Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Бекітемін»
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Меңгеруші______________Конысова Н.А.

«Республикам менің-Қазақстан!»

атты тәрбие сағаты

 Тәрбиешілері: Мыркасымова.

М Токсейтова.А 

 «Бөбек» кіші  тобы

Талғар, 2022-2023 оқу жылы

Тақырыбы: «Республикам менің – Қазақстан!»

Мақсаты: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру. Балалардың патриоттық және адамгершілік сезімін ояту, «Отан»  туралы түсініктерін кеңейту. Туған жерін сүюге, қадірлеуге үйрету.

Көрнекілігі: Қазақстан картасы, суреттер, слайдтар,

белсенді тақта.

Шаттық шеңбер:

Балалар шаттық шеңберіне тұрады, барлығы бірге қосылып айтады.

Біз Қазақтың баласы,

Дені сау салауатты.

Біз-ұлттың болашағы,

Білімді де сауатты.

Сәлеметсіздерме балалар! Мен сендерге өзіммен бірге айларымды ерте келдім. Бізге қонаққа күздің қыркүйек, қазан, қараша айлары келіпті. Осы айлар ішінен қазан айына сөз берсек. Менің атым- қазан. Күзгі жиын-терінің соңғы айымын, еңбекқор елді той- думанға кенелтемін. Балалар қазан айында қандай мереке күндер барын білесіңдер?Балалар:- Ұстаздар күні,-Қарттар күні, – Республика күні.Олай болса балалар! 25-қазан Республика күніне арналған «Республикам менің-Қазақстан» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Гимн орындалады.

Тәрбиеші: Балалар арайлаған таңды сүйетін кім? Біз Алтын сәулені сүйетін кім? Біз Ата-ананы сүйетін кім? =Біз =Досын сүйетін кім? =Біз Болашағы елімнің кім? Біз Адамның туып өскен жері, туған-туысқандары, біз тұратын жер - атамекен.    Балалар біздің отанымыз қалай аталады?

-Біздің отанымыз Қазақстан.

Еліміздің астанасы қалай аталады?

-Еліміздің астанасы- Нұр-Сұлтан қаласы.

Біздің Президентіміз кім?

Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

Ту, Әнұран, Елтаңба.

Балалар біздің елімізде көп ұлт өкілдері тұрады,кәне соларды атап айтайықшы: орыстар, өзбектер, қырғыздар, татарлар, немістер. Иә балалар дұрыс айтасыңдар әр түрлі көп ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тұрады екенбіз. Балалар кәнекей әр ұлт өкілдері бір шаңырақ астында қалай тұратынын киіз үй құрып көрсетейік.

Кәне, кәне тұрайық, Сол қолымды көтердім,

Киіз үй біз құрайық. Уықты мен көтердім.

Оң қолымды көтердім, Киіз үйді тұрғыздық,

Уықты мен көтердім Жұмысты біз тындырдық.

Шығармашылық жұмыс.

Бәйтеректің бейнесін түрлі-түсті қағаздардан құрастырып жабыстыру.

-Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді,тәртіпті болуымыз. Енді балалар тәрбиеленіп жатқан бала бақшамыз туралы тақпақ айтып жіберейік.

Бала бақша есігін,

Екіге тола ашқанбыз.

Балапандай өсіріп

Мәпелейді бақшамыз.

Балалар бүгінгі тәрбие сағаты ұнады ма?

Құрметті қонақтар, балалар осымен Республика күніне арналған

«Республикам менің-Қазақстан!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.