«Бекітемін»
«№7Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
меңгерушісі____________ Конысова Н.А.
Ұстаз мерекесіне арналған
«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!»
атты ертеңгілігі
Тәрбиешілер: Бекболова Н.
Толымбекова Д.
«Ақбота» ересек тобы
Талғар қаласы, 2022ж
Тақырыбы: «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!»
Мақсаты: Ұстаз туралы мағлұматтарын кеңейіп, ұстазды сыйлауға, бағалауға үйрету. Балалардың өз ойларын айтқызып, тақпақ, өлеңдерін айту арқылы есте қалу қабілеттерін дамыту. Балалардың тілдік байлықтарын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ұстаздың кім екенін түсінеді;
Игереді: шығармашылық жұмыспен айналысуды біледі;
Меңгереді: сөйлеу дағдыларын қалыптастырады;
Көрнекіліктер: мерекелік безендіру, тақырыпқа сай суреттермен жұмыс.
Шаттық шеңбері:
Аралап таң атты,
Күн шапағы шашылды.
Сәлеметсіздер ме, балалар?
Сәлеметсіздер ме, апайлар?!
Тәрбиеші: - Мектептің тірегі, әрі жүрегі ұстаз. "Ұстаздық еткен жалықпас,
үйретуден балаға"-депАбай атамыз айтқандай «Ұстаз» сөзі ұлағатты есім, шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан-теңіз. Алдымызда отырған балалардың бір-бір кірпіш болып қалануы, осы ұстаздардың арқасы.
Сондықтан да осы тәрбие сағатымызды ұстаздарға арнаймыз. Сіздердің
шәкірт тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін!
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке.
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді,
Өмір - думан, бақ әкелсін мереке!
"Ұстазым – Ана!" әнін қабыл алыңыздар.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар, жанды ұғып?!
Ұстаз деген ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – дегендей ұстаздарға арналған тақпақтарымыз бар.
Керей:
Ұстаз деген жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген анасы ол адамның.
Жәнібек:
Бүкіл адам мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың!
Балалардың жаттаған нақыл сөздерін тыңдайық:
Каусар:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Айерке: Ұстаз деген ұлағатты сөз.
Ернұр: Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы.
"Ұстазым" әні орындалады. Топ балалары орындайды.
Тәрбиеші:
Ұстаздар ұлттық тірегі,
Ұстаздар мектеп жүрегі.
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі.
Хан бол мейлі, қара бол,
Дарын бол мейлі, дара бол.
Өтетін бәрі алдынан,
Ұстаздар бейне сара жол.
Құрметті ұстаздар, балалар! Ұстаздар күніне арналған "Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!" атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын!
Білімімен суарған шәкірттерін
Төл мерекең ұстаздар, құтты болсын!
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Балалардың өнерлері өрге жүзе берсін!