Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы: «Жомарт күз»

Мақсаты:Балалардың әртістік қабілетін дамыту, еңбексүйгіштікке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу, ауызбіршілікке бейімдеу.

Зал мерекеге сай безендірілген. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! Бүгін «Болашақ» тобының балалары дайындаған «Жомарт күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
- Қараңыздаршы, бүгін біздің балалар қандай әдемі болып кеткен.

(Балалар орындарына отырады,тарсылдаған жаңбырдың дауысы естіледі)
- Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу?

(Жаңбырдың дауысымен залға бұлттар кіреді)

Күзгі көк бұлт біз боламыз

Көтеріліп теңізден .

Аспанға биік барамыз,

Қаласақ қазір сендерге,

Жаңбыр болып жауамыз.

(Балаларға жаңбыр шашады)

Жүргізуші:

Жаңбыр, жаңбыр жаумай тұр,

Дабылыңды соқпай тұр.

Саяғыңды түгендеп .         

Үйіріңді соқпай тұр!

-Біздің қыздар сендерге «Аққу» биін билеп берсін!

Би  «Аққу» 

Бұлттар: Рахмет балалар билерің бізге ұнады. Өнерлі екенсіңдер.

Жүргізуші:Балалар бізге бұлттармен бірге көңілді , бірақ бізге күн жетіспейтін сияқты. Қане,  балалар бәріміз мейрамымызға күнді қонаққа шақырайық!

(Балалар орындарында отырып , қолдарын  шапалақтап,аяқтарын тыпырлатып , күнді шақырады). Күн келеді.

Күн:

-Сәлеметсіңдерме, балалар !

Мен жарқырап төбеде,

Нұрын төгіп тұрамын.

Шуақ шашып бәріне,

Бала жанын ұғамын.

 Бұлттар:  

Біз бұлттармыз,  бұлттармыз

Қолымыздан ұстаймыз.

Көк аспанды торлаймыз,

Күнді жасырып қоршаймыз.

Жүргізуші:         

Көрінші бізге қымбатты күнім

Қуантшы бізді нұр шашып бүгін

Күн:         

Қуантар ем бұлттар мені қоршап алды,

Көк аспанды қара бұлттар торлап алды

Шуағымды шаша алмаймын мен жерге

Желді  шақыршы көмектессін сендерге.

Жүргізуші: Күзгі жел, тез келші мұнда қалыспа

Бұлттарды ұшырып, қушы өте алысқа

(Музыкамен жел келеді)

Жел:           

Мен күзгі желмін, өте жылдам желемін,

Бұлттарды алысқа қуу үшін келемін.

Бұлттар:Біз бұлттармыз, үлкейе береміз,  (шеңберді үлкен жасайды)

Ашуымызға тисеңдер,

Жаңбыр болып нөсерлетіп төгеміз.

Жүргізуші:     

Сұрғылт бұлттар! Біз сендерден қорықпаймыз,

Күнді сөндіре алмайсыңдар.

Күштіміз деп, мықтымыз деп

Мақтануды неге қоймайсыңдар?

Жел:  Балалар, бұлттар қанша мықты болса да олар желден қорқады. Сондықтан маған көмек керек, кәне бұлттарды үрлейікші, әйтпесе жалғыз шамам жетпейді.  (Бәрі үрлейді)

Бұлттар:  Ай, ай, ой, ой бізді қуып жатыр, қашайық.

                       (Жел бұлттарды қуып кетеді, күн қалады)

Жүргізуші:Мінеки балалар,  күзгі жел бұлттарды қуып әкетті. Ал шуақты күніміз ортамызда жарқырап тұр. Енді біздің мерекеміздің шырқын ешкім де бұза алмайды.
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар:Сәлеметсіз бе!
Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Жүргізуші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Біздің балалар Күз туралы өлеңтақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән: « Алтын күз»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар  балалар!Ал олай болса күз мезгілі туралы  тақпақтарымызды айтып берейік.

Елхан:

Алақай! Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты.

Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз.

Нұртілеу:

Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.

Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал, терек,
Жапырағын жұлғызып.

С.Айзере:

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызыл мидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылысберген сыйдай.

Айсана:

Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда.

Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.

Медина:

Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.

Айлин:

Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді

Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Айдина:

Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.

Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатамын күзді мен.

А.Димаш:

Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.

Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр етеді.

Би: «Қырманшылар»
Жүргізуші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.

Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық Күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістер жинайды.
Ойын: «Кім жылдам?»

Ойынның шарты: Жемістермен көкөністерді ажыратып жинау.
Жүргізуші: Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Көкөністер мен жемістерді дұрыс ажыратып жинадыңдар.

Жүргізуші:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге Күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.

-Келесі кезекте балалардың тақпақтарына берейік.

Алихан:

Кун суытып
Жапырақтар түседі.
Астық - жеміс жиылды.
Қамбамызға құйылды.

Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз,
Өлкеізге күз келді
Кемелдеисін халқымыз.

Аянат:

Жеміс мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген

Берекесі сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

Әмір:

Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан - алуан жапырақ
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жамырап

Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

Т.Айзере:

Сап-сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.

Жайдары күз,жомарт күз,
Аяулы күз,алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.

Нұрғали:

Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.

Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.

Мансұр:

Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.

Жеміс-жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.

М.Димаш:

Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.

Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.

Ән: «Біз алманы жақсы көреміз».
Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл-өрендерім! Міне,менің сыйлығым бір себет Күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.
Жүргізуші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.
Күз ханшайымы:
Берекелі бақ дәулет
Артта түссін тойланып.
Сау болыңдар, балалар,
Келгенше жыл айланып.
(Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді)
Қош бол,Күз ханшайымы.
Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.
Міне, балалар осымен «Жомарт күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін!

Тексерілді:

Бекітемін:

«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы»МКҚК

Меңгерушісі_________Конысова Н.А

Мерекелік ертеңгілік

«Жомарт күз»

Тәрбиеші:Қайрат Назерке

Музыка жетекешісі:Өмірбайқызы Айгүл

     «Болашақ»МАД тобы

Талғар қаласы, 2022-2023 оқу жылы.