Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Бекітемін»

«№7 Айгөлек бөбекжай- балабақшасы» МКҚК

меңгерушісі______________Конысова Н.А

 

атты  тәрбие сағаты

Тәрбиеші: Касенова А.

«Көбелек» ортаңғы тобы

Талғар қаласы, 2022-2023 оқу жылы

Мақсаты: Ұстаздың білім берудегі орны, оның адмагершілігі, мейірімділігі жайында балалардың ұғымын кеңейтіп, олардың ақыл-ойын дамыту, дүниетанымын,ығармашылық қабілетін арттыру, сондай-ақ мұғалімді құрметтеуге оның еңбегін бағалап, жақсы жақтарын үлгі етуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ұстаз туралы мазмұнды суреттер, бейне-сюжет.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, тақпақтар мен мақал-мәтелдер, ойын.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше күн! Күндегіше шаттық шеңберіне жиналып, көтеріңкі көңіл-күйде  достарымызбен амандасайық.

Шаттық шеңбері: Қайырлы таң, ұстазым!

                                 Қайырлы таң, достарым!

                                 Шеңберге тұрайық,

                                 Жылулық сыйлайық.

 -Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын жұмбақ жасырғым келіп отыр.

    Білім нәрін тереді,

    Балаға тәлім береді.

    Ол кім? (Ұстаз)

-Балалар, тәрбие сағатын Ғ. Қайырбековтың «Ұстаз» туралы өлең жырларымен  бастағым  келіп  тұр.

 Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

 Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.

 Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

 Азбайтұғын адамның алтындығы.

-  Балалар, өлеңде кім туралы айтылған?

-  Бұл суретте кімнің суреті бейнеленген?

-Ұстаз деген аяулы да, асыл жан. Ұстаз - әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін ардақты тұлға. Балалар, барлығымыз мына бейне-сюжетке назар аударайық.

Бұл Ы.Алтынсарин атамыз Қазақ жеріне ең алғаш білім жарығын сыйлаған тұлға. Қазақ балаларына ең алғаш білім ошағы – мектеп ашқан. Оның көптеген балаларға арналған өлеңдері, әңгімелері бар.

     -Ал енді балалар, балабақшадағы ұстаздардың сүйікті де, сүйкімді балалармен өткізген қызықты сәттеріне назар аударайық. (видеоролик көрсету.

   -Балалар, балабақша - білім мен тәрбие ошағы. Балалардың  өмірге көз-қарасын, бір-біріне деген сый-құрметін, адамгершіліктің нұрын төгіп, жақсы қаситтерді бойына дарытып, аялап, аянбай тәрбиешілер еңбек етеді.

- Балалар, «Ұстаз» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Ұстаз туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Сафия:   «Қош келдің» деп, балдырған,

                  Күліп шыққан алдымнан.

                  Шексіз сеніп ата-ана,

                  Балаларын қалдырған.

Афина:  Жүзің жылы, құшағың кең,

                  Сенен түлеп ұшамын мен.

                  Өзің берген біліміңмен,

                   Биіктерге шығамын мен.

 Алинур:      Бар баланың сенгені өздеріңіз,

                   Сол сенімді ақтаумен өрледіңіз.

                  Құтты болсын ұстаздар, әрбір жылың,

                  Жана берсін, жасампаз еңбегіңіз.

-Жарайсыңдар, балалар! Балалар, бой жазып, денемізді бір сергітіп алайық.

Сергіту сәті:  Міне, мынау – оң қол,

                        Міне, мынау – сол қол.

                        Шапалақты соғайық,

                        Топылдатып билейік,

                        Міне, мынау – оң аяқ,

                        Міне, мынау – сол аяқ.

                        Топ-топ-топ-топ басайық,

                        Жаттығуды жасайық.

-Балалар, ұстаз туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

  1. Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы.
  2. Ұстаз – ел мерейі.
  3. Ұстаз – ұрпақ мақтанышың.

-Жарайсыңдар, балалар!

- Балалар, ойын ойнағыларың келе ме?

Ойын: «Қажеттісін тап!»

Шарты: Үстелдің үстіндегі заттардың ішінен мұғалімге қажеттісін тауып, себетке салу.

Тәрбиеші:

- Балалар, сендерге бүгінгі тәрбие сағаты ұнады ма?

- Біз бүгінгі тәрбие сағатында кім туралы әңгімеледік?

- Ұстаз деп кімді айтамыз?

- Ол қандай қасиеттерімен ерекшеленеді?

 Ұстаздарымызға білім мен тәрбие жолындағы қиындығы мен қызығы мол, қадірлі де, қастерлі жұмыстарына әрқашан сәттілік тілейік! Осымен «Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.