« Бекітемін»
« №7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы»
Менгерушісі: Конысова Н.А
«Ұлттар достығы!»
атты тәрбие сағаты
«Аққу» мектепалды топ
Тәрбиешісі : Умбетова Б.Б
Талғар, 2023 ж
Тақырыбы: « Ұлттар достығы !»
Мақсаты: Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік көңіл күйлерін көтеріп, өздеріне ұнайтын шар, жалаушаның суретін салдыру. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білуге үйрету.
Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, ән айту.
Көрнекілігі: Әр ұлт өкілдерінің суреттері, слайд,сурет салу құралдары
Шаттық шеңбер:
Гимн орындау.
Тәрбиеші:
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
- Дұрыс айтасыңдар, қазір көктем мезгілі, көктем мезгілінде біз қандай мерекелерді тойладық, қане есімізге түсірейікші.
-1 наурызщ алғыс айту күні, 8 наурыз аналар мерекесі, 22 наурыз, наурыз мерекесі.12 сәуір ғарышкерлер күні.
Жарайсыңдар, сендер жақсы біледі екенсіңдер, естеріңе жақсы сақтап қалыпсыңдар. Осы көктем мезгілінің соңғы мамыр айында тойланатын тағы бір мереке бар екен. Ол мереке 1 мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні мерекесі.
Тәрбиеші:
- Балалар біздің ұлтымыз қандай?
- Қазақ
- Біз қай тілде сөйлесеміз?
- Қазақ тілінде.
Қазақстан халқының өзінің қазақ тілі, ұлттық киіміміз, салт – дәстүріміз бар. Сол сияқты біздің Қазақстанда басқада ұлттар тұрады. Өзбек, орыс, қырғыз, татар және тағы басқа да ұлт өкілдері тұрады.
Қане балалар бәріміз белсенді тақтаға қарайық.
1 – слайд: Сурет арқылы әр ұлттардың киімдерімен таныстыру.
Балалар, осы ұлттардың барлығы да Қазақстанда тұрады. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Олар өз елдерінде болмасада, Қазақтардың елін – елім деп, жерін – жерім деп, құрметтеп, үлкен үлгілі, бақытты, өнегелі отбасы болып өмір сүруде. Әлем халықтарының тату – тәтті бейбітшілікте, ынтымақтастықта өмір сүріп отырғаны біздің қазақ елінің арқасы және олар мұны түсініп, жақсы біледі. Сол себепті біздің елімізді қадір тұтып, құрметтейді.
Ертең 1 мамыр мерекесі.. Әр ұлт өкілдері өздерінің ұлттық киімдерін киіп, өнерлерін көрсетеді.
Тақпақтар
Нұрасыл
Қазақ осы қарасың ба ақсын ба?
Қоңырсың ба? Жатырқауды білмейтін.
Нұрай
Алтын дәмді даламыз бай болсын
Ақ күмістей қаламыз көп болсын!
Бақболсын
Бұзылмасын сәніміз
Барлық ұлттар бірлесіп
Қазақстан жерінде
Жасасын той мереке
Бекболсын
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз
Амир
Солнечный май
Радостный май
Песенку слушай
Привет принимай
Жібек
Достық шырағымыз
Достық ұранымыз
Ескендір
Достық үлгі санаған
Бір үйде біз тұрамыз
Қалған ата – бабадан
Бірлік асыл мұрамыз
Тәрбиеші : балалар бәріміз бірігіп ән айтайық
Ән: «Ұлттар достығы»
Балалар, біз мерекеге қолымызға не ұстап шығуға болады деп ойлайсыңдар?
- Шар, жалауша.
- Дұрыс айтасыңдар, біз мерекеге шар, жалаушалар ұстап шығуымыз керек. Олай болса осы мерекеге арналған шарымыз бен жалаушаларымыздың суретін салайықшы.
- Жалауша қандай пішінге ұқсайды?
- Тіктөртбұрышқа
- Түсі қандай болады?
- Көк болады.
- Ал шар қандай пішінге ұқсайды?
- Домалақ, сопақша.
- Түстері қандай болады?
- Қызыл, көк, жасыл, т. б
Жарайсыңдар балалар, жалаушамыздың түсі көк, пішіні тіктөртбұрышты, ал шарларымыздың түстері әр түрлі, пішіндері домалақ, сопақша болады екен. Қане алдарыңдағы қағазға өздеріңе ұнайтын шар мен жалаушаның суретін салайық.(Балалар өз қалаулары бойынша ұнайтын суреттерін салады)
Сергіту сәті: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан. (өлеңге сәйкес қимылдар жасайды)
Дидактикалық ойын: «Қай ұлттың бас киімі?»
Ойын шарты: Көрсетілген әр ұлт өкілдерінің суреттерінің бас киімін тауып кигізу.
Би : ұлттық билер
Айқын
Ырыс алды – ынтымақ.
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Ұрыс, ырысты қашырар------------Елжан
Ынтымақ, халықты асырар.
Балалар сендер достық, ынтымақ туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
Достық ынтымақ туралы даналық сөздер, мақалдар құрастыру
1 – Ұлпан: Ынтымақ - достықтың бірлігі.
2 – Димаш: Ырыс алды - ынтымақ.
3 – Сұңқар Достық күші - бірлікте.
4 – Жания: Достық түбі – береке.
5 – Гауһар: Ел бірлігі - ел теңдігі.
6- Шахайдар,Көркем:Бірлік бар женрде,тірлік бар
Балалардан бүгінгі өтілген тақырып бойынша сұрақ – жауап арқылы қорытынды жасау.
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызға жақсы қатыстыңдар. Бір – біріңе деген достықтарың мәңгі болсын, ата – аналарың аман болсын.
Тексерілді :
