Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

    Бекітемін:
                                                                «№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
                                                                Меңгеруші: Конысова Н А

12 сәуір ғарышкерлер күніне арналған
«Мен ғарышкер боламын»

атты тәрбие сағаты

«Күншуақ» ересек тобы

                                                                Тәрбиеші : Рабатова К.

Талғар, 2023 жыл

Тақырыбы: «Мен ғарышкер боламын» 
Мақсаты:
Балаларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және қазақтандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру.
Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру. Балалардың патриоттық сезімін ояту.

Билингвальды компонент: зымыран-ракета

Барысы:

Шаттық шеңбері

Арманы бар бір ғана,

Талабы зор баламын.

Шынығумен шыңдала,

Тез-ақ өсіп, толамын.

Жұлдыздарды жағалай,

Айға барып қонамын.

Тұңғыш Тоқтар ағадай,

Мен ғарышкер боламын.
Тәрбиеші: - Ал бүгін біз сендермен тағы бір маман түрімен танысамыз – бұл ғарышкер. Балалар 1961 жылы 12 сәуірде тұнғыш ғарышқа адам ұшты. Бұл адам Кеңес одағының азаматы Юрий Гагарин болатын. Содан бері 12 – сәуір Ғарышкерлер күні мерекесі болып аталып келеді. Ю. Гагарин  тұнғыш рет ғарышқа жол салған, сол күннен бері 62  жыл уақыт өтті. Олай болса мына суреттермен топқа бөлінеміз.
Тәрбиеші: Бүгін біз ғарышқа саяхат жасайтын боламыз.

1.Тоқтар Әубәкіров
2.Талғат Мусабаев
3.Айдын Айымбетов

Олай болса балалар ғарышқа ұшатын адамды кім дейміз?
Балалар ғарышқа не үшін ұшады?
Иә, аспан әлемін, планетаны, жұлдыздарды зерттеу үшін ұшады.
Слайд: аспан әлемі
Ең бірінші болып ғарышқа кім ұшты:
Юри Гагарин (слайд)
Ал қазақ жерлерінен кімдер ұшты?
Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев (слайд).
Ал балалар ғарышқа не арқылы ұшады?
Зымыран қалай ұшады? (слайд )
Балалар сендер қалай ойлайсыңдар ғарышкер ғарышта жүргенде зымыран ішінен шығады ма?
Иә шығады, өйткені олар жұмыстарын жасайды, зерттейді, әр түрлі планетаны зерттеп ашық аспанда жүреді.
Слайд ғарыштағы сурет.
Бірақ балалар аспанда ауа жоқ, өте ыстық, ал ғарышкерлерге скафандр деген киім көмектеседі, арнайы ауасы бар, ыстықтан қорғайтын киім.
Балалар ғарышкерлер ғарышта ұзақ жүреді, ал олар қалай тамақтанады, не жейді, от жағып пісіре ме?
Жоқ оларға әдейі арналған зымыранмен тамақ әкелінеді, тамақ оларға жабық түрде, езілген түрде, тіс пастасының қорабы сияқты қорапта беріледі, шай, суда солай әкелінеді, соны сығып жейді. Балалар сендер ғарышкер болғыларың келеме?
Білесіңдер ме ғарышкер болу үшін ең алдымен шынығу керек дейді, енді бәріміз орнымыздан тұрып жаттығу жасап алайық.
Сергіту сәті

Қане қанат жазайық,
Зымыран боп ұшайық.
Ай бетінде болайық,
Қайта жерге қонайық.
Ал, екіншіден өте білімді болу керек екен, мен сендердің білімдеріңді тексеремін, ол үшін мынадай ойын ойнаймыз.
Ойын: «Зымыранды құрастыр»
Мына жерде бөліктер бар оны құрастырып шығару үшін бірнеше сұрақтарға жауап беруіміз керек, әр бөліктің артында сұрақтар берілген.
1. Ғарышкер қайда ұшады ?
2. Олар немен ұшады ?
3. Ғарышкерлер қандай  тамақ жейді ?
4.  Тұңғыш қазақ ғарышкерлері кім?
Мінекей зымыран құрастырдық, зымыран дайын, денеміз шынықты, білімімізді тексердік, ал енді ғарышқа ұшамыз, дайынбыз ба?
Ендеше скафандрды үстімізге киейік, зымыранға отырайық (қолмен қозғалыс көрсетеді), балалар жоғарыға ұшу үшін сиқырлы сөз айту керек көзді жұмып.
Бір, екі, үш
Ғарышқа тез ұш.
Балалар қараңдаршы жұлдыздар қандай көп, әр түрлі планеталар бар, білесіңдер ме аспаннан жерге қарағанда жеріміз доп сияқты дөңгелек, біз сол дөңгелек жерде тұрамыз.
Енді балалар жерге оралайық, ол үшін сиқырлы сөзімізді айтып, көзді жұму керек.
Міне біз жердеміз, осылай ғарышқа ұшады екен.

Қорытынды:
Балалар сонда ғарышқа қай күні ұшқан?
Кімдер ұшты?
Балаларды мадақтау.                             

Тексерілді :