«Бекітемін»
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Меңгеруші ________________ Конысова Н.А.
Ұстаздар күніне арналған атты тәрбие сағаты
Тақырыбы : «Ұстазым менің,ұстазым !»
«Жас қанат» МАД тобы
Тәрбиеші : Тлеубаева Ж.
Талғар оқу жылы 2022-2023
Тақырыбы : «Ұстазым, менің ұстазым !»
Мақсаты: балаларға ұстаздар, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.
Міндеті: баланың санасында ұстазды тұлға ретінде қалыптастыру және ұстаз еңбегін дәріптеу.
Күтілетін нәтиже :
Игереді: Ұстаздар күніне арнаған мерекені насихаттау
Меңгереді : Өз ойларын жеткізе білуге баулу, тақпақ, өлеңдерді жатқа билуі.
Қолданады : Балалардың ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.
Тәрбиеші
Оқымысты білгіш ғалымнан,
Оқушы жас жалыннан.
Отандық жас – кәріден,
Оқушының бәрінен,
Бәрі:
— Ұ С Т А З Д А Р Ғ А М Ы Ң А Л Ғ Ы С
Тәрбиеші :
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
Құттықтау сөз оқушыларға беріледі, әсем ән орындалады
Балалар :
Аяла
Таудай биік талабым,
Таңдап білім аламын.
Ғарышкер боп ғарышқа,
Жол салуды қаладым.
Айшабиби
Отанның, ел – ананың,
Мақтанышы боламын.
Туған елдің көгінде,
Жұлдыз болып жанамын.
Кәусар
«Ел сенімін ақтайды»,
Деп ұстазым мақтайды.
Мұғалімнің әр сөзін,
Көкейімде сақтаймын.
Алихан :
Басталғанда үзіліс,
Балалар шу көтерді.
Қым – қуыт бір қызық іс,
Бір мектепке жетерлік.
Тәрбиеші
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің - мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да.
Тәрбиеші :Ортаға мың бұралған бишілер шығып «Қара жорға » биін билейді
Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңді ықыласпен тыңдап, пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан - жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.
( Ортаға жеті бала шығады қолдарында шарлары бар)
М - мейірімді
Ұ - ұлағатты
Ғ - ғазиз
А - ақылды
Л - лайықты
І - іскер
М – маман
Үйретіп бізге алғаш «ӘЛІППЕНІ»,
Мұғалім ғылымға жол салып берді.
Адамның ой – арманы, мақсаттары
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, міне бүгін «Жас қанат» тобында Ұстаздар күніне арнаған құттықтау кешімізді бастайық. Ұстаздарға төл мерекелеріңіз құтты болсын, көңілдеріңіз ашық аспан сияқты таза болсын, Бүгінгі ел басқарған азаматтар, білім алған сіздердің арқаңызда.
Тәрбиеші : Балалар, сіздер ұстаздарды сыйлап мерекесіне орай бір сыйлық жасап берейік. Қолдан жасалған құмыра.
Қорытынды:
Балалар бүгінгі күн – қандай мереке екен?
Ұстаздар кімге сабақ берген?
Балдырғанның көріп шаттық жүзінен.
Мейіріммен шапағым боп тізілген
Кеше ғана менде шәкірт болып ем,
Келем бүгін ұстаздардың ізімен – дей келе сөз кезегін ұстаздарға берейік.
Тексерілді:
Тақырыбы: «Ұстазым менің,ұстазым !»
Мақсаты: Балалардың ұстаздарды, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеуге, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу. Білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу.
- Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған «Ұстазым менің ұстазым» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
- Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол – мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы.
Тәрбиеші :
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!
Тапсырма
Тапсырмада сөйлем жасырылған, сол қимылды сипаттап мағынасын ашуы керек.
№1
-Мұғалім, кешіріңіз! Мен бүгін сабаққа дайын емеспін!
-ах, ах! Саған енді не істеу керек?
№2
-апа, маған, Нұргүл апай екі қойып берді. Барып ұрысшы!
-Ой, ботақаным-ай, ертең-ақ жойып аларсың, демала ғой!
№3
-апай, кешіріңіз, кіруге болады ма? Ұйықтап қалыппын.
-сабақтың басталғанына жарты сағат өтті.
-кешіріңіз, кеше түні бойы «Ну, погоди» көріп едім.
№4
-Ата, ата! Мына күнделікті бұрышқа қойшы.
-Балам, неге?
-Өйткені ол, қазақ тілінен екілік алды
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін
Хор: «Ұстазым» әні
Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
«Ұстазға көрсетілетін құрмет»
1. Ұстаз кіргенде құрмет ретінде түрегелу.
2. Ұстаз алдында отырғанда тәртіп сақтау.
3. Сұрақтарға қолын көтеріп жауап беру.
4. Ұстаз айтқан ақыл кеңесің тыңдау.
5. Ұстазға жол беру.
6. Ұстаз берген тапсырмаларды мүлтіксіз орындау.
7. Ұстаз алдында бей - берекетсіз күлмеу.
8. Ұстазды сабақтан бос уақытта қадірлеу.
Олай болса осы ойымды шынайы деп сезінуіме әсер етер
Ұстаз деген - ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің әр шақтарын қиғандар.
Би: Буги буги
Қорытынды бөлім.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік кешіміз мәресіне жетіп, сіздермен қоштасамыз.
Тексерілді :
Тақырыбы: «Ұстазым менің,ұстазым !»
Мақсаты: Балалардың ұстаздарды, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеуге, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу. Білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу.
Тәрбиеші :
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!
- Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ата- аналар, ұстаздар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында 4 сыныптар арасында өткелі отырған «Ұстаз – ұлы есім» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
- Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол – мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы.
1-жүргізуші:
Ия, бүгін сол, мектептің айнасы, бәйтерегі, ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса, бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.
2-жүргізуші:
Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы...
БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!
Балалардың тақпақтары
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
2- жүргізуші:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
1- жүргізуші:
Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берейік.
1-оқушы:
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
2-оқушы
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың
3-оқушы:
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.
4-оқушы:
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар
5-оқушы:
Мұғалім-ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
6-оқушы:
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.
2-жүргізуші:
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
Ән: «Ұстазым» Орындайтын:
1-жүргізуші:
Ұстаз - шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау - адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
2- жүргізуші:
- Ия, расымен де, солай ғой. Ал ендеше осындай жүректі де сабырлы жандармен сыр-сұхбат жасасақ қайтеді, достар? - Әрине жасайық.
- Мына гүлдерді алуларыңызды сұраймыз. Кімнің гүлінің ішінде «Сыр – сұхбат» деп жазылған сол ұстазды ортаға шақырамыз.
«Сыр – сұхбат» сұрақтары:
1. Ұстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?
2. Кешегі өзіңіз оқыған мектебіңіз бен қазіргі мектепте қандай өзгерістерді байқайсыз?
3. «Ұстаз - мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?
4. Сабағыңызда оқушыңыз ұйықтап қалған кезі болды ма?
5. Оқушы кезіңізде сабаққа кешігіп келген кезіңіз болды ма? Болса сол туралы есіңізде ме?
6. Неліктен осы мамандықты таңдадыңыз?
7. Жас кезіңіздегі армандарыңыз орындалды ма?
8. Ұстаздық өміріңіздегі жарқын белестер жайлы айтып берсеңіз.
9. Қазіргі өмірді жаңадан бастау мүмкіндігі туса, оны өзгертер ме едіңіз?
10. Егер сіз ұстаз болмасаңыз, басқа кім болуыңыз мүмкін еді?
Жүргізуші:
- Көп рахмет сізге, біздің көкейіміздегі сұрақтарға жауап бергеніңізге ризамыз. Олай болса, осы сыр-сұхбаттан қандай әсер алдыңыз, соны мына "смайликтер" арқылы көрсетіп, қайталап берсеңіз дейміз. Және бір өтініш, сізге ұнаған сұрақты қойған оқушыға мына сыйлықты қолтаңбаңызбен табыс етсеңіз дейміз.
(қонақ берілген сыйлыққа өз қолтаңбасын қойып, оқушыға табыс етеді)
1- жүргізуші:
Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
2- жүргізуші:
Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар- деп оқушылар құттықтауына кезек берейік.
Ақнур
Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында
Саида
Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!
Інжу
Оқушы алға ұмтылып, шегінбей мен,
Сен ұялдың кір болса менің жейдем.
Жақсылыққа бастайтын күлімсіреп,
Көз алдыма қазір тұр сенің бейнең
Тасмин
Алғаш рет оятқансың санамды,
Алғаш рет ұстатқансың қаламды.
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды.
Даяна
Ұстаз бізді білім беріп өсірген
Қатемізді әрқашанда кешірген
«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.
Дарина
Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,
Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.
1- жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын
2- жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Сарқылса мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.
Ән: «Ұстазым»
Орындайтын: Хор
Оқушылар кезектесіп айтады:
М -мейірімді, Ұ- ұлағатты, Ғ-ғазиз, А-ақылды, Л- лайықты, І-іскер, М- маман Бұл кім, балалар? Әрине - МҰҒАЛІМ
Жүргізуші:
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осымен ұстаздар күні мерекесіне арналған «Ұстаз – ұлы есім» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
Тексерілді :
Тақырыбы: «Ұстазым менің,ұстазым!»
Мақсаты:
1 Ұстаздар күніне арнаған мерекені насихаттау
2 Өз ойларын жеткізе білуге баулу, тақпақ, өлеңдерді мәнерлеп оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік: шарлар, жалаушалар, суреттер.
Қіріспе
«Мектеп - білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі»
Алдын ала орындалатын жұмыс: Ашық хаттар дайындау.
Гимн орындалады.
Жылулық шеңбері: Балалар шеңберге тұрып
Қайырлы таң, алтын күн !
Қайырлы таң жер ана
Қайырлы таң достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Қуанамын менде, қуанасың сенде,
Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге.
Бүгінгі күніміз сәтті өтсін! - деп
жылулық шеңберін жасайды.
Топтан ортаға жарып шығып
Парасат : Кел, балалар,
Ән салайық
Ұлағатты Ұстаздар күнін
Қуанышпен қарсы алайық
Балалардың бақшасында бүгін той,
Ұстаздардың күні бүгін біліп қой.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, міне бүгін «Күншуақ» тобында Ұстаздар күніне арнаған құттықтау кешімізді бастайық. Ұстаздарға төл мерекелеріңіз құтты болсын, көңілдеріңіз ашық аспан сияқты таза болсын, Бүгінгі ел басқарған азаматтар, білім алған сіздердің арқаңызда.
Тәрбиеші : Тақпақ айтып, кезектесіп, бір бірлеп
Кел қосылып ән шырқайық би билеп
Медина : Қашанда елгезек,
Ұстаздар сияқты.
Өсемін мен де өжет
Бала боп ұятты.
Алдияр: Болды кезім мақтаған
Болды кезім ұқпаған
Болды кезім ұстаздың
Ойынан дәл шықпаған.
Тәрбиеші: балалар өнерлеріңе тәнтіміз. Осы ұстаз деген - кімдерге сабақ берген. Әншіге де, жыршыға да, жүгізушіге де, президентке де, бишіге де сабақ берген. Әрбір маман иесі осы Ұлы ұстаздың алдынан өткен. Қане тағы қандай өнерлерің бар.
Би : Қара жорға
Айзере Ұстаздардың анасы
Балалардың панасы
Ұстаздарды сүйеміз
Әдеппен бас иеміз..
Хормен: Бала бала баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні бойы қызыққа
Батамызда қаламыз.
Санамақ
Кел санайық санамақ,
Саусақтарды даярлап.
Бас бармағым алғашқы,
Балан үйрек жалғасы.
Ортан терек кезекші,
Шылдыр шүмек көмекші.
Шынашағам балапан,
Бәріне ортақ алақан
Аруна: Халқым жетсін мұратқа,
Ұстаздарды ардақта
Тәрбие жолын бастағын,
Ұстаз деген асқақ ән.
Айым: Адал жақсы ниетпен
Бар ұстазға бақ тілеп
Жарып шыққан жүректі
Сөздің бәрі ақ тілек.
Білімнің бұлағы
Айзере :Ардақты мұғалім,
Білімнің – бұлағым.
Таусылмас сен жайлы,
Тасқынды жыр әнім.
Елдос : Қанатым талмайды,
Қиялым самғайды.
Ақын да, ғалым да,
Ұстазсыз болмайды.
Кәусар: Мереке күніңмен,
Құттықтап бүгін мен.
Ойыма ой қосам,
Сен берген біліммен.
Қортынды:
Балалар бүгінгі күн – қандай мереке екен?
Ұстаздар кімге сабақ берген?
Балдырғанның көріп шаттық жүзінен.
Мейіріммен шапағым боп тізілген
Кеше ғана менде шәкірт болып ем,
Келем бүгін ұстаздардың ізімен – дей келе сөз кезегін ұстаздарға берейік.
Тексерілді :
