«Бекітемін»
«№7Айгөлек бөбекжай –балабақшасы» МКҚК
Меңгерушісі_____________ Конысова Н.А
Күз мерекесіне арналған
Тақырыбы: «Жомарт күз» ертеңгілігі.
«Балдәурен» ересек топ
Тәрбиешілер: Суюмбаева Р. А.
Ахылбекова А.З.
Музыка жетекшісі: Найманбаева Ш
Талғар,2022-2023жыл.
Тақырыбы: «Жомарт күз!»
Мақсаты: Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту. Күз мезгіліндегі үлкендер еңбегі,бау-бақша өнімдері туралы түсініктерін кеңейту.
«Жомарт күз» теңеуіне түсінік беру. Өлең –тақпақтарды айтып,сахналау арқылы, тілдік қорын байытып,ой-өрісін дамыту. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрініс:Табиғат патшалығындағы жомарт күз.Табиғат патшалығының патшасы тақта отырады.
Уәзірлері (жүргізуші):
1)-Жараңдар,қараңдар табиғат патшалығына күз мерекесіне келіңдер.Сіздерді табиғат патшасы шақырады.
2) -Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.
Патша:-Уа ,халайық,халайық!
Табиғатым тамаша!
Жомарт күзді қарсы алып.
Ән салыңдар жаңаша.
Күз ханшайымы:-Уа ,халайық дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын :
Ағайынды бәрі ,шықса жасыл,түссе сары .Жауабы: жапырақ.
Жүргізуші: Қайырымды күз келді,
Тартуы көп тиісті
Шабдалы бар алқызыл,
Алмасы бар хош иісті,
Алмұрты бар тәтті
Балаларға ұнайды,
Сыйлығы сондай сәтті!
Ән: «Күз келгенде» орындалады.
Көкөністер дауы:
Бұршақ : Кішкене түймедеймін
Мен ұнаймын бәріне
Дәмді тағамдарымен
Сый жасаймын бәріңе.
Қызылша : Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.
Қырыққабат: Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға
Бәрі жейді тамсана.
Қияр: Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне.
Шалқан: Кім білмейді шалқанды
Талайлар маған таң қалды,
Бәріне сый боламын,
Тауып көр менен дарханды.
Сәбіз: Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де.
Қызанақ: Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма, адам сүйсінбей,
Томат шырын ішпеген?
Пияз : Боламын мен дәмдеуші,
Барлық-барлық тағамға
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
Картоп: Мен ұялшақ картоппын,
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар
Бос айтысты қояйық
Дауласуды тоқтатайық.
Патша: Таласпаңдар,бекерге.
Көкөністер бақшада.
Бәріңізде пайдалы,
Болып тұрсың адамға.
Қыздардың орындауында би: « Оюлы көрпе»
Тақпақтар:
Аяла: Мейірлі күз,мырза күз,
Сыйлығыңа ризамыз.
Аппақ арай таңында,
Шомыламыз нұрға біз.
Алихан: Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Ақжібек: Жапырақ ұшып,
Суық та түсті,
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
Айнара: Алтын-сары қызыл-көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырақ.
Айкөркем: Күзгі шақта,
Біздің бақта,
Түрлі түсті,
Жеміс пісті
Анар,алша
Алмұрт, алма
Алма,жаңғақ
Ал,үз таңдап.
Жеке би : «Хорезм»
Тақпақтар:
Тоғжан: Берекесі сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Жанель: Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр етеді.
Амира: Кун суытып
Жапырақтар түседі.
Астық - жеміс жиылды.
Қамбамызға құйылды.
Алуа: Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз,
Өлкемізге күз келді
Кемелденсін халқымыз.
Ұлдардың орындауында би: «Көкөністер»
Тақпақтар:
Ажар: Алақай! Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты.
Айлина: Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз.
Аиша : Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
Ойын: «Қолшатыр»
Ән «Кап- кап ,тук- тук» орындалады.
Патша: Астық толы қамбамыз,ризамыз саған «Жомарт күз»
Күз ханшайымы: Рахмет!Міне менің сыйлығым ,сендерге денсаулық, шаттық,береке әкелсін!
Тәрбиеші: Берекелі бақ дәулет
Арта түссін тойланып,
Сау болыңдар,қонақтар,
Келгенше жыл айналып-деген жақсы тілек лебізбен балалардың күзгі көрінісін тамашалағандарыңызға рахмет!Сау- саламатта болыңыздар!