Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Қош келдің, Жаңа Жыл!»

Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Аққу»   мектепалды   тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы біздер ертегі әлеміне келіп қалыппыз ғой, қараңдаршы мына жерден нені көріп тұрсыңдар?
Ендеше біз осы жерде Жаңа жыл мерекесін тойлайық.

 Құрметті ата - аналар, қонақтар,! Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін дейміз.

Жаңа жыл  құтты болсын !

Жүргізуші.
Ой балалар, мында кім жүр?

Бауырсақ: Балалар, аяз - ата балаларға апара жатқан сыйлықтар салынған қоржынды жоғалтып алыпты, сендер көрген жоқсыңдар ма? Мен басқа жерлерден іздеп келейін.

Жүргізуші : балалар , бәріміз  шыршаның жанына жиналыппыз ,енднше,бірге  ән салайық .

Хор: «Шырша жыры»

Жүргізуші: Мынау кім екен?
Қасқыр: Кім дегенің қалай? Ол ең әдемі, ең батыл, ең мықты, ең шапшаң, ол мен - қасқыр.

Жүргізуші: А...... солай ма? Осында қалай келіп қалдың?

Қасқыр: Мен жай жүрмін, сендердің мерекелеріңе әдейілеп келдім. Ал сендер бауырсақты көрген жоқсыңдар ма?

Жүргізуші: Ал сен оны қайтейін деп едің?

Қасқыр: Жай, менің қарным ашты, ой айтып қойдым ғой.
Жүргізуші: Қасқыр, саған ұят емес пе? Сен неге оны қуалайсың.
Қасқыр: Мен бәрібір оны жеймін.

Жүргізуші: Сен оданда бізбен бірге Жаңа жылды тойла. Балалар, сендер қасқырға тақпақтарыңды айтып беріңдерші.

Нұрасыл: Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны.

Нұрай: Шеберін ай аяздың,
Әйнектерді қағаз ғып.
Әшекейлеп қойыпты,
Бірнеше ою ойыпты.
Суреттерді әр үйге,
Әйнектерді әрине.
Түнде салып береді.

Амир: Шырша дейміз елканы,
Балалар билеп қоршады.
Түрлі түсті ойыншық,
Шыршада көз тартады.                                                                                                     

Ұлпан: Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап                                                                                                   

Ән  саламыз, би билеп.

Аю: Балалар қыста жейтін азығым таусылып қалды. Сендер бауырсақты көрген жоқсыңдар ма? Сендер неге әдемі болып киініп алғансыңдар?

Жүргізуші: Ооооооой аю, қараңызшы біздің балалар әп - әдемі киініп алған себебі олар Жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр. Келіңіз, төрлетіңіз.

Түлкі: Маған жетер ешкім жоқ,
Мен сұлумын орманда.
(Бауырсақты іздеп жүргенін айтады)
Қанеки бірге таласа,
Менімен де, балалар,
Ойнасын ойын тамаша.

Жүргізуші: Балалар, біздің мерекеге кімдер жетіспейді. Қанекей бәріміз бірге дауыспен Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
1, 2, 3 Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата

Аяз ата: Сәлеметсңдердер ме, балаларым!
Балаларым балғыным.
Өмір гүлім, шалғыным.
Тілейтінім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың,

Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Ақшақар: Балалар,
Шыршаның шамын жағып алайық, қанекей бірге.....
Бәрі бірге: «Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат!»

Аяз ата: Мені көп күткен шығарсыңдар, мен алыс - алыс жолдардан келемін. Балалар мен сендерге әкеле жатқан сыйлығымды жоғалтып алдым.

Жүргізуші: Аяз ата, сіз қам жемеңіз, біздің балалар бар, жиналған аңдар бар, сізге көмектеседі.

Ескі жыл: (Барыс)  Ал, достар меніңде кететін уақытым келді сендермен бір жыл бірге болдым  көпдеген .Менің жылымда  жақсы жаңалықтар болып, естеліктер қалды .жыл айналып келгенімше аман болыңдар !Жаңа жыл: ( Қоян жылы)

Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін

Сәлеметсіздер ме, балалар

Мен тұрмын қуанып,

Шаттыққа бөленіп

Бір жыл бойы сіздермен

Дос болайық шаттаны.

Жүргізуші:

Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып

Би билейік бәріміз:

Би : флешмоб

Тақпақтар :
Жүргізуші: Балалар, Жаңа жылымыз ортамызға аман - есен келді. Ендеше Жаңа жылымызға ән орындап берейік.
ән : «Жаңа жыл»

Тақпақтар :
Жібек:

Ақ құрауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына
Көркем: Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты
Ақтан киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты

Райымбек:

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той маскарад басталды
Аяз оны басқарды

Исахан: Ақшақардай сақалы
Көрдік Аяз атаны
Безендірдік шыршаны
Шыршамыздың мың шамы
Би де үйрендік көрсін деп
Бізге риза болсын деп

Рустем: Жаңа жыл, Жаңа жыл
Жаңалық ізде сен
Жаңа ән, жаңа жыр
Жазып бер бізге сен

Димаш:

Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа жыл
Ата - әже, ана - әке
Құтты болсын жаңа жыл!
Жаңа жылым мол болсын
Төрле, төрле жаңа жыл

Жүргізуші : Айқын

Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып Би билейік бәріміз:

Түлкі.- о - о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?

Аяз ата: Айта ғой, түлкішек
Түлкі:
Ананы да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен түлкімін айлакер
Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)
Қасқыр: Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)
Мен қасқырмын, қасқырмын
Қозы ұрлаймын өрістен.
Ұйқым келмейді егерде
Қозы етін жемесем
Ахо - хо. Охо - хо.и билейік бәріміз.

балалардың әдемі биімен көңіліңізді көтеріңіз.

Би: «Аяз ата»биі
.Мыстан: Ой, қандай әдемі, қандай биік шырша. Мына шыршаны алып кетсем қайтеді.
Қойшы, жолдан шаршадым, біраз тынығып алайын. Мен жаңа келе жатсам, мына қоржынды тауып алдым. Бұл сендердікі емес пе? Өлең айтып, би билеңдер, тақпақтар айтыңдар сосын аласыңдар.

Тақпақтар :
(Қоржынды ашады, ішінен Буратино шығады)
Буратино: Димаш
Қане біздің қонақтар!
Басқаға мойын бұрмаңдар!
Бізге қарай жақындап,
Қызық күлкі тыңдаңдар!
(Амандасады ) мен Жаңа жылды тойлауға келе жатып, адасып қалдым, тоңып қоржынға кіріп жылынып отыр едім, Мыстан әже маған көмектесті ғой. Қанекей олай болса, барлығымыз менің қуанышыма би билеп жіберейік.
(Бауырсақ Аяз атаның қоржынын тауып келеді.)

Би : «Буратино»

Ақшақардың сұрақтары:

Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар:

Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар: Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі......
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Ойын :  «Ақшақар»

Аяз ата:  : Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Балапандар, өздерің қандай өнерлі, ақылды, тәртіпті баласыңдар! Әрқашан езулеріңнен күлкі кетпесін, өмірлерің ұзақ болсын, болашақтарың жарқын болсын, денсаулықтарың мықты болсын  Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Жүргізуші: Құрметті ата – аналар! Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп - көп рақмет! Жаңа – жыл сіздерге тек қуаныш, бақыт, денсаулық алып келсін!

 «Бекітемін»

«№7 Айгөлек  бөбекжай- балабақшасы»

Менгерушісі:Конысова Н.А

атты ертеңгілік

«Аққу»  мектепалды топ

Тәрбиеші :  Умбетова ББ

Талғар ,2022ж