«Бекітемін»
«№7 Айгөлек бөбекжай балабақшасы»МКҚК
Меңгерушісі______________Қонысова Н.А.
Күз мерекесіне арналған
«Алтын күз, әсем айналам!»
атты ертеңгілігі
Тәрбиеші: Макабылова Н.
Утемисова А.
Музыка жетекшісі: Калбаева Б
«Құлыншақ» ортаңғы тобы
Талғар, 2022-2023 оқу жылы
«Алтын күз, әсем айналам!»
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру. Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз мезгілінің халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын байыту.
Балалар әдемі сазды әуенмен залға кіріп орналасады.
Жүргізуші:
Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен,
Таңдандырып халқын күз.
Армысыздар, ағайын, Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі ортаңғы «Құлыншақ» тобының дайындаған « Алтын күз, әсем айналам!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Сіздерге әрқашан осы күз мезгіліндей молшылық тілейміз! Ал, балалар, берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз!
Балалардың орындауында
Ән: «Келді, міне күз»
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар, тыңдандаршы, бұл не шу?
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді. Қолында жеміске толы себет, үсті толы сары жапырақ, басында жеміс тағылған әдемі бас киім.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар?
Балалар: Сәлеметсіз бе?
Күз ханшайымы:
Уа, халайық, дархан далам армысың.
Табиғатым,жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақшы боп бар халқымның алғысын.
Мен – Күз ханшайымымын, сіздерді көргеніме қуаныштымын.
Жүргізуші: Қымбатты, Күз ханшайымы! Біздің балалар да күз туралы тақпақтар мен өлеңдер айтады. Сіз балалардың өнерін тамашалаңыз.
Күз ханшайымы: Рахмет, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Қәне, ойын ойнауға қалай қарайсыздар, балалар?
Ойын: «Кім жылдам!»
Ойынның шарты : күзгі бақтағы жапырақтарды ,түстерін ажыратып жинау.
Балалардың күз туралы тақпақтары
Еркежан
Алақай ! Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті,дән пісті.
Айтамыз алғысты
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде
Гаухар
Сап-сары ғып даланы
Бояптығо күз деген
Нурали
Келді міне күз
Айнала сары түс
Аружан
Алтын,сары,қызыл,көк,
Алуан,алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырып.
Жүргізуші:
Күз мезгілінде ,күн суытып жаңбыр жиі жауады.
Қолшатырлармен билеп
алайық.
Би «Қолшатыр» биі.(Қыздардың орындауында)
Балалардың тақпақтары
Али
Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Әмірхан
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр сыбдыр етеді.
Айзере
Сап- сары маңай,
Сап- сары тоғай.
Алпамыс
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып.
Н.Айша
Жеміс жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Ән: «Жаңбыр »
Жүргізуші: Күз ханшайымы, балалардың өнері ұнады ма?
Күз ханшайымы: Ия, балалардың барлығы да өнерлі екен.
Жүргізуші:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға.
Шақырады біздерді.
Би: «Тамшылар » ( ұлдардың орындауында)
Күз ханшайымы: Рақмет, балалар! Міне, менің сыйлығым бір себет күз сыйы. Сендерге денсаулық шаттық және бақыт әкелсін!
Жүргізуші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс. Бүгінгі сыйлығыңа рахмет! Бізге жыл айналып тағы келіңіз, біз сізді сағына күтеміз.
Осы кезде әуен ойналып Күз ханшайымы қоштасып, шығып кетеді.
Күздің кереметі,байлығы өте көп. Біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін, көп еңбек ету керек. Сондықтан сіздер еңбекшіл, болуларыңыз қажет. Бүгінгі күз мерекесін жақсы тойладық.Әр отбасына бақ, береке әкелсін! Осымен « Алтын күз, әсем айналам» атты ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!
