Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бекітемін

«№7 Айгөлек бөбекжай - балабақшасы» МКҚК

меңгеруші________________Конысова Н.А

Наурыз мерекесіне арналған

«Ұлыс- оң болсын!»

атты тәрбие сағаты

Тәрбиешілері:  Бейсембаева А.

Байбол А.
«Таңшолпан» ересек  тобы

Ән-әуен жетекшісі: Масипова М.Қ.

Талғар, 2022-2023 оқу жылы

Тақырыбы: «Ұлыс- оң болсын

Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны,  және наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни, бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын! Ұлыстың ұлы күні ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.
Олай болса, бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты ашық  көрсетілімге                                қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Тамаша, олай болса,  ортаға ,бүгінгі ашық көрсетілімізде  өнер көрсететін өнерпаздарымызды шақырайық

Жүргізуші: Балалар ,біздер Ұлыстың Ұлы  күні   ақ бата алып,  шашу,шашатын  кім,екенін,,білесіңдерме? 

Балалар: Қызыр  Ата! Наурыз  Әже!
Жүргізуші:

Қашанда Құт - береке орнасын деп,
Тойларда  шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін

- Ендеше, ортаға, ақ, батасын, беруге, Қыдыр, атамызды, шашуын, шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!

Наурыз Әже:
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (отырған  қонақтарға шашу шашу).

Жүргізуші: Қыдырата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңыздар, бүгін біздің балабақшада үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!                        

Әже: рақмет айналайындар! Мен сендерге құр алақан келмедім наурыз көжемді ала келдім, дастархан басына келіңдер!

Әжемнің әуені:  Ой, аталар, аналар

                            Айналайын балалар!

                            Тоя ішсін деп тамсанып

                            Жеті түрлі дәм салып

                            Наурыз көже пісірдік

                            Оттан қазан түсірдік.

                            Бал көжеден татыңдар,

                            Бар қызыққа батыңдар.

Қызыр ата: Уа, ағайын! Бүгінгі  күн мен түн теңескен  ұлыстың  ұлы күні  Наурыз мерекесі баршаңызға құт әкелсін!

Жер – Ананы мекен еткен барша мұсылмандардың қасиетті  - әз Наурыз әр отбасына береке әкелсін. (Осы кезде Тазша бала мен Алдаркөсе ортаға шығады).

Тазша бала:  Ассаламағалейкум, Қызыр ата!

Қызыр ата: Уағалейкумассалам, Алдар көсе, Тазша балам, екеулеріңнің бастарың қосылып қалыптығой, жақсылыққа болғай.

Тазша бала: Қызыр ата, біз жай қыдырып жүрген жоқпыз, ұлттық дәстүр, ән - жырды еске түсіріп, жастарға таныстырып жүрміз.

Тазша  бала: Алдар аға  жыртық  шапанмен  жүруші едіңіз, бүгін тойға сықиып тұрып киініп алыпсызғой

Алдар: әрине бала Шығайбайды бұл жолыда  алдадым да әдемі шапанын алып кеттім

Қызыр ата: Алдарым – ай, мына тұрған мені де алдап кететін түрің бар – ау!

Тазша бала: Менің де қолымнан келмейтін іс жоқ. Мереке қонақтарын би билетіп, ойын ойнатып жіберем!

Қызыр ата: Жарайсың, Тазша бала, ойыныңды ойнатарсың, енді балалардың өнерін тамашалайық.

жүргізуші: Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ,

                       Қалыс адам болмасын некен – саяқ.

                       Ән шырқап, би белейік қауым болып,

                       Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.

«Аққу «тобы: ән «Қош келдің, Әз Наурыз»

Би: «Көктем биі» Ақбота  тобы

Жүргізуші: тамаша, келесі кезекті балалардың мерекеге арналған  тақпақтарына  берейік

Тақпақтар: «Балауса»  тобы

жүргізуші: Келесі тамашалайтындарыңыз, атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан, салт – дәстүрге байланысты өнерлерін көрсетуге  «Балапан»  тобын ортаға  шақырайық  (бесікке салу  рәсімі )

 Жүргізуші:Күн күлімдеп нұрын шашар, шуағын,

                       Құтты болсын Наурыз айы, қадамың.

                       Бүгін бізде салтанат, қызық ойын,

                       Халқым – ау құтты болсын жаңа жылың!

«Айтыс»  «Аққу»  тобы  өнерін  тамашалау 

Жүргізуші : Тамаша  ,ортаға мың бұралып билеген  бишілердің өнерін тамашалайық.

Би : «Бипыл»  «Балауса»тобы

Тақпақтар :»Жас қанат»

Жүргізуші: Балалар, балалар

                     Енді маған қараңдар,

                     Наурызды тойлайық,

                     Қызық ойын ойнайық.

Ұлттық  Ойын:  «Қыз қуу»..» Асық ату», «Балауса, Ақбота»топтары

« Арқан тартыс»»Аққу, Жас қанат»топтары

Ән: «Наурыз көктем» «Жұлдыз» тобы

Жүргізуші :   қазақ халқының  тағы бір салт-дәстүрін  көрейік.

«Көбелек» тобы»:  «Бауырынан  табақ алу»

«Таңшолпан» тобы: «Тұсау кесер»

Би: «Аққу» тобы» «Қазақтың жігітері»

Ән: «Көктем келді» « Балауса» тобы

Тақпақтар: »Жас қанат» тобы

Жүргізуші:

                  Ата салтын бабамның,
                  Алып келді ұлыс күн.
                  Бір анадан туғандай,
                  Бір ұядан ұшқандай.
                  Бір аспанның астында,
                  Бір дастархан басында.
                  Береке - бірлік болсын деп,
                  Көп көжеден дәм татып, Күшейтейік бірлікті.

Жүргізуші:
-Ата, бүгінгі думанға сонау алыстан ат арылтып келгеніңізге орай ала келген ақ батаңыз да бар болар. Мына отырған халықтарға ақ батаңызды беріңіз!

Қызыр ата:    Елдеріңнің іргесі берік болсын,

                       Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын.

                       Сөздерің серттей берік болсын

                       Өмірлерің көңілді болсын

                       Қазақ елі атауы баршамызға

                       Мәңгілік ел болуға бастау болсын.

                       Төрт түлік төлді болсын,

Теңгеміз құнды болсын. 

Пейілдерің кең болсын,

 Отбасына бақыт келсін,

 Таудай талап берсін,

Бармақтай бақ берсін.

Ұлыс оң болсын!

Қайда жүрсеңде жол болсын!

жүргізуші: Қызыр атамныңақ батасына мың да бір алғыс!

Хор:  «Жас қанат» тобы  

Жүргізуші: Наурыз  мерекесі  әрқайсымызға  көтеріңкі көңіл күй, қажымас қайрат, Өмірлеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болып,. көңілдеріңізге береке, ынтымақ, достық пен күлкі ұяласын! Ұлыс оң болсын.!

Жүргізуші: Ой қосылсын ойыңа,

                         Бой қосылсын бойыңа.

                         Аман – есен жетейік

                         Келесі Наурыз тойына!

 Барлықтарыңызды  наурыз  көжеден дәм татуға шақырамыз!

                          Мереке құтты болсын!