер бауырсақты көрген жоқсыңдар ма?

Жүргізуші: Ал сен оны қайтейін деп едің?

Қасқыр: Жай, менің қарным ашты, ой айтып қойдым ғой.

Жүргізуші: Сен оданда бізбен бірге Жаңа жылды тойла. Балалар, сендер қасқырға тақпақтарыңды айтып беріңдерші.

Аю: -Балалар, қыста жейтін азығым таусылып қалды. Сендер бауырсақты көрген жоқсыңдар ма? Сендер неге әдемі болып киініп алғансыңдар? Не болып жатыр? Жаңа жыл мерекесі ме? Мен де қатысқым келеді.

Түлкі:

Маған жетер ешкім жоқ,
Мен сұлумын орманда.
(Бауырсақты іздеп жүргенін айтады)
Қанеки бірге таласа,

Жүргізуші: - Балалар, біздің мерекеге кімдер жетіспейді. Қанекей бәріміз бірге дауыспен Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
1, 2, 3 Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата!!!

аттанамыз бәріміз

Аяз ата: - Сәлеметсіз бе, балаларым,
Балаларым балғыным.
Өмір гүлім, шалғыным.
Тілейтінім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың,

Ақшақар:
Шыршаның шамын жағып алайық, қанекей бірге.....
Бәрі бірге: «Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат!»

Аяз ата: Мені көп күткен шығарсыңдар, мен алыс-алыс жолдардан келемін. Балалар, мен сендерге әкеле жатқан сыйлығымды жоғалтып алдым.

Жүргізуші: - Аяз ата, сіз қам жемеңіз, біздің балалар бар, жиналған аңдар бар, сізге көмектеседі. Мен өзіммен бірге жаңа жылды алып келдім.

Ескі жыл: - Ал, достар меніңде кететін уақытым келді сендермен бір жыл бірге болдым. Менің жылымда  жақсы жаңалықтар болып, естеліктер қалды, жыл айналып келгенше аман болыңдар!

Флешмоб. Би.


Жүргізіуші: - Керемет!!! Бүлдіршіндеріміз жақсы билейді екен. «Лашын» тобының балаларының Жаңа жыл мерекесіне арнаған тақпақтары бар екен. Енд соған кезек берейік.
Дархан: Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын!
Төрле, төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын!

Алихан: Аппақ тоңға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келдң алыс сапарлдан

Аяз ата оралып.

Жүргізуші: - Балалар, Жаңа Жыл Қоянды ортаға шақырайықшы.

Жаңа жыл:

Мен жаңа жылмын,
Мен жаңа нұрмын!!!
Жүргізуші: - Балалар, Жаңа жылымыз ортамызға аман-есен келді. Ендеше Жаңа жылымызға би билеп берейік.

Жүргізуші: -Ооооооой, қрян, қараңызшы біздің балалар әп-әдемі киініп алған, себебі олар Жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр. Келіңіздер, көріңіздер.
Балалардың әдемі биімен көңіліңізді көтеріңіздер.

Би: «Қоян»биі

Аяз ата: - Балапандар, өздерің қандай өнерлі, ақылды, тәртіпті баласыңдар! Әрқашан езулеріңнен күлкі кетпесін, өмірлерің ұзақ болсын, болашақтарың жарқын болсын, денсаулықтарың мықты болсын!

Ата-аналарың мен ата әжелеріңнің қызығына ғана өсе беріңдер! Бізді басқа да балалар күтіп отыр, енді кетуіміз керек. Сендерге арналған сыйлықтарды қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар! Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рақмет! Жаңа жыл сіздерге тек қуаныш, бақыт, денсаулық алып келсін!