Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Бекітемін»

«№7 Айгөлек бөбекжай балабақшасы» МКҚК

Меңгерушісі______________Қонысова Н.А.

Күз мерекесіне арналған

«Берекелі,Алтын күз!»

атты ертеңгілік

«Көбелек» ортаңғы тобы

Тәрбиеші: Касенова А

Музыка жетекшісі:Найманбаева Ш

Талғар,2022-2023 оқу жылы

«Берекелі, Алтын күз!»
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру. Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын байыту.
Балалар әдемі сазды әуенмен залға кіріп орналасады.
Жүргізуші:

Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен,
Таңдандырып халқын күз.
Армысыздар, ағайын, Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі ортаңғы «Көбелек» тобының дайындаған «Берекелі, Алтын күз!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Сіздерге әрқашан осы күз мезгіліндегідей молшылық тілейміз! Ал балалар, берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
Балалардың орындауында

«Ән» «Күз тамаша»

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар, тыңдандаршы, бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді. Қолында жеміске толы себет, үсті толы сары жапырақ, басында жеміс тағылған әдемі бас киім. Қасында көкөністер бар.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы:

Уа, халайық, дархан далам армысың.
Табиғатым,жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақшы боп бар халқымның алғысын.
Мен –Күз ханшайымымын, сіздерді көргеніме қуаныштымын.
Жүргізуші: Қош келдініз күз ханшайымы! Келгеніне өте куаныштымыз. Сенің құрметіңе біздің балалардың әні мен биі бар. Ендеше балалардың орындауында

«Ән» «Алтын күз»

Жарайсыңдар балалар,бәрің өнерлі екенсіндер.
Жүргізуші: қымбатты Күз ханшайымы!Біздің балалар да күз туралы тақпақтар мен өлеңдер айтады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Балалардың күз туралы тақпақтары

 Асылым                  

Астық жеміс жиылды,                                            

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.

Аяла

Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерге секірді

Рамазан

О, алақай, тамаша,

Шашу шашады жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!

 Е.Айша

Күзім-ау, күзім-ау!

Мінезің бұзық -ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық -ау!

Амина

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін сыйлауға,

Шақырады біздерді.

Би «Бұлттар»  (Ұлдардың орындауында)

Балалардың тақпақтары

Муслима

Алтыңға бояп өңірді.

Күз де келді көңілді,

Бау  бақшада орманда.

Сары жапырақ төгілді.

Батырхан

Қарашы күз кеді, күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен түзеді,

Көңілсіз неліктен күз енді?

Иманғалаи

Күн суытып,

Жапырақтар түседі.

Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Айша

Күздің қазан айында, 

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр сыбдыр етеді.

Ахмедияр

Жайдарлы күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы кең далам,

Дариядай шалқар күз.

Сафия

Сап- сары маңай,

Сап- сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Алинур

Жеміс жидек пісті,

Қамбаға астық түсті.

Қызу жұмыс басталып,

Жинап алды жан салып.

Ән: «Қолшатыр»

Күз ханшайымы: Рахмет балалар  мен өзіммен бірге «Қолшатыр» ойын алып келдім. Кәне ойын ойнауға қалай қарайсыздар балалар?                                                                                

 Ойын: «Қолшатыр кімге тиеді?»

 Ойын шарты: балалар шеңберде жатқан қолшатырдың жанына тұрады. Музыка ойналады балалар билеп жүреді, музыка тоқтағанда балалар қолшатырдың жанына тұра қалу керек, қай балаға қолшатыр жетпей қалса , сол бала ойыннан шығып отырады.

Жүргізуші: Күз ханшайымы, балалардың өнері ұнады ма?
Күз ханшайымы: Ия, балалардың барлығы да өнерлі екен.
Жүргізуші:

Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға.
Шақырады біздерді.
Би: «Жапырақтар» (Қыздардың орындауында)
Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Міне, меңін сыйлығым бір себет күз сыйы. Сендерге денсаулық шаттық және бақыт әкелсін!
Жүргізуші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс. Бүгінгі сыйлығына рахмет. Бізге жыл айналып тағы келіңіз, біз сізді сағына күтеміз.
(Осы кезде әуен ойналып Күз ханшайымы қоштасып, шығып кетеді.)
Күздің кереметі,байлығы өте көп. Біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін, көп еңбек ету керек. Сондықтан сіздер еңбекшіл, болуларыңыз қажет. Бүгінгі күз мерекесін жақсы тойладық.Әр отбасына бақ, береке әкелсін! Осымен «Берекелі Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!