Бекітемін:
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Меңгеруші:___________Конысова Н.А.
Республика күніне арналған
«Республикам менің-Қазақстан!»
атты тәрбие сағаты
«Жұлдыз»ересек тобы
Тәрбиеші:Жақсылық Ә
Аскарова Н
Талғар,2022-2023 оқы жылы
Тақырыбы: «25-қазан Республика күні»
Мақсаты: Балалардың туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.ҚР рәміздерін қайталап,еске түсіру.
Көрнекілігі: Ту, Елтаңба, ұлы тұлғалардың суреттерін ілу.ҚР картасының суреті.
І. Әнұран.
Тәрбиеші:
Ақжайық, Алтай арасы
Қазақтың шалқар даласы
Республикама қарашы!
Жерімнің дәні маржандай
Қырманы асқар таулардай
Республикама қарашы!
Шолсаң да биік аспаннан
Қарқырар кені тастардан
Республикама қарашы!
Шырқаған сайын тірегі
Республикама қарашы!
(Есік қағылады)
Елші:
- Өзі бұл жер қай ел екен, жөн сұрап білейін?!
Тәрбиеші:
- Сәлеметсіз бе? Сіз кім боласыз? Қателеспесем, біздің елге басқа жақтан келгенсіз - ау деймін.
Елші:
- Мен ел аралап жүрген елшімін. Сыңғырлаған балалардың күлкісін естіп, қай елдің бақытты балалары екенін білейін деп келдім.
Тәрбиеші:
- Олай болса, қош келдіңіз! Қазір бізде 25 қазан Республика күніне арналған тәрбие сағат өткелі жатыр. Балалардан сұрап біліңіз.
Елші:
- Сәлем, балалар! Сендер өте көңілді, әрі бақытты көрінесіңдер. Сендердің Отандарың, қасиетті мекендерің қай Республика?
Балалар:
- Қазақстан Республикасы.
Елші:
- Президент кім?
Балалар:
- Қасымжомарт Тоқаев
Елші:
- Отандарыңның астанасы қай қала?
Балалар:
-Астана қаласы.
Елші:
- Елдеріңіз өзінің қандай қасиеттерімен айбатты?
Балалар:
- Әнұран, Туы, Елтаңбасымен.
Елші:
- Өте жақсы. Осы елдің бақытты ұл - қыздары екендеріңді қалай дәлелдейсіңдер?
Алихан:
Әнұраным, жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Мәңгі - бақи шырқалады
Республикам, Әнұраным
Дос:
Елтаңбасы елімнің
Неткен көркем, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Аяна:
Жарасқан байрақтың мәні бар
Көк аспан, көк қыран сәні бар
Көк байрақ ашық көк кеңісін
Алтын күн – белгісі жеңістің.
Тапсырма: Елтаңбаның,тудың суреті беріледі.Балалар өздері қалаған (ермексаз,түрлі-түсті бояу,карандаш,түрлі-түсті қағаздар) алып суретпен жұмыс жасайды.
Тәрбиеші:- Балалар, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Отан үшін отқа түс, күймейсің»,- деп. Басқа да батыр ағаларымыз, апаларымыз «Отан» деп жырлаған, қорғаған, қастерлеген және Отан үшін өмірлерін қиған екен.
Біз де осы ата - апаларымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек. Отан үшін еңбек ету керек.
Тәрбиеші: Балалар, егер біз Отанымызды сүйетін болсақ, оның мемлекеттік тілін жақсы білуге міндеттіміз. Мемлекеттік тіліміз қай тіл?
Балалар:-Қазақ тілі
Елші:
-Сүйкімді балақайлар бүгін мен қойған сұрақтарға дұрыс жауап бергендеріңе көп-көп рахмет!Сендерге арналған сыйлықтарымды сендерге табыстайын
Тәриеші:-Елші сіз бізге қонаққа келгеніңізге көп-көп рахмет!Кәнекей балалар елшіге рахмет айтайық.Елші өз еліне кетуі керек.Сау болыңыз!
Тәрбиеші:
Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін.
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Жаса – жаса мәңгіге туған елім.
25 Қазан-Республика күніне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.
