«Бекітемін»
«№7Айгөлек бөбекжай -балабақшасы» МКҚК
меңгеруші_________________Н.А.Қонысова
25 қазан Республика күніне арналған
Тақырыбы: «Республикам менің – Қазақстан!»
тәрбие сағаты
Тәрбиешілер: Бекболова Н.
Толымбекова Д..
«Ақбота» ересек тобы
Талғар қаласы, 2022ж
Тақырыбы: «Республикам менің – Қазақстан»
Мақсаты: Балаларға аға ұрпақтың ерлік істерін үлгі ете отырып, Отанын, елін сүюге деген патриоттық сезімдерге баулу. Тәуелсіздікті сақтап,Отанды, елді, жерді қорғауға және көркейтуге деген жауапкершілік сезімдерін ояту.
Болашаққа сенімдерін қалыптастыру, саналы да білімді азамат болуға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: - Армысыздар, құрметті ұстаздар мен балалар, бүгінгі мерекеміз Республика күніне арналған тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
Гимн.
І. Гимн орындалады.
Тәрбиеші:
Қайырлы күн, кұрметтi достар!
Республика! Ерiктi ел Қазақстан!
Келдi ақыры көптен күткен жаз алыстан,
Келдi аңсатып, алыстатып, армандатып.
Гиорды бұзған, мен де бiр аз арыстан
Ақжайық, Алтай арасы
Қазақтың шалқар даласы
Республикама қарашы!
Жерімнің дәні маржандай
Қырманы асқар таулардай
Республикама қарашы!
Шолсаң да биік аспаннан
Қарқырар кені тастардан
Республикама қарашы!
Шырқаған сайын тірегі
Республикама қарашы!
- Бүгінгі біздің 25 қазан Республика күніне арналған «Республикам менің - Қазақстан!» тәрбие сағатымызды бастаймыз.
- Сендердің Отандарың, қасиетті мекендерің қай Республика?
Балалар:
- Қазақстан Республикасы.
Тәрбиеші:
- Президент кім?
Балалар:
- Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тәрбиеші:
- Отандарыңның астанасы қай қала?
Балалар:
- Астана қаласы.
Тәрбиеші:
- Елдеріңіз өзінің қандай қасиеттерімен айбатты?
Балалар:
- Әнұран, Туы, Елтаңбасымен.
Тәрбиеші:
- Өте жақсы. Осы елдің бақытты ұл-қыздары екендеріңді қалай дәлелдейсіңдер?
Тақпақ айтасыңдар ма?
1. Алинұр:
Әнұраным, жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Мәңгі - бақи шырқалады
Республикам, Әнұраным
2.Айсұлу:
Елтаңбасы елімнің
Неткен көркем, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
3.Нұрайым:
Жарасқан байрақтың мәні бар
Көк аспан, көк қыран сәні бар
Көк байрақ ашық көк кеңісін
Алтын күн – белгісі жеңістің.
Тәрбиеші:
- Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін біледі екенсіңдер.
Онда Отан дегеніміз не?
Балалар:
- Отан дегеніміз біздің әке-шешеміз, туған туыстарымыз, ауыл қалаларымыз, өзіміз туып-өскен жеріміз.
Балалардың өлең жолдарын тыңдап көрейік.
Айым:
Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың
Отан - өлкең, астанаң
Отан – аудан, ауылың.
Айсана:
Отан – атам, Отан - әкем
Осы сөзім қате ме екен?
Қате болса неге біздер
Дейміз оны атамекен.
Тәрбиеші:
- Балалар, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Отан үшін отқа түс, күймейсің»,- деп. Басқа да батыр ағаларымыз, апаларымыз «Отан» деп жырлаған, қорғаған, қастерлеген және Отан үшін өмірлерін қиған екен.
Біз де осы ата-апаларымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек. Отан үшін еңбек ету керек.
- Сендердің еңбектерің – сендердің жақсы оқығандарың, тәртіпті бала болғандарың. - Сонымен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтайық.
Қорытынды: Балалардан сұрақ-жауап арқылы түснгендерін сұрайды. Марапаттау мақсатында жұлдызшалар беріледі.
