Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Бекітемін»

«№7 Айгөлек бөбекжай балабақша» МКҚК

меңгерушісі------------------- Конысова Н.А

Күз мерекесіне арналған

«Аяулы Алтын күз!»

атты тәрбие сағаты

Тәрбиеші: Жилыбаева Ж.

Шоран Ү.

«Лашын» кіші тобы

Талғар қаласы, 2022 ж.

 Тақырыбы: «Аяулы Алтын күз!»

 Мақсаты:  Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру, мерекелік көңіл-күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру. Балалардың күз байлықтары: астық, көкөніс, жеміс-жидектер туралы білімдерін кеңейту. Алтын күздің адамға берер пайдасын түсіндіру және табиғатты сүюуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Зал мерекеге сай безендіріліп, әдемі ән ойнап тұрады. Бүлдіршіндер залға бірге кіріп орындықтарға жайғасады.  Балалардың қолдарында жапырақтар болады;

Күтілетін нәтиже:

Біледі: күз мерекесіне дайындақпен келуді түсінеді;

Игереді: би, ән айтуды біледі;

Меңгереді: сөйлеу дағдыларын қалыптастырады, іс-қимыл әрекеттерді жасауды үйренеді;

Жүргізуші: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар, ел байлығын арттырған, берекелі күз айыда келді.  «Аяулы Алтын күз!» атты ертеңгілімізді бастаймыз.

Қызыл, сары, алтын, көк,

Алуан алуан жапырақ.

Күзгі бақта  күлімдеп,

Көз тартады жадырап.

Менің  кішкентай бүлдіршіндерім! Алтын күз  мерекеміз құтты болсын!

Әрбір қадамдарың күздей берекелі болсын, езіулеріңнен тәтті күлкілерің кетпесін!

                             Бұлттар төгіп жерге шөгіп,

                             Дымқыл тұман басады,

                             Шөп  сарғайып, өңі тайып,

                             Дала сұры қашады.

                             Бой жаза алмай, ойнай алмай,

                             Денең мұздап тоңады,

                             Бөбектерім айтыңдаршы?

                             Бұл қай кезде болады?                             

Балалар: - Күзде!

Жүргізуші: - Балалар, бізге қонақ  келіп тұрған сяақты! Орнымыздан тұрып қарсы алайықшы! (Балалар қол соғады, музыка ойналады, залға билеп Күз ханшайымы кіреді).

 Күз ханшайымы:      Уа, халайық, дарқан далам армысың,

                                      Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.

                                       Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

                                        Алмақ болып бар халқымның алғысын!

-Сәлеметсіздер ме, сүйкімді балалар? Бүгін сіздерде мереке болып жатыр екен ғой, дендеріңіз сау болып,  дастарқандарыңыз жеміс-жидекке толы болсын! Балалар, мен сендердің тақпақтарыңды, ән мен билеріңді сағынып келдім.

Жүргізуші: - Күз Ханшайымы төрлетіңіз, енді біздің ұл-қыздарымыздың әсем ән, билерін тамашалаңыз!

Ән: «Топ-топ, балақан!».

Жүргізуші: - Балалар, бізге тағыда қонақ келген сяақты, бәріміз қарсы алайық!

Қоян: -Сәлеметсіздер ме, балалар,  не болып жатыр, неге шулап жатырсыңдар?

Жүргізуші: - Біз  Күз мерекесін тойлауға жиналып  жатырмыз, ал сіз не істеп жүрсіз?

Қоян: - Мен орманда  жаңғақ теріп жүріп, бір де бір  жеміс-жидек таппадым. Жеміс-жидек тауып өзіме қыс мезгіліне азық дайындап алайын деп едім. Балалар, сендер маған көмектесесіңдер ме?

Жүргізуші: - Балалар,  қоянға көмектесеміз бе?

Балалар: - Иә, көмектесеміз.

Жүргізуші: -Балалар, қоянға бақшадан теріп алған алма, алмұрттарды берсек қалай қарайсыңдар?  - Иә.

Қоян: - Жарайсыңдар, балалар! Сендер өте мейрімді екенсіңдер, менің қыстық азығымды дайындап бердіңдер. Сендерге үлкен рахмет. Ал, балалар, мен орманға қайтатын уақытым болды. Қош сау болыңдар!

Би: «Жапырақтар» биі.

Жүргізуші: - Күз Ханшайымы, балалардың тақпағын қабыл алыңыз. Ал енді ортаға өз тақпақтарымен: Ибраһим, Алдияр, Амирхан.

Ибраһим:            Алтын сары қызыл көк,

                            Алуан-алуан жапырақ.

                            Күзгі бақта күлімдеп,

                            Көз тартады жадырап

Алдияр:             Күздің қазан айында

                          Алма, алмұрт піседі.

                          Жапырақтар сарғайып,

                         Саудырап түседі.

Амирхан:       Күн суытып,

                        Жапырақтар түседі.

                        Астық – жеміс жиылады

                        Қамбамызға құйылады.

Күз  ханшайымы: - Қандай керемет! Қандай ақылды!

Жүргізуші: - Күзде ауа райы қандай болады?

Балалар: - Салқын болды, жаңбыр жауады.

Жүргізуші: - Өнерлі ұл, қыздарымызды ортаға шақырып әндерін тамашалаңыздар.

Ән: «Оркестер, сылдырмақ»

Жүргізуші: - Рақмет, балалар!

Күз ханшайымы: - Рақмет балалар, енді менің сыйымды қабыл алыңыздар, Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақаша бүлдіршіндеріне баратын  уақытым  болыпты. Мен енді кетейін, сау болыңдар, балалар! Келесі кездескенше  аманшылық болсын!

Жүргізуші: - Балалар, Күз ханшайымына рақмет айтайық! Келесі кездескенше  аман-есен бол! (Балалар Күз Ханшаймымен қоштасады.

Музыка ойнап, Күз Ханшаймы шығып кетеді.

Ән: «Кап-кап, тук-тук!».

Жүргізуші: Күз ханшайымының сый-жемістерден дәм тататын кез келген сияақты, тобымызға баруға жиналайық.

Бүгінгі «Аяулы Алтын күз!» - атты ертеңгілігімізді аяақтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!