«Бекітемін»
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Меңгеруші ________________ Конысова Н.А.
Тақырыбы : «Ұлы жеңіс мәңгілік!»
9 мамыр күніне арналған тәрбие сағаты
«Күншуақ » ересек топ
Тәрбиеші : Рабатова К.
Талғар оқу жылы 2023 ж
Тақырыбы : «Ұлы жеңіс мәңгілік!»
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Ән: Гимн .
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, батырлар суреттері.
Тәрбиеші: Соғыста Кеңес Одағының бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында млн қазақстандықтар болған. Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мамбетова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Бауыржан Момышұлы екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы қазақтың көрнекі жазушысы.
- Балалар Отан - туған жер туралы тақпақтар.
Нуркелды
Отан үшін жанымызды береміз,
Отан үшін барлығына көнеміз.
Отаның да, ананың да алдында,
Осы өмірде парызды өтеп кетеміз.
Айзере
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен Отан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің сен Отан.
Т.Медина
Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Адина
Отан - сенің, ата - анаң,
Отан - досың бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.
Мейіржан
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқан, Ұлы Отан.
Елім менің - тірегім,
Құшағынды гүл атам.
М. Алихан
Асыр салған таласып,
Біз туған ел - баласы.
Қандай байтақ - Отаным,
Жан - жағына қарашы.
Омар.
Отаным - кең көсілген,
Төсінде ырыс өсірген.
Қаптаған шал, алып дән,
Бәрі менім несібем.
Тәрбиеші:- Иә сұралып соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте бер.
Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.
Арылтып жаудан жеріңді,
Табанға жаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді,
Оралды ерлер көңілді,
Десеңдер бұл қай күні.
Тоғызыншы мамыр күні!
- Балалар жеңіс туралы кім тақпақ айтады.
Асылхан
Жеңіс, жеңіс естіледі жалынды,
Жеңіс, жеңіс қоңыраулар қағылды.
Күн парақтар қып - қызыл боп ашылды.
Жеңіс келген тоғызыншы мамырды.
Төре.
Домбырада саусақтары жаралы,
Жеңіс, жеңіс атам әнге салады.
Шаршағанда аңсағанда жас шағым,
Жеңіс деген сөзден ләззат алады.
М. Алихан.
Ағайлардан, апайлардан, інімнен,
Жеңіс сөзін көп естідім мен бүгін.
Сәл күбірлеп жеңіс, жеңіс деп едім,
Жазылғандай әжем белі бүгілген.
Әмирхан .
Жадыраңқы бүгін қабақ ашылған,
Жаса жеңіс мұң қайғыны қашырған.
Мен жеңістің көріп тұрмын алауын,
Жаңарладан алтын шуақ шашылған.
Тәрбиеші: Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәмбетова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов.
Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын, қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз
қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз бәрі де сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі. Әрине соғыс болмасын!
Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім, өз жеріміздің, патриоттары болайық.
Тәрбиеші: Балалар, біздің шекараны кім қорғайды?
Балалар: Солдаттар.
Шекарада солдат тұр,
Ел бақытын қорғап тұр.
Көңілденсін ағалар,
Амандық хат жолдап тұр.
Ән: Бұл шақта.
Тәрбиеші: Осымен «Ұлы жеңіс мәңгілік !» атты тәрбие сағаты аяқталды.
Тексерілді :
