Бекітемін
МКҚК «№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы»
Меңгерушісі ----------------- Конысова Н. А
Күз мерекесіне арналған
«Қош келдің, Алтын күз!»
атты ертеңгілік
«Жас ұлан» мектепалды топ
Тәрбиеші: Умбетова Н.Б
Талғар, 2022 ж
Тақырыбы: «Қош келдің, Алтын күз !»
Мақсаты:
Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру. Күз мезгіліндегі өнім көкөністерден көрініс сахналандыру.
Балалардың ойын, ән, билер арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеру.Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, ұстаздар!
Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі, күз мерекесі құтты болсын!.
Көбейді құт- береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын, мереке.
Алтын күзді тойлаймыз-дей келе,
«Қош келдің, алтын күз !» атты
« Жас ұлан» мектепалды тобының ертенгілігіне қош келдіңіздер!
Бүгін мейрам, бүгін той,
Қуанышты күн, біліп қой
Күзгі бақтай сыңғырлап
Алақанды ұрып қой—дей келе,
«Жас ұлан» тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар!
(Балалар «Листопад» биіне билеп залға кіреді, қолдарында жапырақтар)
Тәрбиеші:
Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)
(ендеше, күз мезгіліне арнаған ән мен өлең шумақтарымызды айтайық)
Ән «Күз тамаша»
Тақпақтар: Мирас,Әмина,Нұриддин,Кәусар,Әлиасқар, Адина,Әлинұр. Асима,Танзия
Тәрбиеші:
Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.
Күзханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.
1.Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.(Жеміс)
- Ашулы қонақ бұл анық,
Тонын шешсе жыладық. (Пияз)
- Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұнға да
Айналар нанға да.(Бидай)
Тәрбиеші: Алтын күз мерекемізге қош келдіңіз.Балалардың өнерін тамашалаңыз.
Тәрбиеші: ұлдардың орындауында:»»Бұлт» биі
Балалар күз туралы тақпақтарын айтады.
Тақпақ: Еркежан, Қасым, Амира,Айқын, Альбина,Арыстан,Қазына,Нұрсұлтан ,
Тәрбиеші : Балалардың орындауында «Күз вальсі» әнін тамашалаңыздар
Балалар күз туралы тақпақтарын айтады.
Адия , Шахан, Бағым, Айсұлтан, Әдемі, Алихан, Жібек, Эмин.
Тәрбиеші : Күз ханшайымы, енді біздің балалардың биін тамашалаңыздар.
Би: «Тамшы»Қыздардың орындауында.
Күз ханшайым:тамаша, жарайсыңдар !
Менде сендерге құр алақан келмедім,сендерге арналған, керемет ойын бар,қанекей бірге ойнайық.
- Ойын: «Кім жылдам?» Қызға гүлді ұсынады
Тәрбиеші:
Күзім-ау-күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау:
Балалардың орындауында «Күзгі оркестр» тамашалаңыздар.
Күз ханшайымы: Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер Ендеше, мені басқа балалар тосып отыр, жыл айналып келгенше сау болыңдар!
(Күз кетеді)
Балалар: Күз ханшайымымен қоштасады.
Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс - жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға бақыт - береке тілеймін!
Осымен «Жас ұлан» тобының «Қош келдің, алтын күз !» атты ертеңгіліміз аяқталды. Күзге айтарымыз берер сыйы жылдан жылға көп болсын. Елімізде тыныштық, береке болсын! Қош сау болыңыздар!
Бекітемін
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Меңгерушісі ----------------- Конысова Н. А
Тақырыбы:
атты тәрбие сағаты
«Жас қанат» МАД тобы
Тәрбиеші: Тлеубаева Ж.
Талғар, 2022 ж

